Студенттік ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет27/42
Дата31.03.2017
өлшемі4,98 Mb.
#10682
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42

 
Əдебиеттер тізімі 
1. 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Қазақстан -2030» стратегиясы  қалыптасқан 
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жыл, 12 желтоқсан 
2. 
Программа по формированию и развитию национальной инновационной системы РК 
на 2005-2015 годы. Утверждена Постановлением Правительства РК от 25апреля 2005 года за 
№ 387 
3. 
Шамрай  Ю.Инновации  и  повышение  конкурентоспособности  национальной 
экономики: современный подход  Проблемы теории и практики управления.-2009.-№2-С.67-74. 
4. 
Сабден 
О.С.Конкурентспособная 
экономика 
и 
инновации/монография-
Алматы:эксклюзив -2009.-152с 
5. 
Матвейкин В.Г., Дворецкий С.И.,Минько Л.В, Таров В.П., Чайникова Л.Н., Летунова 
О.И.  Инновационный  потенциал:  современное  состояние  и  перспективы  развития 
/монография-М: машиностроение-1.2007.-265с. 
6.  Васюхин  О.В.,  Павлова  Е.А.  Основы  мотивации  инновационной  деятельности 
промышленного предпрития// Современные проблемы науки и образования.-2013.№4.-С.72-75. 

180 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТƏУЕЛСІЗДІГІНЕ 25 ЖЫЛ:  
НƏТИЖЕСІ ЖƏНЕ КЕЛЕШЕГІ 
Бешенов Н. 
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Қазығұлова М.Я. 
Астана гуманитарлық колледжі 
 
Тəуелсіз  Қазақстан - менің  Отаным,  мақтанышым,  тарихым  мен  болашағым.  Ата-
бабамыздың  ақ  найзасының  ұшымен,  ақ  білектің  күшімен  қаның  төгіп,  жаның  беріп  жүріп 
қорғаған  Қазақтың  кең  байтақ  жері,  бар  бояуымен,  сырлы  сазымен  осы  күнге  аман-есен 
жеткен тұп-тұнық, мөп-мөлдір ана тіліміз бізге бұйырған үлкен бақыт. 
Биыл біз үшін ерекше жыл. Ата-бабаларымыз армандап келген тəуелсіздікке 25 жыл 
толды.  Бұл  халқымыздың  ерік-жігерімен,  бірлігімен  келген  күн.  Өз  тəуелсіздігін  алған  осы 
уақыт  аралығында  елім  қиял-ғажайып  ертегідегідей  тез,  əрі  адам  таңқаларлықтай  өзгерді. 
Қазіргі  таңда  мемлекетімізді  əлем  танып,  бүкіл  дүние  жүзі  мықты  демократиялы  жəне 
экономикасы  нық  орныққан  мемлекет  деп  мойындауда.  Қанша  қилы  заманды  басынан 
өткізіп,  бабаларымыз  ғасырлар  бойы  армандаған  Тəуелсіздік  туын  желбіретіп,  əлем 
мойындаған алып «Қазақстан» деген мемлекетте өмір сүру, оның ауасын тұту неткен бақыт 
десенізші. 
Көреген басшысы, кеменгер саясаты, біздей жас ұрпақтары бар елдің болашағы айқын 
болары анық. Қайсы мемлекеттің де тірегі білімді де, білікті, белсенді азаматтар. Сондықтан 
да қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын, ең бастысы өз Отанын сүйетін, 
көркейтетін жастар – біздерміз. 
«Білім туралы» Заңда көрсетілгендей білім беру жүйесінің ең басты міндеті: «Ұлттық 
жəне  азаматтық  құндылықтар,  ғылым  мен  жетістіктер  негізінде  жеке  адамдарды 
қалыптастыруға,  дамытуға  жəне  кəсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті 
жағдайлар  жасау»-  делінген.  Қазақстан  Тəуелсіздігінің  келешегі  мен  жарқын  жолдары 
жастарға жауапкершілік пен үлкен сенім артады. 
Жастар – еліміздің  ертеңі  мен  болашағы.  Тəуелсіздігіміздің  арқасында  қазіргі  күні 
жастардың  оқып  білім  алуына,  жұмыс  істеуіне  көп  жағдайлар  жасалуда.  Мемлекет 
тарапынан  жастарға  арналған  түрлі  ұйымдар  мен  жобалар  жасалынды.  Мысалы: «Ауыл 
жастары», «Жастар  тəжірбиесі»  жобасы, «Дипломмен  ауылға»  бағдарламасы  жəне    «Жас 
Отан» ұйымы құрылып, жұмыстар атқарылып келеді.  Елімізде соңғы жылдары жастардың 
тəрбиесіне,  олардың  сапалы  білім  алуларына  ерекше  көңіл  бөліне  бастады. 2004 жылы 
қабылданған «Жастар саясаты туралы» мемлекеттік заңының қайта қаралуы бұл сөзіме дəлел 
бола алады. 
Жастар  саясатына  қатысты  сан  түрлі  пікірлер  мемлекеттік  шеңберде,  халықаралық 
дəрежеде  талқылануы – оның  қоғам  өмірінде  айтарлықтай  маңызды  орын  алатындығын 
аңғартады.  Статистика  агенттігінің  жүргізген  мониторинг  қорытындысы  бойынша 
мемлекетіміздегі адам санының 4,5 миллионнан астамы - жастардың үлесінде. Бұл дегеніміз 
–  халықтың 30 пайызы  жастар  деген  сөз.  Ендеше,  еліміздің  ертеңгі  болашағы  жастардың 
бүгіннен  бастап,  қандай  тəрбие  алуы  мен  отансүйгіштік  қасиеттің  дамуы  аса  маңызды.  Ең 
əуелі  жастар  бойында  рухани-адамгершілік,  саяси  интеллектік,  құқықтық  тəрбие  басым 
болғаны жөн. 
Болашақтың даңғыл жолы бүгін жасалады. Болашаққа , алға ұмтылу өмірдің мақсаты. 
Президент Н. Назарбаевтың көптен бері қолға алып, практикаға енгізіп келе жатқан негізгі 
идеяларының  бірі  «Болашақ  ұрпақтың  тəрбиесі  мен  білімі».  Оған  дəлел,  өзінің  жылдағы 
халыққа  Жолдауларында  «Білім  саласына»  айрықша  мəн  берілуі,  білім  беру  жүйесін 
дүниежүзілік білім стандартына сəйкес етіп қайта құру, білім грандтарының жылдан - жылға 
көбейтуі,  шетелдердегі  жоғарғы  деңгейлеріндегі  оқу  орындарында  өз  білімі  мен 
тəжірибелерін шыңдау үшін «Болашақ» бағдарламасының  өз жемісін беріп отыруы да білім 
жолындағы кемелді істер екендігін байқауға болады. 

181 
«Болашақ» бағдарламасы Елбасының жастарға деген шынайы қамқорлығынан туған, 
ТМД  көлеміндегі  бірден-бір  жастарға  арналған  жəне  Нұрсұлтан  Əбішұлының  жеке 
бастамасымен  қабылданған  ерекше  бағдарлама  екенін  ескерсек,  бұл  біздің  жастарымызға 
бұйырған  бақыт  деп  бағалауымыз  қажет.  Президент  атынан  берілетін  «Болашақ» 
стипендиясы – бұл  жастардың  қабілеттерін  саралаудың  ең  биік  деңгейлерінің  бірі 
болғандықтан  үміткерлерге  деген  талаптың  өте  жоғары  болуы  орынды.  Бұрындары 
«Болашақ»  бағдарламасымен  шет  елдерде  оқып,білім  алатын  болса,  қазіргі  таңда  
«Н.Назарбаев атындағы»  университет өз елімізде ашылды. 
Президентіміздің  біздерге  дұрыс  жол  сілтеп,  біздің  болашағымызға  үлкен  мəн  беріп 
отырғанына,  жастарымыз  бақытты.  Осындай  əсем  Астанамызда  заман  талабына  сай 
салынған университтетте білім алу əрбір білімге құштар жастардың арманы. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңының 11 – бабының 9 тармағында 
оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кəсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам 
мен  еңбек  нарығының  өзгеріп  отыратын  қажеттеріне  тез  бейімделуіне  ықпал  ететін 
кредиттік,  қашықтан  оқыту,  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  енгізу  жəне 
тиімді  пайдалану  міндеті  қойылған.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан 
Назарбаевтың  «Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында 
«Біз  білім  беруді  жаңғыртуды  одан  əрі  жалғастыруға  тиіспіз.  Бүгінде  мектептерді 
компьютерлендіру  толықтай  аяқталды.  Орта  білім  берудің 12 жылдық  моделі  енгізілуде 
«Өмір бойы білім алу» əрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» делінген. 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы  Жарлығымен 
Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді  дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада «Е-learning» электронды оқыту жүйесі 
бойынша  білім  беру  сапасын  жəне  басқару  тиімділігін  арттыру  үшін  оқу  процесін 
автоматтандыру,  педагогтар  мен  оқушыларды  ең  жақсы  білім  беру  ресурстарына  жəне 
технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты атап көрсетілді. 
«Жастар - болашаққа апаратын алтын көпір»,- дейді дана халқымыз. Əрбір жас жеке 
қабілетіне жəне кəсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің əлеуметтік-
экономикалық  даму  жолындағы  қарқынымыз,  жастардың  қоғамдық-саяси  өмірдегі 
ұстанымына, олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты.  
Ендігі кезекте тəрбие мазмұны мен жастарды тəрбиелеу ісі олардың дүние танымын 
қалыптастыру  жəне  ақпараттық-саяси  мəдениетін  көтеруге  баса  көңіл  аударуға  тиіспіз. 
Себебі,  жастардың  өмірдегі  ұстанымдары  əркез  қоғам  мүддесімен  тоғысып,  мемлекеттің 
даму қарқынына ілесіп отырғаны абзал. Бұл үшін бірінші кезекте жастар біздер, қоғамдағы 
құндылықтарды қастерлей білуге үйренейік. 
Елбасы  халыққа  Жолдауында  жастарға  үлкен  жауапкерщілікпен  сенім  артады. « 
Біздің  ұрпақ  алдыңда - бабалар  қол  жеткізген  игілікті  сақтау,  қайта  қалпына  келтірілген 
мемлекетімізді  нығайту  жəне  дүние  жүзілік  қауымдастық  талаптарына  сай  жəне  сапалық 
деңгейге  көтерілу  міндеті  тұр  -деген  сенімді  ақтап,  болашағымыздың  іргесін 
қалыптастырайық!  
 
Əдебиеттер тізімі: 
1.   Н.Ə.Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы, 2007ж 
2.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заң 
3.  Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы 
 
 
 
 
 
 

182 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ 
АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ МЕН ТАЛДАУЫ ЖƏНЕ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 
Бисенғали А, Жеңісов Д  
Ғылыми жетекшілері: магистр Альдешова С.Б. магистр Пұсырманова А.Б.  
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Атырау қ. 
 
Қаржы нарығының жаһандануы жəне əлемде бəсекелестік артықшылықта болу елдегі 
құнды қағаздар нарығына əсерін береді. Əлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен 
дамыған  құнды  қағаздар  нарығымен  сипат  алады.  Макро  деңгеймен  қатар,  құнды  қағаздар 
нарығы  микро  деңгейде  де  үлесі  зор.  Ең  алдымен,  құнды  қағаздар  нарығында  қаржылық 
ресурстар  шоғырлануын  атауға  болады.  Қаржылық  ресурстар  меншіктік,  қарыздық  жəне 
тартылған  жіктелімі  бар.  Олардың  арасындағы  бəсекелестіктің  болуы  дамыған  нарықтың 
бірден-бір  факторы.  Себебі,  нарық  субъектілері  үшін  қаржылық  ресурстардың  жедел,  əрі 
арзан құралды қолдануы негізгі мақсаттарына айналды.  
Қазақстан  Республикасы  қаржы  нарығы  негізінен  банктік  саладан  тұрады.  Банктік 
мекемелер  өнімдері  мен  қызметтерінің  жыл  сайын  дамуы  құнды  қағаздар  нарығының 
бəсекелеске  түсуіне  кедергі  келтіреді.  Ал,  қаржылық  ресурстардың  тек  банктік  салада 
шоғырлануы,  нарықтың  барлық  қатысушыларына  кері  əсерін  тигізеді.  Еліміз  егемендігін 
алғаннан  бастап  құнды  қағаздар  нарығы  қалыптасты.  Құнды  қағаздар  нарығының,  соның 
ішінде  қор  нарығының  қалыптасу  уақыты  аз  емес.  Осы  аралықта  ұлттық  құнды  қағаздар 
нарығының  қалыптасу  ерекшелігі,  дамыған  мемлекеттердің  қолданған  тəжірибесін 
енгізуімен  сипат  алады.  Алайда,  соған  қарамастан  ұлттық  нарықтағы  біршама 
қайшылықтардың салдарынан құнды қағаздар нарығының жете дамымауы көрініс алады. 
Құнды қағаздар ерекше тауар ретінде, яғни өзіне тиесілі ұйымдары жəне онда жұмыс 
істеу  ережелері  бар  нарығы  болуы  керек.  Алайда  құнды  қағаздар  нарығында  сатылатын 
тауарлар ерекше тауарлар болып табылады. Себебі құнды қағаздар – бұл тек меншік титулы, 
табыс  алуға  құқық  беретін,  бірақ  нақты  капитал  алуға  құқығы  жоқ  құжат.  Құнды  қағаздар 
нарығының оқшаулануы олардың осы сапасымен анықталады. 
Құнды қағаздарды шығару eкi жақ үшiн де тиiмдi, бiрiншiден, банк құнды қағаздарды 
онда  керсетiлген  мерзiмде  өтейдi,  ол  банк  үшiн  ақша  қаражаттарын  өзiнiң  жобаларына 
салуға  мүмкiндiк  бередi.  Сатып  алушы-клиент  үшiн  тиiмдiлiк  құнды  қағаздарды  қажет 
уақытында есептелген пайызды жоғалтпай сатуында. 
Коммерциялық  банктердiң  құнды  қағаздармен  жасалатын  операциялар  көлемiнiң 
iшiнде негiзгi үлестi мемлекеттiк құнды қағаздардың түрлерi алып отыр. Мемлекеттiк құнды 
қағаздар – бұл  эмитентi  мемлекет  болып  табылатын,  мемлекеттiң  iшкi  қарыз  нысаны, 
қарыздық  құнды қағаздар. 
Коммерциялық банктердiң мемлекеттiк құнды қағаздармен жүргiзiлетiн операцияның 
iшiнде ең көп қолданылатын түpi Ұлттық банктiң қысқа мерзiмдi ноталарын сатып алу-сату 
операциялары болып табылады. 
Коммерциялық  банктердің  құнды  қағаздармен  операцияларын  кеңейтуге  талпынуы, 
біріншіден,  осы  операциялардың  жоғары  табыстылығымен;  екіншіден,  тікелей  банктік 
несиені  тиімді  пайдалану  саласына  қатысты  қысқаруымен  ынталандырылады.  Банктер 
«Құнды  қағаздар  нарығы  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңы  негізінде  өздері  тартқан 
ақша  қаражаттарын  құнды  қағаздарға  инвестицияланған  заңды  тұлға – инвестициялық 
инвестор  болып  табылады.  Коммерциялық  банктер  банкаралық  несиені  мемлекеттік 
қағаздарды  кепілге  ала  отырып  беруге  тəжірибе  жүргізуде.  Мемлекеттің  құнды  қағаздарын 
кепілге  беру  арқылы  несиені  алғашқы  делдалдар,  сондай-ақ  алғашқы  делдалдар  банкінің 
инвесторы болатын банк жəне фирмаларды ала алады. 
Қазақстан  Республикасы  Азаматтық  кодексі  бойынша  құнды  қағаздар  деп  мүліктік 
құқықты  бекітілген  нысанда  жəне  міндетті  деректемелерді  сақтай  отырып  куəландыратын 
құжат [1, 68-б.]. 
 

183 
Құнды қағаздар қоғамдық маңызы бар бірқатар функцияларды орындайды: [3, 139-б.] 
а)  экономиканың  салаларына,  аумақтар  мен  елді  мекендерге,  халыққа,  мемлекетке  жəне  т.б. 
ақшалай қаражаттарды (капиталды) қайта бөледі; 
б) өз иесіне мынадай нақты қосымша құқықтар береді: капиталға, ақпаратқа, ең алдыме,белгілі бір 
жағдайларға сəйкес келетін басқару ісіне қатысуға; 
в) капиталдан табыс алуды жəне (немесе) капиталдың өзін қайтаруды қамтамасыз етеді. 
Банктер  «Бағалы  қағаздар  нарығы  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңы  негізінде 
өздері  тартқан  ақша  қаражаттарын  құнды  қағаздарға  инвестицияланған  заңды  тұлға — 
инвестициялық  инвестор  болып  табылады.  Банктер  делдалдық  операцияларды  Қазақстан 
Республикасының құнды қағаздары бойынша «Банктер жəне банктік қызмет туралы» заңына 
сəйкес жəне Ұлттық банк келісімі бойынша жүзеге асырады. 
Екінші деңгейдегі банктер құнды қағаздар нарығында заңды рұқсат етілген келесідей 
қызмет түрлерін атқарады: [3, 151-б.] 
а) брокерлік жəне делдалдық қызмет; 
б) инвестициялар мен қорларды басқару; 
в) құнды қағаздар  нарығына қатысушыларға есеп айырысу қызметін көрсету; 
г) кастодиондық қызмет; 
д) тізілімді жүргізу жəне депозитарийлік қызмет көрсету; 
е) кеңес берушілік қызмет жəне т.б. 
Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкі  Бағалы  қағаздар  нарығы  субьектілерін 
қадағалау  департаментінің 2014 жылдың 1-қазандағы  жағдай  бойынша  Қазақстан 
Республикасының  бағалы  қағаздар  нарығының  ағымдағы  жағдайын  талдай  отырып,  келесі 
қорытындыға келуге болады: Қазақстандағы қор нарығының жай-күйінің негізгі индикаторы, 
«Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан əрі - KASE) – қор биржасы ұсынған ұйымдастырылған 
нарық болып табылады. 
 
Кесте 1 – KASE сауда-саттығына жіберілген құнды қағаздар, бірлік [4, 12-б.] 
 
Шығарылымдар саны 
Эмитенттер саны 
«Акциялар» секторы 99 
78 
«Борыштық 
бағалы 
қағаздар» секторы 
259 74 
«Инвестициялық  қорлардың 
бағалы қағаздары» секторы 
0 0 
«Депозитарлық  қолхаттар» 
секторы 
0 0 
«Халықаралық 
қаржы 
ұйымдарының 
бағалы 
қағаздары» секторы 
4 1 
«Мемлекеттік 
бағалы 
қағаздар» секторы 
193 3 
«Туынды  бағалы  қағаздар» 
секторы 
0 0 
«Баламалы алаң» 0 

Жиынтығы: 555 
133
1
 
 Ескерту: 01.10.2014Қазақстан  Республикасының  бағалы  қағаздар  нарығының  ағымдағы 
жағдайы  
 
Талдау көрсетіп отырғандай, 2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша KASE ресми 
тізіміне  енгізілген  корпоративтік  акциялар  жəне  облигациялар  шығарылымының  саны 99 
                                                 
 

184 
(17,8%)  жəне  тиісінше 259 (46,7%) шығарылым  болды.  Бұл  ретте  мемлекеттік  құнды 
қағаздардың үлесіне 34,8% (немесе 193 шығарылым) келеді. 
 
Кесте 2 – KASE-тегі  мемлекеттік  құнды  қағаздармен  жасалған  мəмілелер  көлемі,  кезеңдегі 
млн. теңге [6] 
 2013 
жылғы 4-
тоқсан 
2014  жылғы 1-
тоқсан 
2014  жылғы 2-
тоқсан 
2014  жылғы 
3-тоқсан 
Мəмілелер  көлемі, 
оның ішінде: 
3846377 2823840 2224799 2717092 
Бастапқы 
орналастырулар 
381110 172728 251613 403158 
«Репо» мəмілелері 
3378498 2632068 1969655 2182299 
Ескерту: 01.10.2014Қазақстан  Республикасының  бағалы  қағаздар  нарығының  ағымдағы 
жағдайы 
Мемлекеттік  құнды  қағаздар  бойынша  биржалық  мəмілелер  көлемі  ұйымдастырылған 
нарықта 2014 жылғы үшінші тоқсанда 22,1%-ға көбейді, көбінесе бастапқы орналастырулар 
көлемі есебінен 60,2%-ға өскен. 
 
Кесте 3 – Корпоративтік  эмитенттердің  құнды  қағаздары  бойынша KASE 
капиталдандырудың өзгеру динамикасы, млн. теңге [6] 
Ресми 
тізімінің 
секторы 
01.10.2013 01.01.2014 01.04.2014 01.07.2014 01.10.2014 
«Акциялар» 
секторы 
4786942 4351085 4673427 4861410 5194395 
«Борыштық 
құнды 
қағаздар» 
секторы 
5474031 5428673 5991152 5984064 6263390 
Жиынтығы 
 
10260973 9779758  10664579 10845474 11457785 
Ескерту: 01.10.2014Қазақстан  Республикасының  бағалы  қағаздар  нарығының  ағымдағы 
жағдайы 
2014  жылғы 1 қазандағы  жағдай  бойынша KASE ресми  тізіліміне  енгізілген 
корпоративтік эмитенттердің құнды қағаздары бойынша нарықтың жалпы капиталдандыруы 
2014 жылғы 1 шілдедегі көрсеткішпен салыстырғанда 5,6%-ға көбейді. 
2014  жылдың 1-қазандағы  жағдай  бойынша  Қазақстан  Республикасының  құнды 
қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға 93 лицензия қолданыста. 
Құнды қағаздар нарығын реттеу мемлекеттiң ең маңызды мiндетi. Ондағы мақсаты - 
құнды  қағаздармен  келiсiмге  қатысушылардың  заңды  мүдделерi  мен  құқығын  сақтауды 
қамтамасыз ету. 
Құнды қағаздар нарығында қызмет атқаратын қаржы институттарының iсiн бағыттау 
мен реттеу мемлекеттiк органдарға жүктелген. Республикада ондай органдар болып Қаржы 
Министрлiгi, Ұлттық банк саналады.  
Қазiргi  кезде  республикада  құнды  қағаздар  нарығының  қызметiн  толық  қамтамасыз 
ететiн  инфрақұрылым  құрыла  қойған  жоқ.  Оның  iшiнде  құнды  қағаздар  нарығында 
кездесетiн  барлық  қатынастарды  толығынан  реттейтiн  жеткiлiктi  нормативтiк  заң  актiлерi 
жоқ.  Сол  сияқты  құнды  қағаздар  нарығында  қалыптасып  келе  жатқан  көрiнiсті  жеткiлiктi 
түрде  хабарлайиын  ақпарат  құралдары  жоқ.  Құнды  қағаздар  нарығын  мемлекеттiк  реттеу 
ғылымға, негiзделiп, алдын ала дайындалған концепцияға жүгiнгенi дұрыс. 
Құнды қағаздар нарығын реттеу мемлекеттiк органдарға, не арнаулы ұйымға (құнды 
қағаздар  жөнiндегi  комиссияға),  не  қаржы  министрлiгiне,  не  мемлекеттiк  (орталық)  банкке 
жүктеледi.  Мысалы,  АҚШ-та  тиiстi  заңдарды  шығарып,  олардың  орындалуын  тексерумен 

185 
конгрессте  құрылған  Құнды  қағаздар  жəне  қор  биржалары  туралы  комиссия  шұғылданса, 
Жапонияда  бұл  сұрақтар  Қаржы  министрлiгiнде  қаралады.  Реттеушi  органдар 
инвесторлардың қаржысын қорғауға бағытталған негiзiнен үш қызмет атқарады. Олар:  
Бiрiншiден, нарықта шаруашылық субъектiлерi ретiнде қызмет iстейтiн барлық құнды 
қағаздар  нарығына  қатысушыларды,  сонымен  қатар,  құнды  қағаздарға  тiкелей  қатысы  бар 
қызметкерлердi  тiркеу.  Тiркеуден  өтетiн  барлық  кандидаттар  қаржы  жөнiнен  белгiлi  бiр 
талаптарға  сай  болуы  қажет,  яғни  олардың  керектi  мөлшерде  (минимум)  өз  капиталы 
болғаны  жөн.  Инвесторлардың  мүддесiн  қорғау  мақсатында,  əдетте,  тiркеушi  органдар 
тiркеуден өткiзбеу құқын алады. 
Екiншiден, экономиканың барлық ұйымдарын нақты хабарлармен қамтамасыз ету. Ол 
құнды  қағаздарды  шығару  мен  оны  шығарушылар  туралы  анық  та  толық  хабар  беретiн 
эмиссия  проспектiсiн  шығарумен  жүзеге  асырылады.  Оған  алдын  ала  белгілi  бiр  адамдар 
ғана  бiлiп  жəне  тек  солардың  арасында  орналастырылатын  жеке  құнды  қағаздар 
қосылмайды. Сонымен қатар эмитенттер бұқаралық ақпарат беттерiнде үнемi қаржы есебiн, 
фирманың басшы адамдары туралы өзгерiстердi жариялап тұруға мiндеттi. 
Үшiншiден,  институционалдық  органдар  құнды  қағаздар  нарығын  тексеру  жəне 
ондағы  құқық  тəртiбiн  сақтау  қызметiмен  де  айналысады.  Бұл  органдардың  өкiлi  заң 
бұзушылардың  кез-келгенiн  тексерiп,  кiнəлiлерге  əкiмшiлiк  шара  қолданып, iстерiн  сотқа 
беруге құқы бар. Ол үшiн оларға үлкен өкiлеттiлiк берілген, мысалы, құнды қағаздарға жəне 
ақша қаражатына тыйым салуға (арест), құжаттарын алуға жəне с.с. өкiлеттiлiктер. 
Құнды  қағаздардың  қалыптасуы  жəне  оның  тиімді  жұмыс  істеуі  Қазақстандағы 
ұлттық  капитал  мен  табыстардың  өсіп,  шоғырлануына  тікелей  байланысты.  Ұлтттық 
капиталдың  шоғырланып  өсуі  ұлттық  табыстың  жұмсалуына  тығыз  байланысты.  Қазақстан 
жағдайында жеке азаматтар өздерінің табыстарын негізінен шетелдік тауарларға жұмсайды. 
Яғни,  тұрғындар  шетел  фирмаларын  жанама  түрде  қаржыландырып  тұрады.  Ұлттық 
кəсіпкерлік пен өндіріс шоғырланып өсуі үшін жеке азаматтардың табысы ұлттық өнеркəсіп 
орындары  өндірген  өнімге  жұмсалуы  қажет.  Қазіргі  уақытта  Қазақстан  Үкіметі  ішкі  тауар 
өндіруші кəсіпкерлерді қорғау жəне қолдау саясатын ұстанады. 
Қазақстанның  болашағы,  яғни  экономикалық  жəне  əлеуметтік  дамуы  өзінің 
қолындағы табиғи ресурстары мен байлығын дұрыс, ұтымды пайдаланып, іске асырылуына 
тікелей  байланысты.  Сондықтан  да  өз  еліміз  ұйымдары  шығарған  акциялар  болсын, 
банкілеріміздің қаржылық қағаздары болсын, Үкіметіміздің міндеттемелері болсын, барлық 
құнды  қағаздарымыздың  құны  мен  бағасын  түптеп  келгенде,  Қазақстанның  табиғи 
ресурстары  анықтайтындығын  есте  ұстасақ,  ешкімге  ұтылмайтынымыз  анық.  Сол  үшін  де 
құнды қағаздармен жұмыс жасауды жетілдіре түскеніміз дұрыс. 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Банк ісі. О.И.Лаврушин жетекшілігімен оқу құралы – М.: Қаржы жəне статистика, 2003.  
2  «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2003. 
3  Мақыш С.Б. Банк ісі: Оқулық.- Алматы.: ИздатМаркет, 2007. -471 бет. 
4  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Бағалы қағаздар нарығы субьектілерін қадағалау 
департаменті 01.10.2014 Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының ағымдағы 
жағдайы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

186 
К ИСТОРИИ ОБРАЗОВАНИЯ КАРАГАНДИНСКОГО ГОСУДАРСТВЕННОГО 
МЕДИЦИНСКОГО УНИВЕРСИТЕТА  
Ветрова А.В., студент гр. ТФП-1002 
Научный руководитель:  к.и.н., доцент Даниярова А.Е., 
 Карагандинский государственный медицинский университет 
 
Испокон веков человечество уделяло большое внимание поддержанию и сохранению 
своего  здоровья.  Здоровье – самая  большая  ценность,  как  гласит  народная  мудрость.  В 
настоящее время в мировом масштабе охраной здоровья 
человечества
 занимается 
Всемирная 
организация здравоохранения
. Охрана здоровья человека - одна из функций государства
Актуальность  предлагаемого  материала  связана  с  непрерывным  устойчивым 
развитием медицинского образования, которое основано на фундаменте прошлого столетия. 
Целью работы является: изучение, систематизация и попытка анализа источникового 
материала об образовании Карагандинского государственного медицинского университета. 
Исследование, дошедших до нас источников, показало, что на территории Казахстана, 
как  и  в  других  странах  мира,  в  народе  накапливались  различные  медицинские  навыки  и 
представления.  Древняя  народная  медицина  у  казахов  возникла  на  основе  практического 
опыта многих поколений. Так, к примеру, охота и животноводство давали знание строения и 
функций  внутренних  органов  животных,  что  способствовало  знанию  анатомии  человека. 
Казахи знали практически все органы человеческого организма и их функции, и для каждого 
из  них  в  казахской  лексике  имелось  свое  обозначение.  Лечение  заболеваний  казахскими 
врачевателями имело много общего с народной медициной других народов Востока. Однако 
у народных лекарей имелись также свои, оригинальные, методы и средства профилактики и 
лечения.  Всякого  рода  лекарей  на  территории  древнего  Казахстана  была  масса:  дазаны, 
баксы и знахари. До наших дней дошли рецепты приготовления лекарств на основе лечебных 
растений [1, с. 212].  
С  установлением  Советской  власти  одним  из  основных  приоритетов  политики 
большевиков на новом этапе стала организация советской системы здравоохранения. В своих 
программах  большевики  открыто  заявили,  что  в  области  народного  образования  главной 
ставится  задача  проведения  широких  оздоровительных  и  санитарных  мер,  которые  имеют 
свою  цель:  профилактика  и  предупреждение  развития  заболеваний.  Остро  ощущалась 
нехватка квалифицированных медицинских кадров, лечебных учреждений, медикаментов, не 
было достаточного финансирования. Все это отрицательно сказывалось на общем положении 
дел [2, с.30]. 
С  момента  получения  статуса  города,  в  Караганде  бурно  развивается  экономика, 
культура  и  здравоохранение.  Именно  к  этому  времени  по  путевке  Акмолинского 
оргздравотдела в  Караганду прибыли  два  врача.  Это  были супруги:  Герман  Никанорович  и 
Ядвига Фридриховна Алалыкины, хирург и терапевт. 
В  ту  пору  перед  супругами  стояла  важная  задача:  проложить  фундамент 
здравоохранения  Центрального  Казахстана.  Германа  Алалыкина, хирурга,  выпускника 
Казанского  университета называют  одним из  первых врачей  Караганды,  который  в 1935-
1941  гг.  организовал  в  Караганде первую  городскую больницу,  в  которой  работал 
заведующим  хирургического  отделения.  Здание  было  построено из  красного кирпича,  по 
этой причине первое медицинское учреждение в Караганде назвали «Красная больница» [3]. 
В  условиях  острой  нехватки  медицинских  кадров  возникает  потребность  в  высших 
медицинских  учебных  заведениях,  становлении  системы  здравоохранения  в  Центральном 
Казахстане.   
Развитие  системы  медицинского  образования  в  Казахской  ССР  началось  в 1931 г.  с 
основания  медицинского  вуза  в  Алма-Ате.  Однако  вскоре  институт  не  смог  удовлетворять 
растущую  потребность  республики  в  медицинских  кадрах.  В  связи  с  чем,  перед 
Наркомздравом  СССР  стоял  вопрос  о  необходимости  открытия  медицинского  института  в 
городе Караганде, численность населения которого к тому моменту достигла более 169 тыс. 

187 
человек.  Но  началась  Великая  Отечественная  война,  все  силы  страны  были  брошены  на 
борьбу  с  фашизмом.  К  вопросу  о  создании  Карагандинского  медицинского  института 
вернулись  только  в 1947 г.,  когда  Областным  отделом  здравоохранения  Караганды  было 
внесено предложение в Министерство здравоохранения Советского Союза об открытии вуза 
в шахтерской столице[4, с.14].  
Пятого  декабря 1949 г.  издается  распоряжение  Председателя  Совета  Министров 
СССР  за  № 19630-р  с  указанием: «Обязать  Совет  Министров  РСФСР  и  Министерство 
здравоохранения СССР перевести в  установленном порядке из ликвидируемого Казанского 
стоматологического  института  в  Карагандинский  медицинский  институт  профессоров, 
преподавателей  и  студентов,  закончивших  первый  курс».  В  соответствии  с  данным 
распоряжением издается приказ Министра здравоохранения СССР Е. Смирнова за № 963 от 
27  декабря 1949 г.,  в  котором  указывается: «Организовать  с 1 сентября 1950 года  в  г. 
Караганде медицинский институт  с шестилетним сроком обучения. Установить контингент 
приема  студентов  на  первый  курс  указанного  института  в  количестве 100 человек. 
Ликвидировать  к 1 июля 1950 года  Казанский  стоматологический  институт.  Передать 
Карагандинскому мединституту все оборудование и имущество ликвидируемого Казанского 
стоматологического  института  по  состоянию  на 1 июля 1950 года.  Перевести  в 
установленном  порядке  из  ликвидируемого  Казанского  института  в  Карагандинский 
мединститут профессоров, преподавателей и студентов первого курса» [5, с.3].          
Таким  образом,  путем  передислокации  профессорско-преподавательского  состава  и 
студентов  второго  курса  Казанского  стоматологического  института  в  централизованном 
порядке  был  открыт  Карагандинский  медицинский  институт.  Директором  института  был 
назначен врач Петр Моисеевич Поспелов. 
По  направлению  Народного  Комиссариата  Здравоохранения  СССР  Петр  Моисеевич 
прибыл  в  Караганду  из  Ставропольского  края,  где  он  родился,  учился  и  начинал  трудовой 
путь.  Профессиональная  врачебная  деятельность  П.М.  Поспелова  начиналась  в  больнице 
второго  рудника  в  должности  заведующего  терапевтическим  отделением,  а  затем  главного 
врача больницы. В сентябре 1939 г. Петра Моисеевича назначили заместителем заведующего 
Карагандинским областным отделом здравоохранения. С апреля 1940 г. П.М. Поспелов был 
утвержден в должности заведующего Карагандинским областным отделом здравоохранения. 
В  апреле 1950 года  приказом  Министерства  здравоохранения  КазССР  Петр  Моисеевич 
Поспелов  был  назначен  директором  Карагандинского  медицинского  института.  Период  с 
1950  по 1974 г.,  когда  вузом  руководил  Петр  Моисеевич,  стал  временем  становления  и 
бурного развития института.  
1 сентября 1950 года Карагандинский медицинский институт открыл двери для своих 
первых студентов: 127 студентов I курса и 101 студента II курса, из которых 69 приехали из 
Казани. Было открыто 11 кафедр единственного на тот момент лечебного факультета. Всего 
в 1950 г.  в  вузе  работали 23 преподавателя,  в  том  числе 3 доктора  и 3 кандидата  наук. 
Первым  достижением  в  научной  деятельности  КарМИ  стало  проведение I научной 
студенческой  конференции  института,  которая  состоялась 21 ноября 1950 года.  В 1952 г. 
была  открыта  аспирантура  и  ординатура.  В 1957 г.  институт  получил  право  защиты 
кандидатских диссертаций на Ученом совете. Председателем Ученого Совета был назначен 
Петр Моисеевич Поспелов [4, с.14-15].  
В 1955 г.  состоялся  первый  выпуск  КГМИ,  а  в 60-е  годы  Учёному  совету  КарМИ 
разрешалось  принимать  к  защите  кандидатские  диссертации  и  присуждать  ученую  степень 
кандидата  медицинских  наук.  На  заседаниях  Ученого  совета  КарМИ  кандидатские 
диссертации  защищали  как  сотрудники  института,  так  и  соискатели  из  других  республик 
СССР,  что  свидетельствует  о  высоком  уровне  научного  потенциала  Карагандинского 
мединститута среди высших учебных заведений Советского Союза.  
В 1961 году  институту  была  присвоена  первая  категория,  год  спустя – открыт 
педиатрический  факультет.  В 1966  году  в  вузе  открылась  Центральная  научно-
исследовательская  лаборатория,  которую  возглавил  кандидат  медицинских  наук  Мадениат 

188 
Мадиевич  Сарсембаев,  который  позже  явился  организатором  Малой  академии  наук  для 
школьников  во  Дворце  детей  и  юношества  (Дом  пионеров).  В 1978 году  был  открыт 
стоматологический факультет.  
Постановлением  Правительства  Республики  Казахстан  от 25 февраля 1997 года 
Карагандинский 
государственный 
медицинский 
институт 
был 
преобразован 
в 
Карагандинскую государственную медицинскую академию. В 1999 году на базе деканата для 
иностранных  граждан  был  создан  отдел  международного  сотрудничества  для  обучения 
иностранных студентов [4, с.19].  
В 2002 году  были  открыты  фармацевтический  факультет,  факультет  восточной 
медицины,  отделение  для  иностранных  студентов  и  медицинский  колледж;  вуз  получил 
лицензию  на  осуществление  медицинской  деятельности.  была  открыта  стоматологическая 
клиника,  начала  функционировать  вузовская  учебно-клиническая  лаборатория – первая  в 
Республике Казахстан. Качественная подготовка научно-педагогических кадров продолжала 
совершенствоваться.  
В 2007 вуз  впервые  принимает  участие  в  рейтинге  университетов  Министерства 
образования  и  науки  Республики  Казахстан  и  занимает  первое  место  среди  медицинских 
вузов  страны.  В 2008 году  в  рейтинге  Министерства  образования  и  науки  Республики 
Казахстан КГМА вошла в ТОП-50 и заняла 8 место среди лучших вузов Казахстана. В 2009 
году в рамках реализации Концепции реформирования медицинского и фармацевтического 
образования в Республике Казахстан Постановлением Правительства Республики Казахстан 
от 19 февраля 2009 года  №188  РГКП  «Карагандинская  государственная  медицинская 
академия»  переименована  в  РГКП  «Карагандинский  государственный  медицинский 
университет» [4, с.20-21].   
Продолжателями идей и деятельности первого ректора КарМИ, которые внесли свой 
вклад  в  развитие  и  укрепление  института  (позднее  КГМА,  КГМУ)  являлись  ректора: 
кандидат  медицинских  наук,  доцент  Александр  Петрович  Филин (1974-1984 гг.),  доктор 
медицинских  наук,  профессор  Николай  Архипович  Хлопов (1984-1989 гг.),  доктор 
медицинских наук, профессор Макаш Тыныштыкбаевич Алиякпаров (1989-2001 гг.), доктор 
медицинских  наук,  профессор  Ильяс  Райханович  Кулмагамбетов (2001-2009 гг.),  доктор 
медицинских наук, профессор Мурат Койшибаевич Телеуов (2009-2011 гг.). 
С  августа 2011 года  КГМУ  руководит  доктор  медицинских  наук,  профессор, 
известный  учёный  в  области  медицины  и  медицинского  образования  Раушан  Султановна 
Досмагамбетова.  Карагандинский  государственный  медицинский  университет  занимает 
лидирующее  место  среди  университетов  Казахстана.  Свидетельством  этого  является 
признание подготовки высококвалифицированных врачей и включение университета в 2011 
году  в  директорий  медицинских  школ 
«Авиценна» 
Всемирной  организации 
здравоохранения. 
В этом юбилейном году Карагандинский государственный медицинский университет 
отмечает своё 65-летие. Результатом многолетней истории развития Университета является 
то, что КГМУ стал полноправным членом: Ассоциации медицинского образовании в Европе, 
Ассоциации по изучению медицинского образования, Организации по защите PhD в области 
биомедицины  и  здравоохранения  в  Европейской  системе,  Организации  по  академической 
мобильности Тихоокеанского и Юго-Восточного региона. 
С 2011 года в университете активно развивается внутренняя и внешняя академическая 
мобильность  профессорско-преподавательского  состава  и  обучающихся.  Университет 
поддерживает  международные  связи  с  вузами  и  научными  центрами  дальнего  и  ближнего 
зарубежья.  Партнерство  осуществляется  с 60 университетами,  клиниками,  научными 
центрами  из 22 стран.  В  вузе  внедрена  кредитная  технология  обучения  и  трехступенчатая 
модель подготовки: бакалавр – магистр – доктор РhD. Обучение в  университете ведется на 
трех языках: государственном,  русском и английском. В настоящее время подготовка кадров 
в  КГМУ  осуществляется  по  следующим  специальностям: «Общая  медицина», 
«Стоматология» «Общественное  здравоохранение», «Сестринское  дело», «Фармация», 

189 
«Технология  фармацевтического  производства», «Медико-профилактическое  дело», 
«Биология».  В  главной  миссии  университета  обозначено: «Лидер  в  области  медицинского 
образования,  ориентированный  на  формирование  специалиста,  отвечающего  требованиям 
лучшей  мировой  практики  для  обеспечения  здоровья  нации»,  поэтому  создание 
конкурентоспособного  кадрового  потенциала  здравоохранения  через  совершенствование 
системы  додипломного,  последипломного  образования  и  непрерывного  профессионального 
развития кадров - основная задача КГМУ.   
В  настоящее  время  КГМУ  входит  в  тройку  лучших  медицинских  вузов  Казахстана. 
Достойно  продолжая  традиции  ВУЗа,  заложенные  в 50-е  гг. XX в.,  Карагандинский 
государственный медицинский  университет является одним из лидеров по предоставлению 
образовательных услуг в сфере медицины по Казахстану. 
 
Список литературы 
1. Козыбаев
 М.К.,Муканов М.С. Казахи. Историко-этнографическое исследование. - Алматы: 
изд. «Казахстан», 1995. 
2. Биртанов А.Б., Биртанов Е.А. История медицины Казахстана. - Алматы: Санат, 1998. 
3. Козлова Ж. Первые врачи Караганды// Индустриальная Караганда. – 2014. – 28 января. 
4.  Карагандинский  государственный  медицинский  университет/  Под  общей  ред.  М.К. 
Телеуова. – Караганда, 2010. – 268 с. 
5. Карагандинская государственная медицинская академия: страницы истории/ Под ред. И.Р. 
Кулмагамбетова. – Караганда, 2005. – 644 с. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет