Студенттік ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары


ТƏУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН



Pdf көрінісі
бет25/42
Дата31.03.2017
өлшемі4,98 Mb.
#10682
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42

ТƏУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН.  
БҮГІНІ МЕН ЕРТЕҢІ 
Асылбек А 
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Иксанов С.Б 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
 
Əрбір  халықтың  жеке  халық  болып  қалыптасуы  үшін  көптеген  тарихи  кезеңдерді 
басынан  өткізуіне  тура  келеді.  Бұл  күрделі  процесс  бір  немесе  екі  ғасырдың  ішінде 
болмайды, халық болып қалыптасу бірнеше ғасырларды қажет етеді. 
Ұлттық  сананың  қалыптасу  үрдісін  күшейтудегі,  өркениетті  азаматтық  қоғам 
негіздерін күшейтудегі тарихымыздың тағдырлы кезеңіндегі ең қуатты жемісті құрал – қазақ 
халқының  ұлы  бабаларының  мұрасына  назар  салу.  Сондықтан,  ежелгі,  бай,  дана  жəне 
ақындық  тілге  деген  мемлекеттік  жəне  бүкілхалықтық  қамқорлық – əрқайсысымыз  үшін 
асыл парыз. 
Тəуелсіздік!  Бұл – талай  ғасырлар  бойы  ата-бабамыздың  асыл  арманы  еді.  Сол 
арманға біз жеттік, Тəуелсіз Қазақ елінің көк байрағын желбірете көтергенін біз көрдік, туған 
елдің  жалғанның  жалпағына  танылғанымен,  оның  аузын  айға  білеген  небір  алпауыт 
елдермен  терезесі  тең  болғанын,  əлемдегі  айдарынан  жел  ескен  елу  елдің  бірі  болып,  енді 
озық отыз мемлекеттің  бірі болуға меже белгілегеніне куə болдық. 
1991  жылы 16 желтоқсанда  «Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  тəуелсіздігі 
туралы» 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциялық 
заңы 
қабылданды. 
Заң 

166 
қабылданғанынан бастап елдің тəуелсіз даму жолы басталды. Оның мазмұнында ұлттардың 
өзін-өзі басқару құқығы, жеке тұлғалардың құқығы мен бостандығына басымдық беру, саяси 
тұрақтылық,  билікті  бөлісу,  ұлтаралық  келісім  т.б.  іргелі  демократиялық  қағидалар  көрініс 
тапты [1,107 б.]. 
Тəуелсіздік  жарияланған  күннен,  күні  бүгін  жиырма  бес  жыл  толып  отыр.  Бүгін, 
тəуелсіздігіміздің  бағасыздығына  көзіміз  жете  отырып,  халықаралық  тоғыста  орналасқан 
қазақстан  Республикасының  əлемдгі  елдермен  қарым-қатынастарының  дамуын  бақылап 
отырмыз.  Сүйікті  Отанымыз  Қазақстан – бүгін  халықаралық  қоғамдастықтың  белсенді, 
танымал, құрметті мүшесі. Бұл жоғары мəртебе ұлтына лайықты əр ұлынан, сонымен қоса əр 
деңгейдегі депутаттар мен əкімдерден, үкімет мүшелерінен Отанның бүгіні мен ертеңі үшін, 
сүйікті  Қазақстанымыздың  дамуы  үшін,  сонымен  қатар  əлемдік  аренада  оның  үнінің қатты 
шығуы  үшін  үнемі  күш  жұмсауды  талап  етеді.  Отан  үшін  жауапты  болуға  əрқайсысымыз 
адал  еңбектеніп,  жемісті  күш  жұмсап,  үлкен  жауапкершілік  пен  мықты  ерікке,  ұлттық 
намысқа, жоғары білімділікке, таза ниетке ие болуымыз қажет [2, 164 б.].  
Бағасыз  ұлттық  игілігіміздің  қасиетті,  мінсіз  жəне  əрқашан  тұрақты  тəуелсіздігін 
сақтау – мемлекеттің  мақсаты  жəне  Қазақстанның  əр  саналы  жəне  адал  азаматының 
миссиясы.  Тəуелсіздік  пен  егемен  мемлекетті,  əлемді  нығайту,  тұрақтылық  пен  ұлттық 
бірлікті,  жоғары  отаншылдық  сезімді,  рухани  қырағылықты,  ұлттық  құндылықтар  мен 
мемлекеттік  нышандарды  қорғау – нағыз  азаматтық  қоғам  құруға,  мықты  экономикалық 
жəне  əлеуметтік  дамуға,  стратегиялық  жоспарлар  мен  мақсаттардың  іске  асуына  бізді 
толықтай  бағыттайды.  Тəуелсіздік  пен  оның  жетістіктерін  нығайту  бізді    халықтың  тарихи 
санасын,  этикалық  жəне  мəдени  құндылықтарын  қалпына  келтіру  мен  тілдің,  əдебиеттің, 
ғылымның, мəдениеттің, ағарту мен білім берудің дамуына көп күш салуға итермелейді. 
Қазақстан  Республикасы  статистика  агенттігінің  мəліметі  бойынша, 2000-шы 
жылдарда елде 48 театр, 62 концерттік ұйымдар, 3539 кітапхана, 154 мемлекеттік мұражай, 
2259 клубтық мекеме, 8 тарихи қорық-мұражай, 42 демалыс саябағы қызмет етті [3, 127 б.]. 
Əрине  олар  өте  орынды.  Бірақ  жағымды  жағымен  қатар  жағымсыз  шетелдік 
мəдениеттің  жаппай  енуі  де  орын  алды.  Зорлық  пен  қаталдықты,  əдепсіздік  пен  бос  сөзді 
насихаттайтынсапасы  төмен  реалити  шоулар,  кинофильмдер  барлық  теледидарды  жаулап 
алды, мұның барлығы жас буынды батыс мəдениетіне еліктеуге үйіріп алды. 
Елбасы  дəстүрлі  жолдауында  өркениетке  қадам  басқан  Еліміздің  төл  мəдениетін 
насихаттауда баса айтты. Ал ғасырлар бойы қалыптасқан мəдениетіміз – бай тарихымыздың 
көрсеткіші.  Сол  арқылы  біз  бүгінгі  заман  сұранысына  лайық  жаңа  тұрпаттағы 
мемлекеттігімізді  өз  дəрежесінде  көрсете  аламыз.  Яғни,  бүгінгі  Қазақстан  Республикасы 
аталатын  мемлекетіміз – ХV  ғасырда  өмірге  келген  Қазақ  хандығының  тарихи  жалғасы. 
Кешегі  Алаш  зиялыларының  өз  өмірін  арнаған  асыл  армандарының  орындалғандығының 
көрінісі. Біздің төл тарихымызда жас ұрпақ санасында мақтаныш сезімін туғызатын өнегелі 
істер жетіп артылады. 
Тарихтан  белгілі,  Мəңгілік  ел  идеясының  бастауы  халықтың  асқақ  арманымен 
үндесіп,  тамырын  тым  тереңнен  алады.  Нақтылы  деректерге  сүйенсек,  осыдан 13 ғасыр 
бұрын  Тоныкөк  абыз  «Түркі  жұртының  мұраты – Мəңгілік  ел»  деп  өсиет  қалдырған  екен. 
Енді сол  Мəңгілік ел – Тəуелсіз  Қазақстанның ұлттық идеялогиясына, басты темірқазық – 
бағыт-бағдарына айналып отыр.  
Əрине, Қазақ жерінде бұдан бес жарым ғасыр уақыт бұрын да біздің ата-бабаларымыз 
тұрған,  ұрпақ  өсірып,  басты  байлық – туған    жерімізді  өздерінің  кейінгі  ұрпағына  аманат 
еткен [4, 167 б.]. 
«Мəңгілік  ел -2050» жобасы,  ел  тарихындағы  біз  аяқ  басатын  жаңа  дəуірдің  кемел 
келбеті.  Басты  мақсат – Қазақстанның  ең  дамыған 30 мемлекеттің  қатарына  қосылуы. 
Алайда,  оған  бар  күш-жігерімізді  салып,  белсене    ат  салысуымыз  қажет.  Тəуелсіздік, 
мемлекеттік  нығым  деген  ең  кішкентайда  нəрселерден  бастау  алады.  2050 жыл..!  Осы  бір 
уақытты  көз  алдыға  елестеткенде  əрбір  азаматтың  ойына  ең  алдымен  туған  жерінің 
шарықтап өсуі келеді.  

167 
Алдыға  қойған  ұлы  мақсаттары  бар,  ертеңіне  сеніммен  қарайтын,  жастары  алғыр, 
жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мəңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Олай 
болса  Елбасы  салған  сара  жолдан  таймайық,  елдігіміз  бен  туған  тіліміз  мəңгілік  жасай 
берсін! 
 
Əдебиеттер тізімі: 
1.Қазақстанның жаңа тарихы І том. - Алматы 2012 жыл. 
2.Батыс Қазақтан облысы. Энциклопедия, - Алматы: «Арыс» баспасы, 2002жыл. 
3. Қазақстанның жаңа тарихы ІІ том. - Алматы 2012 жыл. 
4.Отырар,Энциклопедия.-Алматы: «Арыс» баспасы, 2005жыл. 
 
 
ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІНІҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ 
Əбетай Д. 
Ғылыми жетекші: гуманитарлық ғылымдар магистрі Жағыпар Ə.Б. 
Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы 
 
«Барша  халқымыздың  ең  басты  құндылығы – Тəуелсіздік!  Біз  –көшпенділердің 
ұрпағымыз,  ат  үстінде  жүрген  елміз.  Ержүрек  халықтың  жалғасымыз.  Естеріңде  болсын, 
тарихта  қазақты  ешкім  ешуақытта  жаулап  алған  жоқ.  Жаулап  алғысы  келгендер  ел  ішіне 
іріткі  салды.  Бүгінгі  тəуелсіз  елімізде  қазақтың  ішкі  бірлігі  сақталуға  тиіс.  Біз  бір  ұлтпыз, 
қанымыз бір, жанымыз бір». Қазақстан Республикасының Президенті, "Нұр Отан" ХДП 
Төрағасы  Н.Назарбаевтың  "Жас  Отан"  Жастар  қанатының II съезінде  сөйлеген  сөзі 
(Астана, 2012 жылғы 16 қараша) 
Бүгінгі  таңда  тəуеліздік  алғанымызға 25 жыл  толды.  Қазақ  елі  көркейіп  дамуда. 
Бəрімізге  мəлім  тəуелсіздік  бізге  қиын  жолмен  келді.  КСРО-ның  ыдырауына  жəне 
Тəуелсіздікке  жетуімізге 1986 жылғы  Желтоқсан  көтерілісі  ұлттық  тарихымыздан  ойып 
тұрып  орнын  алады. 30 жыл  бұрын  орын  алған  Желтоқсан  көтерілісі  толық,  жан-жақты 
зерттеуді  қажет  етеді.  Сондықтанда,  біздің  осы  мақаламызды  жазудағы  мақсатымыз – 
Желтоқсан көтерілісін зерттеудегі кейбір мəселелерге мəн беру жəне тарихтан тағылым алып 
жас ұрпақтың санасына сіңіру. 
Желтоқсан  көтерілісінің  зерттелуі  жайында  академик,  ғалым  Манаш  Қозыбаев: 
«Осыдан  он  жыл  бұрын 16-18 желтоқсанда  Қазақстан  астанасында  болған  қанды  шайқас 
халқымыздың тарихына тоң-тоң болған шері мен мұңы бар, қатпар-қатпар сыры бар күндер 
болып мəңгі хатталады. Алайда осы бір тарихи құбылыс пердесі əлі толық ашылмай келеді. 
Оның  бірнеше  себептері  бар.  Біріншіден,  бейбіт  демонстрацияға,  манифестацияға  шыққан 
шын  мəніндегі  реформатор  ұрпақтың  өкілдерін  қанға  бөктіру  процесіне  қатысқандар  əлі 
арамызда.  Екіншіден,  жүйе  алғашқы  жылдары  желтоқсан  қозғалысына  байланысты  негізгі 
деректерді  құртып  үлгерді.  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының  арнаулы 
комиссиясы  жүріп  жатқан  кезде  құжаттардың  бір  қатарын  Қазақ  ССР  Ішкі  істер 
министрлігінің  өртеп  жібергені  осының  бірден-бір  айғағы.  Біздің  пікірімізді  мына 
құжаттарда  растайды: «іс  жүзіндегі  маңызын  жоғалту  себепті,  жарамдылық  мерзімі  өтіп 
кетуіне  байланысты  «Метель»  операциясын  өткізу  кезіндегі  іс–қимыл  жоспары  (вх  №1095, 
27 бет) өртелу жолымен жойылды. Ішкі қызмет подполовнигі А.И. Калинин», – дейді [1, 108 
б.].  Құжаттар  өртеніп  кетті  деп    көрсеткенімен  қазіргі  биліктегі  желтоқсан  көтерлісіне 
қатысы  бар  шенеуніктер  кеткен  кезде  желтоқсан  оқиғасының  шындығы  ашылады  деген  ой 
түйюімізге болады. 
Желтоқсан көтерілісінің басты себептерінің бірі Д.А. Қонаевтың биліктен кетуі екені 
баршамызға  аян.  Бұның  өзі  əлі  толық  зерттелмеген  сияқты,  себебі  Қ.Т.Табеевтің  пікірі 
бойынша  «Пленум  Қонаевты  қызметіннен  «бірауыздан»  босатып,  Колбинді  бірінші 
хатшылыққа «бірауыздан» сайлады», – дейді [2, 12 б.]. Ал Т.Бейісқұловтың пікіріне сүйенсек 
«Пленум  Д.А.Қонаев  жолдасты  пенсияға  шығуына  байланысты  республика  Компартиясы 

168 
Орталық  Комитетінің  бірінші  хатшысы  міндетінен  босатты,  оның  орнына  Г.В.Колбин 
сайланды.  Ол  бұған  дейін  Грузияда  Ульяновскіде  істеген  хатшылық,  бірінші  хатшылық 
қызметін атқарған деп таныстырды», – дейді[3, 20 б.]. 
Желтоқсан көтерілісінің зерттелуінде сол уақыттың ағымымен тоталитарлық биліктің 
нұсқауымен  жүрген  шенділер  дұрыс  бағалай  алмады.  Билік  басындағылар  көтерліс  себебін 
біле  тұра: «СОКП-ның  бас  хатшысы  М.С.  Горбачевтің  елшісі,басқарушы  партияның  саяси 
Бюросының  мүшесі  М.С.  Соломенцев  бастаған  илеп-билеушілер  желтоқсанды  «ұлтшыл 
элементтер», «тобыр», «бұзақылыр», «арамтамақтар  жəне  қоғамға  жат  адамдар», «қайта 
құруға  қарсы  күштер», «маскүнем», «нашақор», «көргенсіз  бұзақылар», «шеттен  шыққан 
(махровый)  ұлтшылдық  деп  бағалады. 1986 жылы 18 желтоқсан  күні  СОКП-ның  саяси 
Бюросы  өзінің  мəжілісінде  «Алматыдағы  оқиғаға  байланысты  шарарлар»  туралы  қаулы 
қабылдады.  Сөйтіп,  қазақ  ұлтының  жас  реформатор  ұрпағының  қозғалысын  «оқиғаға» 
сайды. Амал нешік, бүкіл əдебиетте оның ішіне Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының 
арнайы  комиссиясының  шешімінде  де  Алматыдағы  желтоқсан  «оқиға»  болып  саналуына 
жүйе  осылай  жол  салды,  бағыт  берді.  Бірақ,  СОКП  Орталық  Комитеті  бұл  берілген  бағаға 
қанағаттанбады.1987  жылы  шілде  айында  қабылданған  арнайы  қаулысында  желтоқсан 
қозғалысы «қазақтардың орыстарға қарсы шығуы» деп, барша халыққа ұлтшылдық айдарын 
тақты.  Міне,  ол  осылай  өзінің  əлем  алдында  қарабет  екендігін  танытты», – деп  бағалады 
[1, 109 б.]. 
Желтоқсан көтерілісін тоталитарлық режим қазақ ұлтшылдығының көрінісі деп айдар 
таққанымен,  көтерілістің  куəгері  Эльмира  Чадаеваның  айтуынша  (К.Байсетова  көшесінің 
тұрғыны): «Ал,  менің  осы  оқиға  куəгері  ретінде  айтарым,  ешқандай  да  ұлтшылдықтың 
көрнісі болған жоқ. Егер, жергілікті халық өз басшыларының қазақ болмағаны үшін көшеге 
шықса,  онда  алаңның  жанында  тұратын  біз  сияқты  басқа  ұлт  өкілдерін  үйлеріне  аман 
өткізбес  еді  ғой» – дейді [2, 26 б.]  Бұл  қазақтардың  өзге  ұлт  өкілдеріне  соның  ішінде 
қарапайым орыс халықтарына тимегеніне дəлел болады. 
Желтоқсан  көтерілісіне  стихиялы  түрде  көтеріліске  шыққан  жастар  алаңға  аға  буын 
өкілдерін,  беделді  тұлғаларды  іздейді.  Соның  бір  дəлелі  желтоқсан  көтерілісінің  куəгері 
Сейіт  Əділханұлы,  троллейбус  жүргізушісі: «Мен  бұл  күні  кезекшілікке  түс  қайта  барушы 
едім.  Сағат  он  екі  мөлшерінде  «Балалар  əлемі»  дүкенінің  қасындағы  аялдамада  əріптесімді 
күтіп тұрып қалдым. Сол кезде Ленин алаңы жақтан жүз қаралы болар, қолында плакаттары 
бар  жастар  шыға  келді  де,  Жазушылар  одағы  үйі  алдына  барып  тоқтады. – Олжас!  Олжас! 
Шық  бері!  Халқыңды  шың  сүйетінің  рас  болса  тоқтат  мына  сұмдықты! – деген  дайыстар 
естілді» - деген мəлімдемеден түйетініміз, жастар Олжасты ғана емес басқа да ақындарды да 
іздеген  сияқты [2, 25 б.].  Себебі  жазушылар  үйі  жаққа  Олжасты  ғана  іздеп  баруы  мүмкін 
емес.  Жастар  өзін  осыншалы  құрбан  ететіндей  қайсар  жігерді  қайдан  алды,  деген  сұраққа 
тəуелсіздікке  жету  жолында  құрбан  болған  ұлт  қайраткерлерінің  өнегелі  істерін  үлгі  етіп 
алғандығы  туралы: «Алаш  зиялыларының  алдыңғы  жəне  кейінгі  буынының  ойлаған  ойы, 
іске  асырамын  деген  армандары  үзілмей  жеткен  тарихи  сабақтастық  арқылы  Қарағандыда 
«Елін  сүйген  ерлер  партиясы»,  Батыс  Қазақстанда  «Қазақ  халқын  қорғаушылар  одағы», 
Мəскеудегі  «Жас тұлпар», Керекудегі  «Жас ұлан», Хасен Қожа-Ахмет құрмақ болған «Жас 
қазақ»  секілді  ұйымдармен  жаңғырып  жəне  соңғы  Желтоқсан  көтерілісінің  қылмысымен 
асқақтады», –дейді [4, 79 б.]. 
Жастар Тəуелсіздікке жету жолында бір ғана себепті сылтау етіп жігерленді, жігерлері 
жасымай  қаншама  қиыншылықтарды  бастарынан  кешіірді.  Мəліметтерді  сараласақ: 
«Жазалаушылар көтерілісті қанды қырғынға ұластырды. Авантюраны өздері қолдан жасады 
да,  оларды  қанға  бөктірді.  Жедел  көмектің 20 бригадасы  сабылып,  қаланың  денсаулық 
мекемелеріне 540 жараланғандарды  əкелді, 204 адам  госпитальға  жатқызылды, 1700 адам 
жарақаттанды.  Ал  шын  мəнінде  емханаға  қорқып  көріне  алмағандар  саны  көрінгендерден 
бірнеше есе артық болуы мүмкін. Жоғарғы Совет Президиумының Комиссиясы ұсталғандар 
санының 8500 жуық  адам  екенін  анықтады.  Ал,  прокуратура 5324 адамнан  мемлекеттік 
қауіпсіздік  комитеті 850 адамнан  жауап  алған, 99 адам  сотталып, 2 екеуі  ату  жазасына 

169 
кесілген, 243 адам  бас  пен  мойыннан  жараланған.  Бұл  күрекпен  шоқпармен  сабалаудың 
нəтижесі  екені  айдан  анық.  Көптеген  адамдар  қолдарынан  жарақаттанған.  Олар  басын 
сақтап,  қолдарын  қалқан  қылған  сəтте  жазалаушылардың  қарулы  жіліктіде  сындырып,  не 
жарып  жіберген» – деген  автордың  ойынан  шығатын  қорытынды,  жастарға  арнайы 
қатыгездікпен жасалған жоспардың көрінісін көре аламыз [1, 125 б.].  
Осындай  үлкен  көтеріліске  қазақтар  ғана  қатысуы  мүмкін  емес.  Басқа  ұлттардан 
қанша адам қатысқаны белгісіз болғаны мен мынадай мəліметтерге назар аударуға тұрарлық: 
«Қанды  қырғынғы  қазақтар  ұшырады.  Милиция  бөліміне  əкелінген 2400 жастардың 2300 
қазақ  еді.  Хельсинки  тобы  госпитальға  жатқызылған 369 адамның 361 қазақ  екенің  атап 
көрсеткен. М.Есеналиев желтоқсанның бұрқасыны ұлттық сипат алғанын айтуы да осында. 
Сонымен  көшеге  демонстрацияға  шықан  ұлттың  жас  балауса  өкілі  бостандықты  аңсады, 
ұлттардың  өз  еркімен  жақтасуын  қалады,  ұлттың  озін  өзі  билеу  құқығын  жақтады,  ұлы 
державалық,  империялық  өктемдікке  қарсы  шықты.  Желтоқсан  күндері  қазақ  жастары 
бірыңғай өздері болған жоқ. 2400 милицияға əкелгендер ішінде, 25 орыс, 18 ұйғыр, 10 татар, 
7 қырғыз бары белгілі. Олар Желтоқсан идеясына сенген Қазақстан халықтарының өкілі. Бұл 
болса тоталитарлық команданың əкімшілік жүйеден жапа шеккен жалғыз қазақ емес, барша 
совет  халқы,  оның  ішінде  орыс  халқы  бар  екенін  көрсетеді.  Е.Евтушенко: « Никто  как 
русские,  так  не  спасал  других,  никто,  как  русские  так  сам  себе  не  губит» – дегені  əділ-ақ. 
Проблема жан жақты зерттеуді көрсетеді», – дейді [1, 129 б.]. Қазақ жерінде тұрып жатқан 
ұлттардың көтерілгенін көреміз.  
Бұл  көтеріліс  тек  Алматы  қаласында  ғана  болған  жоқ  сонымен  қатар  біршама 
Қазақстанның қалалары мен көршілес елдерде бұл көтерілістің ұшқыны болды: «Желтоқсан 
жаңғырығы алысқа жетті. Ұлттық ар-намыстың көрінісі əр жерде бұрқ бұрқ етіп, ернеуінен 
асып, ғаламат шерулерге ұласып, арты сатқан мен аяқталған оқиғалар белгі берді: Сумгант, 
Фергана, Жаңа өзен, Баку, Душанбе, Тбилиси, Ош болып жалғасты» [3, 134 б.]. 
Тəуелсіздік  жолында  қанша  хандарымыз,  қазақтың  соңғы  ханы  Кенесары  жəне  т.б. 
қаншама батырларымыз бен бағландарымыз көтерілістерге шықты. Жай ғана аңсап кеткенн 
жоқ  желтоқсан  көтерілісіне  қатысқан  жастарға  жəне  бізге  үлгі  көрсетіп  кетті.  Осы 
көрсетілген  үлгіден  желтоқсан  жастары  шабыттанып  Тəуелсіздікке  қол  жеткізіп,  Тəуелсіз 
Қазақстан  болып  қалыптасуымызға  жол  ашты.  Қазақстанды  бір  Алла  қолдап  бүгінгі  күні 
Тəуелсіздіктің 25 жылдығын  аман-есен  тойлап  отырмыз.  Қазіргі  дамыған  заманда,  даму 
үстіндегі Қазақстанды əлі үлкен белестер күтіп тұр. Қазақстан жан жақты даму үстінде, осы 
даму кезеңінде Желтоқсан көтерілісі əлі де жан-жақты, толық зерттеуді қажет етеді.  
 
Əдебиеттер тізімі: 
1.  Қозыбаев  М. 1986 – желтоқсан:  дақпырт  пен  шындық // Киелі  тəуелсіздік / Құраст.  І.М. 
Қозыбаев. – Алматы: Баспалар үйі, 2009. 448 бет. 
2. Табеев Қ.Т. Қазақтың Желтоқсаны (Деректі хикаяттар мен мақалалар) / – Алматы, «Дайк-
Пресс», 2006. – 328 бет. 
3. Бейісқұлов Т. Желтоқсан ызғары. 1986 жылғы оқиға қапармандарына ескерткіш / Алматы, 
«Мерей», «Қазақстан», 1994. – 224 бет. 
4.  Жағыпар  Ə.Б.  Алаш  арыстары  идеясы – ЕСЕП  партиясын  құру / – Қарағанды 
университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы №3(75)/2014. – Қарағанды, ҚарМУ 
баспасы, 2014. 
 
25 ЛЕТ НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН: ДОСТИЖЕНИЯ И 
ВЗГЛЯД В БУДУЩЕЕ 
Балтабаева Б.Қ., Исабаева Т.Д.  
Государственный университет имени Шакарима города Семей 
 
В 2016 году  казахстанский  народ  отмечает 25 лет  независимости  Республики 
Казахстан. 16 декабря 1991 года  был  принят  Конституционный  закон  "О  государственной 
независимости  Республики  Казахстан". 25 лет  тому  назад,  вдохновленный  оптимизмом, 

170 
несгибаемой  волей  к    свободе  и  твердой  позицией   Президента  страны  Н.А.Назарбаева, 
казахстанский  народ  начал  строительство  своей  новой  республики.  Впервые  Казахстаном 
был  обретен  юридически  оформленный  статус  независимого  государства,  признанного 
мировым  сообществом  и  лидера  преобразований  среди  стран  СНГ.  Сбылись  чаяния  и 
надежды  нашего  многострадального  народа,  который  на  протяжении  многих  веков  
стремился к независимости. 25 лет независимости - это путь созидания и свершений. За эти 
годы    Казахстан  вошел  в  число 50 самых  развитых  стран  мира,  досрочно  реализовав 
Стратегию-2030 и  начав реализацию Стратегии-2050, Плана нации "100 конкретных шагов: 
современное государство для всех" 
Казахстаном  были приложены  усилия  для  укрепления  национальной  безопасности и 
обеспечения  внутренней  политической  стабильности  общества.  В  основе  развития 
независимой  Республики  Казахстан – сохранение  и  укрепление  единства  всего  народа, 
взаимопонимание, толерантность наших народов, взаимные  усилия наших граждан в плане 
сохранения  мира  и  спокойствия  в  стране.  Беспрецедентным  в  мировой  истории  является 
решение  Главы  нашего  государства  об  отказе  от  ядерного  оружия  и  закрытии 
Семипалатинского  ядерного  полигона,  которое    получило  высокую  оценку  мирового 
сообщества.Мировым    сообществом  высоко  оценены  достижения  Казахстана  в  плане 
построения  конкурентоспособного  государства  и  политика,  направленная  на  укрепление 
национального  единства.  Наша  страна  возглавляет  авторитетнейшие  международные 
организации. Знаковыми событиями стали председательство в Организации по безопасности 
и  сотрудничеству  в  Европе,  Астанинский  саммит,  председательство  в  Организации 
Исламского  сотрудничества,  Шанхайской  организации  сотрудничества,  Совещании  по 
взаимодействию  и  мерам  доверия  в  Азии,  Евразийском  экономическом  союзе.  Казахстан 
поддерживает    инициативы,  направленные  на  восстановление  доверия  в  международных 
отношениях,  укрепление  мира  и  безопасности  на  основе  международного  права.  Нашей 
страной  выдвинут  ряд  глобальных  инициатив. Взвешенная  внешняя  политика  Республики 
Казахстан способствовала признанию ее на международной арене как главного миротворца. 
Одним  из  важнейших аспектов  экономической  и  социальной  модернизации  казахстанского 
общества  выступает  политика  в  области  языка.  С  этой  целью  проводятся  мероприятия, 
посвященные  широкой  популяризации  Государственной  программы  развития  языков  и 
продвижению  политики  трехъязычного  образования,  выдвинутой  Главой  государства  в 
Плане  нации "100 конкретных  шагов:  современное  государство  для  всех".  Казахстан 
изначально взял курс на гармоничное сочетание интересов, прав и обязанностей граждан вне 
зависимости  от  их  этнической  принадлежности.  В  выступлениях  Президента  страны 
Н.А.Назарбаева   подчеркивается, что мы должны жить в мире и согласии и  уважать  язык, 
культуру,  традиции  и  обычаи    других  народов.  С  первых  лет  независимости  в  нашей  
многонациональной    стране    проводится  языковая  политика,  учитывающая  интересы  всего 
народа Республики Казахстан и на деле обеспечивающая свободный выбор языка общения, 
воспитания, обучения и творчества. День языков, праздник, который  отмечается ежегодно, 
проникнут  идеей: каждый язык-это часть духовного наследия всего человечества, а каждая 
культура - это  бесценный  вклад  в  мировую  цивилизацию.  В  нашей  стране  успешно 
реализуется  культурный  проект  «Триединство  языков»,  идею  которого  выражает  понятная 
всем    формула:  развиваем  государственный  язык,  поддерживаем  русский  язык    и  изучаем 
английский  язык. «Казахстан должен восприниматься во всем мире как высокообразованная 
страна,  население  которой  пользуется  тремя  языками.  Это:  казахский  язык — 
государственный язык, русский язык — как язык межнационального общения и английский 
язык — язык успешной интеграции в глобальную экономику» [1]. Развивая государственный 
язык,  необходимо  учитывать  ключевую  потребность  в  сохранении позиций  русского  языка  
как    средства    межнационального    общения.  Русский  язык  обладает  качествами, 
необходимыми  для  удовлетворения  языковых  потребностей  людей  разной  этнической 
принадлежности.  Его  богатый  словарный  фонд,  выразительность  и  ясность  лексических  и 
грамматических  средств,  развитая  система  функциональных  стилей  обеспечивают 

171 
возможность  передачи  тончайших  оттенков  мысли,  отражения  всего  многообразия 
окружающего  мира.  На  русском  языке  написана  получившая  мировое  признание 
художественная,  научная  и  техническая  литература.  Третья  составляющая  идеи  связана  с 
необходимостью изучения английского языка. Сегодня знание английского языка открывает 
окно в  глобальный мир с колоссальным потоком информации. Каждый язык-это целый мир, 
душа  народа,  его  память,  сокровище.  Каждый  этнос  имеет  право  на  развитие  своей 
национальной  культуры,  языка,  поддержку  их  со  стороны  государства.  Обеспечению 
единства  и  сплоченности  казахстанского  народа  способствует  деятельность  Ассамблеи 
народа  Казахстана,  которая  должна  последовательно  решать  такие  задачи,  как  укрепление 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет