Олигосахаридтер.
Олигосахаридтерге
(грек тілінен, олигос – аз)
молекуласы 2-10
ғана моносахаридтер қалдықтарынан тұратын, өзара гликозидтік байланыстармен
жалғасқан көмірсулар жатады. Құрамындағы моносахаридтер санына байланысты
олигосахаридтер – дисахаридтер, трисахаридтер т.с.с. деп жіктеледі. Олигосахаридтердің
ішінен табиғатта кеңінен таралғаны – дисахаридтер.
Дисахаридтер
деп екі біркелкі немесе әртүрлі моносахарид қалдықтарынан тұратын
қанттарды атайды. Дисахаридтер жеңіл гидролизденіп екі молекула моносахарид береді.
Дисахаридтер адам және жануарлар ағзасына қажет көмірсулардың бірі. Көп таралған
дисахаридтерге мальтоза, лактоза, целлобиоза және сахароза жатады. Олардың жалпы
формуласы С
12
Н
22
О
11
.
Дисахаридтер тотықсыздандыратын және тотықсыздандырмайтын болып екіге
бөлінеді. Тотықсыздандыратын дисахаридтерге мальтоза, лактоза және целлобиоза
жатады. Бұл дисахаридтердің бос гликозидтік гидроксил тобы болады, сондықтан
ерітіндідіе олар циклді (сақиналы) формасынан ашық тізбекті карбонилді формасына
ауыса алады, демек сақиналы-тізбектік таутомерияға ұшырайды. Осыған байланысты
аталған дисахаридтерге моносахаридтердің барлық химиялық қасиеттері тән, тотығады,
озазондар мен гликозидтер, сапалық реакциялар береді.
Мальтоза
α,D-глюкопиранозаның 2 қалдығынан тұрады. α,D-глюкопираноза
қалдықтары өзара α-1,4-гликозидтік байланыспен қосылады. Крахмал мен гликогеннің
гидролизденуі нәтижесінде алынатын аралық өнім болып табылады.
СН
2
ОН СН
2
ОН
О Н
Н
Н О
Н Н Н
ОН Н ОН Н
НО
О
ОН
Н ОН Н ОН
Мальтоза
Достарыңызбен бөлісу: