единства народов и единой гражданственности, основанной на равенстве возможностей
для всех граждан нашей страны независимо от их национального, социального
происхождения, обеспечение благоприятных условий для дальнейшего укрепления
межэтнического и межконфессионального согласия и толерантности в обществе,
жесткое и последовательное противодействие любым проявлениям экстремизма и
радикализма в обществе и стремлениям, направленным на ущемление конституционных
прав граждан. Мероприятия, проведенные под эгидой Ассамблеи народа Казахстана,
направлены на дальнейшую консолидацию казахстанского общества на базе ценностей
Общенациональной патриотической идеи "Мəңгілік Ел". Важна роль этнокультурных
объединений и творческой интеллигенции в сохранении мира, укреплении единства и
согласия нашего народа. Благодаря активному участию представителей всех этнокультурных
объединений, традиционным стал фестиваль дружбы народов, в рамках которого по всей
стране проходят концерты мастеров искусств, конкурсы на знание языков, круглые столы и
конференции. Любой праздник у нас многолик и многоязычен. Культурный проект
«Триединство языков» выступает одной из долгосрочных стратегий развития нашей страны,
реализация которой будет способствовать становлению нового поколения казахстанцев,
владеющих несколькими языками и имеющих широкие возможности для позитивного роста.
Многообразие культур и языков, наше согласие выступают главными условиями единения
казахстанского общества. Значительны достижения Казахстана в сфере образования, науки и
в формировании интеллектуальной нации. В сферу образования активно внедряются новые
методы и технологии. Мы гордимся нашими талантливыми школьниками, студентами и
учеными, которые демонстрируют высокие достижения в учебе, в выполнении научных
проектов и добиваются успехов в области науки, техники и изобретательства. Многих
успехов наш народ смог добиться благодаря стабильности, которая характеризует
политическую, экономическую и социальную жизнь нашей страны. В государственных
органах, организациях и учебных заведениях проводятся конференции, которые стали
своеобразной эффективной площадкой для публичного обсуждения ключевых итогов 25 лет
развития независимого государства и перспектив на будущее. На этих форумах
рассматриваются основные результаты экономических и политических реформ в Казахстане,
место нашей страны в мировой политике, а также движущие факторы в ее социальной и
экономической сферах, во внутренней и внешней политике, которые могут оказать влияние
на развитие страны в последующие годы. Наша страна добилась и добивается небывалых
успехов благодаря беззаветному труду каждого казахстанца. Значителен вклад граждан
нашей страны в создание инноваций индустриального развития. Сотни тысяч казахстанцев
работают на совершенно новых предприятиях, построенных в рамках индустриализации. В
кратчайшие сроки многонациональный народ молодого Казахстана сумел добиться
небывалых темпов социально-экономического развития, уверенно войти в мировое
сообщество, стал одним из пятидесяти наиболее конкурентоспособных государств мира. В
настоящее время стремится войти в тридцатку самых успешных экономик. Важным для нас
является уважение к ценностям культурного наследия Казахстана как основе исторической
памяти народа и духовной составляющей независимости. С каждым годом Республика
Казахстан устойчиво развивается, неуклонно повышается уровень благосостояния
населения. Огромна роль молодежи в успешном развитии Казахстана. На нынешнее
172
поколение возложена ответственность за сохранение и укрепление независимости. Активное
участие молодого поколения и социально активных граждан в реализации важнейших
государственных задач и общественной жизни будет способствовать укреплению чувства
сплоченности казахстанцев. Все это содействует углублению идейной и духовно-культурной
консолидации общества, укреплению в сознании казахстанцев ценностей государственности
и независимости, формированию чувства патриотизма, созидания и стремления к новым
вершинам.
Список литературы
1.Назарбаев Н.А. Новый Казахстан в новом мире. Послание Президента Республики
Казахстан народу Казахстана, г. Астана, 28 февраля 2007 года//"Казахстанская правда" от 1
марта 2007 года.-№33 (25278)
ТАСЫМАЛДАУ КЕШЕНІ ЖƏНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бакулова А.Ж. магистрант
Ғылыми жетекші: п.ғ.к.Уталиева Р.С.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік Университеті, Атырау қ.
Тасымалдау кешенінің дамуы Қазақстан Республикасының экономикалық саясатының
ерекше міндеттерінің бірі болып табылады. Экономикалық жүйенің жалпы қызмет көрсетуі,
Қазақстанның дүниежүзілік экономикаға интеграциясы, еліміздің тұрақты əлеуметтік –
экономикалық жағдайы тасымалдау кешенінің тиімді дамуымен тікелей байланысты. Нарық
қатынастарының дамуы жəне экономикалық жүйедегі құрылымдық трансформациялар соңғы
он жылда тасымалдау жүйесінің өмірлік негізін, тасымалдау кəсіпорынның қызмет көрсету
құзіреттіліктерін жəне қоғамдық өмірдегі тасымалдаудың маңыздылығын түбегейлі өзгертті.
Тасымалдау кешенінің дамуындағы тұрақты қарқынға қарамастан, тасымалдау
кəсіпорынның қызметінің мəселелерін жетілдіру, тасымалдау кешені қызметінің тиімділігін
арттыру өзекті мəселелер қатарынан түспей отыр.
Тасымалдау саласының ең басты міндеттерінің бірі – республикамыздағы тасымалдау
кешенін дамытудың жаңа деңгейіне көтеруге мүмкіндік беретін басқарудың тиімді
құрылымын іздестіру болып табылады. Сондықтан да тасымалдау кешенінің қолданатын
ұйымдастыру өзекті мəселе екендігі дəлелденіп отыр. Кез – келген қызмет тəуекелділіксіз
жүзеге аспайды. Тəуекелділік бұл – жемісті еңбекке қол жеткізу. Тасымалдау кешені
бойынша тəуекелділікті басқаруды көптеген шетелдік ғалымдар қарастырғанымен, отандық
еңбектерде зерттеу нəтижелері сирек кездеседі.
Елбасының «Қазақстан - 2030» стратегиясында 7 ұзақ мерзімді артықшылықтарды
республиканың тасымалдау кешенінің дамуымен байланыстырады. «Тасымалды жəне
байланысты дамыту» Ұлттық Бағдарламасы еліміздегі тасымалдау түрлеріне дамытудың 12
бағытын көрсетті. Осы саланы қолдауға қатысты бағдарламалардың барлығында жалпы
тасымалдау кешенін жəне оның жеке элеметтерін жетілдіру бойынша нақты міндеттер
қаралған [1, 25-31 бб.].
Қазақстан Республикасының аумағы, халық саны, соңғы жылдардағы даму қарқыны
тасымалдауға деген қажеттілікті барған сайын арттырып отыр. Сəйкесінше, шаруааралық
байланыстар шегінде, аймақтық экономиканың дамуында тұрғындар мен жүк ағымының
қозғалысы уақыт өткен сайын қажет қызмет түрі екендігі айқындалып отыр. Экономикалық
қызметтен басқа тасымалдау кешені əлеуметтік қызметті атқарады, демалыстарды
ұйымдастыруға қатысады, адамдарға білім беру, мəдени дамуға қатысады, сонымен қатар,
əртүрлі əлеуметтік мəселелерді шешуге қатысады.
Қазақстан басқа дамыған елдерге қарағанда, дүниежүзілік нарықтан алшақтау
болғандықтан жоғары жүк сиымдылығымен ерекшеленеді. Жүк тасымалының 80% құрғақ
тасымалдауға арналған. Тасымалдау кешені мемлекетаралық байланысты ерекше орынды
алып отыр. Олардың интенсивті қарқындылығы халықаралық бірлестікке тікелей
173
байланысты. Соңғы жылдары дүниежүзілік сауда жоғары қарқынмен дамып келеді. Еуропа
жəне Азия арасындағы тауар айналымы шамамен 400 млрд.$ құрады. Осы қарқынмен
жалғастырса 2015 жылы аяғына дейін 1 трл. $ жету қажет. Осыған байланысты
Қазақстанның географиялық орналасуы (Еуропа жəне Азия арасындағы жүк айналымы)
Қазақстанның тасымалдау компаниялары мен мемлекеттік бюджет табысын арттырады.
Халықаралық талаптар мен стандарттарға сəйкес Қазақстан Республикасының
тасымалдау жүйесін модернизациялау қажет. Өйткені, отандық жəне шетелдік эксперттердің
айтуынша кейбір халықаралық тасымалдаулар тиімділігін құрал – жабдықтардың тозуынан
арттыра алмай отыр [2, 4-5 бб.].
Еліміздің
экономикалық
өсуінің
маңызды
факторларының
бірі
көлік
инфрақұрылымын серпінді дамыту жəне жетілдіру болып табылады. Қазақстандық көлік
кешенін халықаралық көлік жүйесіне бірігу үдерістерін жеделдету жəне еліміздің транзиттік
əлеуетін дамыту мақсатында көліктік қызметтерді көрсетудің бəсекелі ортасы қалыптасты.
Көліктің тиімді дамуы ел экономикасына, сауданың өсуіне, құрылымдағы көлік шығынының
үлесін төмендетуге біршама ықпал етеді.Елбасының 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050»
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында қазақстандық
жолдың жаңа кезеңі – ол экономиканы нығайтудағы, халықтың əл-ауқатын арттырудағы
жаңа міндеттер екенін атап өтті. Қазіргі əлемде бұл əлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың
негізгі мəселесі. Бұл Қазақстанның таяу онжылдықтағы дамуының басты бағыты. Қазақстан
халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды. Дегенмен, біз күрмеуі қиын,
қайшылығы мол алмағайып заманда өмір сүрудеміз. Біздің міндетіміз – экономиканы осы
сынаққа дайындау, оны диверсификациялауды жалғастыру, - деп атап көрсетті Нұрсұлтан
Назарбаев. Қуатты Қазақстан дегеніміз – бұл ең əуелі өңірлердің қуаттылығы. Елдің
болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты. Алға үлкен
міндеттер жүктеді. Президентатап айткан кешенді 10 міндеттің алтыншысы,
инфрақұрылымды дамытуға деген қағидатты түрде жаңа көзқарастарды қалыптастыру.
Елбасы халыққа Жолдауында «Инфрақұрылым экономикалық өсімнің мүмкіндіктерін
кеңейтуге тиіс. Инфрақұрылымды екі бағытта дамыту: ұлттық экономиканы жаһандық
ортаға кіріктіру, сонымен қатар, ел ішінде өңірлерге қарай қадам жасау қажет. Өз
пайдамызды мұқият есептей отырып, Қазақстанның шегінен тыс өндірістік көліктік-
логистикалық объектілер құру үшін, елден сыртқа шығуға назар тіктеудің маңызы зор. Біз
қазіргі түсініктерімізден арылып, өңірде жəне барша əлемде – Еуропада, Азияда, Америкада,
мысалы, теңізге тікелей шыға алатын елдердің порттары, əлемнің тораптық транзиттік
нүктелеріндегі жəне тағы басқа, көліктік-логистикалық хабтар секілді қазіргі заманғы
кəсіпорындар құруға тиіспіз. Осы мақсатта «Жаһандық инфрақұрылымдық интеграция»
арнайы бағдарламасын əзірлеу қажет болады. Біз өз транзиттік əлеуетімізді дамытуға тиіспіз.
Бүгінде нəтижесінде 2020 жылы Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдау екі есеге ұлғаюы
тиіс болатын бірқатар ірі жалпыұлттық инфрақұрылымдық жобалар іске асуда. 2050 жылға
қарай – бұл цифр он есе ұлғаюға тиіс» - деп атап көрсетті [3, 4-5 бб.].
Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында жол жөндеу, тасымалдау құралдарын
жаңарту, тасымалдау кешенін білікті кадрлармен қамтамасыз ету, тасымалдау бойынша
ғылыми мекемелермен қамтамасыз ету мəселелері орын алып отыр.
Экономиканы дамытатын нəтижелерге қол жеткізу үшін əрине тəуекелге бару қажет.
Кез – келген мəселелердің шешімінде экономикалық нəтижені кемітетін немесе арттыратын
қауіп бірге жүреді. Тəуекелділік жобаланған шараларда белгілі бір объектілерді немесе
əрекеттерді ескермеуден болуы мүмкін. Жалпы соңғы жылдары Қазақстан Республикасында
тасымалдау кешенінің қызметінің ұйымдастырылуы жəне оның тəуекелділігі туралы
мəселелер жеткілікті дəрежеде қаралмаған.
Экономикада тасымалдау саласы экономикалық инфрақұрылымға жатқызылады.
Транспорт - өндіргіш күштерінің бөлігі жəне жалпы экономикалық жүйенің қалыпты
қызметін қамтамасыз ететін өзіндік жүйесі болып табылады. Тасымал өнімі материалдық
сипатта болады жəне басқа салалардың заттай өнімінің орналасуымен сипатталады.
174
Тасымалдау өнімінің ерекшеліктері:
1. Тасымалдау өнімінің материалдық сипаты тасылатын тауарлардың кеңістіктегі
жағдайларының өзгерісі;
2. Тасымалдау көлігінде өндіріс үдерісі мен өнімді тұтыну үдерісі уақыт бойынша
бөлінбеген, тасымалдау өніміне зат емес, пайдалы тиімділік ретінде қолданылады;
3. Тасымалдау өнімін кейін жинақтауға болмайды, тасымалдауға деген сұраныстың артуы
қосымша мүмкіндіктердің қолданысын талап етеді;
4. Тасымалдау қызметінде жаңа өнім қалыптаспайды, керісінше бұл үдеріс жүктердің
физикалық көлемінің азаюына əкеледі;
5. Тасымалдау өнімі өндіруші салаларда қосымша шығындарды қажет етеді, себебі, жалпы
экономика мен тасымалдау салаларының мүдделері сəйкес келмейді.
Қазақстан Республикасында тасымалдау жүйесі дамыған елдер секілді шаруашылық
ірі базасы жəне өндірістік, əлеуметтік инфрақұрылымдардың маңызды бөлігі болып
табылады.
Тасымалдау коммуникациялары аймақтың бірліктің, экономикалық кеңістік
бірлестігінің қажеттішарты болып табылатын аймақтардың барлық аудандарын біріктіреді.
Олар елді Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары мен оның жаһандық
экономикалық жүйеге интеграциясын қамтамасыз етудің материалдық негізі бола отырып,
елді дүниежүзілік қауымдастықпен біріктіреді. Қазақстанның географиялық жағдайы
тасымалдау қызметінің экспортынан, оның ішінде өз коммуникациялары бойынша
транзиттік тасымалдауды жүзеге асырудан үлкен табыстар алады.
Тасымалдау еліміздің əлеуметтік – экономикалық дамуында да елеулі орын алады.
Қауіпсіз жəне сапалы тасымалдау қызметіне қол жеткізу өндірістің қызметі мен дамуының,
бизнес пен əлеуметтік саланы тиімділігін көрсетеді. Осыған байланысты еліміздің
əлеуметтік – экономикалық дамуындағы транспорт ролі тасымалдау қызметінің көлемді,
құнды жəне сапалы сипаттамаларымен анықталады.
Тасымалдау қызметінің көлемді сипаттамалары өндірістік жəне əлеуметтік
қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында ел ішінде жəне одан тыс экономикалық
байланыстардың толық жүзеге асырылуын, сондай –ақ халықтардың барлық топтарының
орналасу мүмкіндігіне əсер етеді.
Тасымалдау қызметіне географиялық жəне технологиялық қол жетімділік экономика
мен əлеуметтік саланың аймақтықдаму мүмкіндіктерін көрсетеді.
Құндық
сипаттамалары
оның
соңғы
бағасына
қосылады,
өндіріс
шығындарынақосылады, өнімніңбəсекегеқабілеттілігіне жəне оны өткізу аймағына əсер
етеді. Жолаушыларды тасымалдау құны тұрғындар үшін жолға шығу мүмкіндігін шектейді.
Тасымалдау қызметінің арзандауы тек қана əлеуметтік емес, сонымен қатар, экономикалық
маңыздылығы болады.
Тасымалдау
қызметінің
сандық
сипаттамалары
тасымалдау
жүйесінің
жылдамдығымен, дəлдігімен, ырғақтылығымен, қауіпсіздігімен жəне экологиялық
қызметімен байланысты.Тасымалдау қызметінің жылдамдығы экономикалық байланысқа
жəне халықаралық қозғалысына байланысты.
Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жылдамдығының артуы экономикалық жəне
əлеуметтік тиімділікті көрсетеді. Жүктерді тасымалдауда ол кəсіпорынның айналым
құралының босатылуымен сипатталады, ал жолаушыларды тасымалдауда басқа мақсатқа
жұмсалатын адамдардың уақытының босатылуымен сипатталады.
Тасымалдаудың магистралды түрлерінің арзандауы жəне жеделдетілуі бір - бірінен
алшақ аймақтарды жақындатуға, тұрғындардың өмір сапасын жəнеіскерлік белсенділігін
арттыруға мүмкіндік береді, еліміздің территориялық бірлігін ұстап тұруға жəне
потенциалды экономикалық жəне əлеуметтік мүмкіндігінің жүзеге асуына жағдай жасайды
[4, 7-8 бб.].
Жолаушыларды жəне жүктерді тасымалдауда тасымалдау қызметінің уақтылы
(ырғақтылығы, реттелмелігі) көрсетілуі үлкен экономикалық мəнге ие. Жүк тасымалында
175
оған жүк қабылдаушының қоймасындағы өнімнің сақтандыру қорларының көлеміне
байланысты. Қоймадағы өнім қоры өндірістің үздіксіздігін жəне жергілікті халықтың
жабдықталуын қолдауға, қажетті айналым құралдарының көлеміне қажетті.
Тасымалдау құралдарының тасымалдау желілері бойынша орналасуы, тасымалдау
ағымын білдіреді. Тасымалдау құралдары тасымалдау желілерін жобалауда ескеретін кең
диапазонға ие. Қолданылатын құрал – жабдықтар түріне байланысты (велосипед немесе
самосвал, трамвай, темір жол вагоны болса да) тасымалдау ағымы сипатына байланысты
емес, тасымалдау желілерінің геометриялық жəне техникалық параметрлеріне сəйкес
өзгереді. Тасымалдау желілерінің буындарында жүктер мен жолаушылар, осы тасымалдау
құрал – жабдықтарға бұларға дейінгі жүктер мен жолаушылар да басқа тасымалдау
құралдарына ауыса отырып, өзіндік ағымын қалыптастырады.
Басқару жүйесі - тасымалдау ағымын басқаруды жəне тасымалдау құралдарының
басқару жүйесін құрайды. Тасымалдау құрылысының жұмысын басқару жүйесі таңдалған
тасымалдау технологиясымен анықталады жəне тасымалдау инфрақұрылымының негізгі
бөлігі болып табылады. Бұл басқару жүйесінен жүргізушіні шығарып тастамау қажет.
Өйткені ол мақсатты бұйрықты іске асырады. Жеке көлігі болған жағдайда жүргізуші осы
басқару жүйесінің бір ғана субьектісі болып табылады. Жүргізушінің басқару жүйесіне
қатысуы адам факторын есепкеалады. Тасымалдау ағымын басқару жүйесі тасымалдау
құралдары қозғалысын реттеу бойынша қажетті əрекеттерді іске асырады. Бұл жүйе белгі,
жол белгілері арқылы көрсетіледі.
Тасымалдау жүйесінің тиімділігі жүйе ішіндегі сəйкес үдерісінің орындалу
тиімділігіне қол жеткізу аясында ғана қарастырылады.
Осылайша тиімді тасымалдау жүйесін қалыптастыру үшін тасымалдау саласының
экономикамен, қала құрылысымен, географиямен, экологиямен, əлеует жəне психологиямен
байланыстылығын ескеру қажет [5, 127 б.].
Жалпы алғанда қоғам мен экономиканың дамуы тасымалдау жүйесін дамытумен
байланысты. Тасымалдау жүйесінің жаңа мүмкіндіктері экономиканың тиімділігін
арттырады. Ертеде теңіз желкенін тежегішпен алмастырғанда Африкада, Азияда табиғи
құбылыстарға қарамастан шикізаттар жеткізілді. Бұл Европа өнеркəсібінің дамуына себепші
болады. Осы Европада маманданған өнеркəсіп өндірісінің дамуы шапшаң жылдамдықпен
қозғалатын желілерінің жəне ірі жүктерді тиейтін тасымалдау құралдарының пайда болуына
негізделген [6, 52-53бб.].
Əдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н.Ə. «Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму стратегиясы» - Алматы,
2005. 25-31 бет.
2. Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» Жолдауы 14.12.2012 ж (Алтыншы міндет) 4-5 бб.
3. Послание Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана. 17 января
2014г.
4. Сұлтанов К. Транзиттік жүк тасымалдары // Магистраль. – 2011.–No3. – 7 – 8 б.
5. Атамкулов Е.Д., Жангаскин К.К. Железнодорожный транспорт Казахстана:
реструктуризация и пути интеграции в мировую экономику /Под общей ред. Р.К. Сатовой .
– Алматы: Экономика, 2003. – 742 б.
6. Бодаухан Г. Көліктік қызмет көрсету саласында Қазақстанның басқа елдермен
экономикалық интеграциясы: қазіргі жағдайы, даму болашағы, Алматы, Алматы 2008 ж. 52-
53 б.
176
ЭКОНОМИКАНЫҢ АГРАРЛЫҚ СЕКТОРЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ҚЫЗМЕТТІҢ ҰЙЫМДЫҚ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ МƏНІ
Батырғалиева Қ.Б.
Ғылыми жетекші: доцент Мукашева А.Ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік Университеті, Атырау қ.
Дүниежүзілік қаржы дағдарысының алдын алу үшін Қазақстанда шаруашылық
қызметтің барлығына əсер ететін экономикалық реформалар жүргізілді. Түбегейлі өзгерістер
өндіріс модернизациясында жəне басқарудың экономикалық құралдарын да қамтиды.
Кəсіпорынның жəне халықшаруашылығы салаларыныңэкономикалық өсуі ұйымның
инновациялық əлеуетіне, маркетингтік, коммуникациялық, басқарушылық жəне салық
саясатына негізделген дағдарысты құбылыстардың алдын алу үшін олардың тез
жаңартылуына мүмкіндік береді.
Экономикалық өсудің басты көзі ҒТП болып табылады. Дəл осы деңгейде қоғамдық
даму мүдделерінің жəне шығынды азайтып, табысты көтеруге негізделген ұйымды дамыту
мүдделерінің қайшылықтарына əкеледі.
Өндіріс модернизациясы қызмет көрсетіп отырған өндірістің реконструкциясы мен
техника
технологиясының
қайта
жарақталуына
бағытталған
жəне
салааралық
мультипликатор есебінен экономиканы жандандыратын жоғары технологиялық өнім өндірісі
саласында салааралық байланыстардың дамуына бағытталған халықшаруашылық қайта
құрылысына негізделеді.
Агроөнеркəсіп кешеніндегі инновациялық үдерістердің дүниежүзілік тəжірибесін
игеру негізінде мынадай тұжырымға келуге болады: нарықтық экономика жағдайында
инновациялық үдерістің инициациясы мен дамуына мүмкіндік беретін басты
институционалдық инвестор мемлекеттік құрылым болып табылады. АӨК – гі инновациялық
үдерістерді дамытудың басты кезеңінде аймақтар мен салалардың дамуына дифференциация
жүреді, ал ауылшаруашылығы үнемі мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру арқылы
дамиды.
АӨК – де инновациялық үдерістерді жүзеге асырудың негізгі мақсаты ауыл
шаруашылық материалдық – техникалық базаларын қайта қалыптастырумен, жоғары
өнімділікті
ауыл
шаруашылық
техникаларының
өндірісібойынша
өнеркəсіптік
қуаттылықтың техникалық реконструкциясымен технологиялық жаңартылуының қайта
қалыптасуымен байланысты Қазақстан азық – түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету [1, 27-б.].
АӨК – нің инновациялық дамыту жолдарын, оның ішінде, аграрлық өндірістің, ауыл
шаруашылықтың,
машина
құрастырудың,
импортты
алмастырудың,
сəйкесінше,
Қазақстанның азық – түлік қауіпсіздігі мəселесін шешу үшін анықтаумен сипатталады.
Бұл мəселелердің шешімі ауылшаруашылық саласының жүйесін өзгертуді жəне
қаржылық қолдаудың тиімділігін арттыруды талап етіп отыр. Ауылшаруашылық тауар
өндірушілерінің техникаға жəне құрал – жабдықтарға деген қажеттілігін қанағаттандыру
үшін ҒТП – нің соңғы жетістіктерін қолдану негізінде машинақұрастыруды дамыту қажет.
Сонымен қатар, сұраныс ауылшаруашылығы ұйымдарының төлем қабілеттілігінің
төмендігімен шектеледі.
Сондықтан да Қазақстандағы ауыл шаруашылық ұйымдар экономиканың дамуы
Отандық жəне шетелдік инвестицияның тартылуын талап ететін инновациялық жобалардың
енгізілуімен байланысты.
Қазақстанның дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін Отандық
экономиканы экспорттық – шикізаттық экономикадан инновациялық, əлеуметтік
бағытталған түріне көшу қажет.
Бұл АӨК – ді дамытуда əрі қарай ғылыми зерттеулердің жүргізілуін жəне ұйымдық
экономикалық бағыттардың жоба бойынша негізделуін қажет етіп отыр [2, 14-б.].
Отандық экономиканың тұрақты өсуіне көшу толыққанды ұлттық инновациялық
жүйенің қалыптасуы жағдайында ғана мүмкін болады. Оның негізгі бөліктері: ғылым,
177
инновация, жаңа технологиялар өзара байланысқан жəне əрекет нəтижелері заң түрінде
қорғалған.
«Инновация» термині экономикалық əдебиеттерде ҒТП нəтижесінің жаңа технология
мен өнімге енгізілген нақты обьектіге айналуды білдіреді. Аграрлық секторға қатысты
инновациялық қызметтерді дамытудың мынадай кезеңдерін бөліп көрсетуге болады.
Инновацияның қалыптасуы, олардың таратылуы жəне тауар өндірушілермен игерілуі. Ең
маңыздысы жəне мерзімі бойынша ұзаққа созылатыны инновацияның қалыптасу кезеңі
болып табылады. Бұл кезеңде ең алдымен елдің жəне шетелдің мəселелерін талдай отырып,
жаңа идея пайда болады.
Негізгі жəне қолданбалы зерттеулер жүргізу оның қанағаттанарлықсыз нəтиже беру
тəуекелділігіне қарамастан ғылыми - техникалық өнімді қалыптастыру мен ойлаған идеяны
тəжірибе жүзінде жүзеге асыру үдерісінде қажетті əрі маңызды болып табылады. Егер
зерттеу жүргізу жоспары толығымен орындалып, нақты нəтиже алынса жасақтама аяқталған
болып есептеледі. Міндетті түрде өндірістік тексеруден өту қажет.
Инновациялық үдерістердің сəтті дамуы инновацияны тарату кезеңінде саланың
ақпараттарының қамтылуына тікелей тəуелді.
Аграрлық ғылым дегеніміз - аграрлық салада ҒТП жеделдету үшін нақты табиғи жəне
экономикалық жағдайларға бейімделу бойынша білімі мен ұсыныстар кешенін жасақтау
негізінде, инновацияны қалыптастыру негізінде негізгі жəне қолдаңбалы зерттеу жүргізу
мақсаты бар инновациялық қызметтің ұйымдастырылған блогы. Отандық аграрлық ғылым
жүйелі зерттеу жүргізу жəне инновацияны қалыптастыру қызметінен басқа бөтен елдермен
өзара байланысу арқылы зерттеу жұмыстарын жалғастыру қажет.
Инновациялық қызметтің ұйымдық – экономикалық механизмінде өзара байланысты
4 блокты көрсетуге болады.
Сурет 1 - Аграрлық секторда инновациялық қызметті ұйымдастырудың сызбасы
Инновациялық қызметтің
ұйымдық блоктары
Ұйымдық блоктардың функционалдық ерекшеліктері жəне
олардың өзара əрекеті
Басқару
Аграрлық ғылым
Ақпараттық кеңес беру
қызметі
Агроөнеркəсіптік өндіріс
Инновациялық үдерістің соңғы кезеңі ретінде инновацияны өндірісте игеру тауар
өндірушілерінің ұйымдық формасында жүзеге асады жəне оларға тəуелді болады.
Агроөнеркəсіптік өндірісті басқару
ҒТ қызметті басқару
Инновациялық
үдерісті басқару
Аграрлық ғылым (инновацияның
қалыптасуы)
Ақпараттық –кеңес беру іс- əрекеті
Аграрлық сектордағы тауар өндірушілер
инновацияның өндірісте игерілуі
178
Кез - келген инновациялық қалыптасулардың орталығы - сапалы ғылыми өнімді
өндіруге мүмкіндік беретін ғылыми мекеме болып табылады. Ауыл шаруашылығындағы
өндіріс саласы еңбек үдерісін жүзеге асыруын химиялық, биологиялық жəне физикалық
үдерістерден
тұрады.
Ауыл
шаруашылығының
өндірісі
кеңістікте
жүзеге
асырылатындықтан, олар тұрғылықты аймақтардан ажыратылған.
Аграрлық ғылымдардың ерекшеліктері:
- ғылыми - техникалық үдерістерінің мақсатты бағыттылығы жəне ҒЗКЖ нəтижесінің көп
профильділігі;
-ғылыми - техникалық қызмет формаларының көп түрлілігі (ҒЗ институттары, арнайы
ғылыми мекемелер, тəжірибелі - конструкторлық ұйымдар, селекциондық станциялар,
тəжірибелі - эксперименталды шаруашылық);
- ғылыми - техникалық қызметтің мүмкіндік сипаттамалары;
- ғылым жасақтамалардың көп түрлілігі.
Аграрлық саладағы инновацияның қалыптасуының қағидалары ұйымдық,
функционалдық, экономикалық, əлеуметтік, сыртқы байланыстарының дамуы. Өндірістік
инновацияның басты элементтері өндіру жəне тұтыну болып табылады.
Ауыл шаруашылығындағы инновацияның жіктелуі: селекционды генетикалық,
технико - технологиялық жəне өндірістік, ұйымдық басқарушылық, əлеуметтік -
экологиялық.
Кесте 1 - Ауыл шаруашылығындағы инновацияның типтері
Селекционды -
генетикалық
Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің жаңа сорттары мен гибридтері,
жануарлар мен құстардың жаңа сұрыптары. Қоршаған ортаның
факторларына, ауру түрлеріне жəне зиянкестерге тұрақты əсер
ететін өсімдіктер мен жануарлардың селекциясы
Технико-
технологиялық жəне
өндірістік
Жаңа технологияны қолдану. Жерді игеруде жəне жануарларды
өсіруде ресурүнемдеуші жаңа технологиялар. Өндірістің қалдықсыз
жаңа технологиясы жəне олардың сапасын арттыруға бағытталған
азық - түлік тағамдарын сақтау
Ұйымдық
-
басқарушылық жəне
экономикалық
Ауыл
шаруашылығында
кооперацияны
дамыту
жəне
интеграциялық құрылымды қалыптастыру.Техникалық қызмет
көрсетудің прогрессивті формалары.
Ауыл шаруашылығындағы ұйымдар мен басқармалардың жаңа
формалары.Ғылыми -техникалық жəне инновацияның қызмет
саласындағы ақпараттық - кеңес беру жүйесінің қалыптасуы.
Инновациялық дамудың қазіргі формалары жəне механизмдері
Əлеуметтік -
экологиялық
Кадрларды дайындаудың жаңа жүйесін қалыптастыру. Ауыл
тұрғындарының ішінде ауыл шаруашылық өнімінің өндірісімен
айналысатын мамандарға жағдай жасау. Қоршаған ортаның
сапасын сауықтыру жəне жетілдіру.
Инновацияның бірінші типі тек ауыл шаруашылығына байланысты. Селекционды –
генетикалық инновациялар – тек аграрлық өндіріске тəн қасиеттері бар инновацияның жаңа
типі. Оларға өсімдіктердің жаңа сұрыптарын анықтау жəне малдың жаңа түрлерін
селекциялау бойынша егін жəне мал шаруашылығы саласында ғылыми – техникалық
зерттеулерінің нəтижесі жатады [3, 67-74 бб.].
Əлеуметтік экологиялық инновация қоршаған ортаны экологиялық қауіпсіздікпен
қамтамасыз ету, аймақтық мəселелерді дамытуға қатысты экономикалық жəне əлеуметтік
қатынастар жүйесіндегі жаңалықтарды біріктіреді.
Ауыл шаруашылығындағы инновациялық үдеріс аграрлық кешен ерекшеліктерімен
шартталған өз спецификасы бар жəне оның негізі – ауыл шаруашылығы болып табылады.
179
АӨК-де инновациялық үдерісті қалыптастыру мен дамытудың негізгі ерекшеліктеріне
келесілерін жатқызуға болады:
- аграрлық өндірісте қолданысқа ұсынылатын ғылыми – техникалық жасақтамалардың
көптігі, мақсатты бағыттарының əртүрлілігі, өндіріс технологиясының айырмашылықтары;
- ауыл шаруашылығы кадрларының жетіспеушілігінен кадрларды қайта дайындауға
қосымша шығын жұмсалады;
- ауыл шаруашылығы ұйымдарының қаржылық жағдайының қиындығымен, несие алу
қиындығымен байланысты ғылыми – техниканың жəне ғылымисиымдылықты өнімге деген
сұранысының
төмен
қабілеттілігінің
қиындығымен
ерекшеленетін
ауыл
шаруашылығындағы инновациялық қызметінің белсенділігінің төмен деңгейі;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер арасында инновациялық өндірістен жаппай
таратылуына дейіңгі барлық кезеңді қамтитын инновациялық үдерістерді аймақтық деңгейде
белсенділігіне қолдау жасалмауы, инновациялық саясаттың əлсіздігі.
- ғылыми - техникалық өнімді өндіретін ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің;
- ауыл шаруашылығындағы ҒТП-ң жетістіктерінің толық қолданылмауы;
- АӨК –де инновациялық – инвестициялық инфрақұрылымның əлсіз дамуы.
Ауыл шаруашылығындағы инновация дегеніміз ғылыми зерттеулер мен жасақтау
нəтижелерінің (егін шаруашылығының, мал шаруашылығының, құс шаруашылығының, егін
жəне мал шаруашылығы жаңа ресурс үнемдеуші технологияларының, жаңа минералды
тыңайтқыштардың жаңа сұрыптары бойынша) ауыл шаруашылық өндіріске енгізілуі [4, 77-
б.].
Ауыл шаруашылығында инновацияны дамыту үшін ғылыми - техникалық зерттеулер
келесі бағыттарда жүзеге асады:
-
жер шаруашылығы, су жəне орман шаруашылығы;
-
егін шаруашылығы жəне өсімдіктерді қорғау;
-
зоотехника жəне ветеринариялық медицина;
-
механизация, электрификация жəне автоматизациясы;
-
ауыл шаруашылығы өнімдерді сақтау жəне қайта өңдеу;
-
автоматтандыру жəне электролизация.
Инновациялық дамудың бұл бағдарламалары аграрлық өндіріске қаржылық қолдау
жасалған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Бірақ басқару органдары, ғылыми мекемелері
жəне өндірістік ұйымдар нақты инновациялық жобаларды жасақтай отырып, ауыл
шаруашылығы саласында жүретін жаңалықтармен бірге жүретін тəуекелділікті бағалау қажет.
Инновациялық қызметтің соңғы нəтижесі инновацияны қалыптастыру жəне оны өндіріске
енгізу болып табылады. Бірақ бұл іс əзірге экономикада қарқынмен дамып кете қойған жоқ
[5, 125-б.].
Достарыңызбен бөлісу: |