Студенттік ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары


ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ-Н.Ə.НАЗАРБАЕВ



Pdf көрінісі
бет29/42
Дата31.03.2017
өлшемі4,98 Mb.
#10682
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42

ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ-Н.Ə.НАЗАРБАЕВ 
Искакова А., ФҚТ-11 топ студенті 
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Сайлаубаева Н.Е 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті 
 
Бағзы заманнан көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқы бүгінде толығымен қалыптасып, 
өркендеп,  дамудың  даңғыл  жолына  түсіп,  мемлекет  мəртебесін  алып,  дамыған  елдермен 
терезесі  тең  тұрарлықтай  дəрежеге  жетті.  Қазақ  елі  биыл  өз  тəуелсіздігіңің  ширек  ғасырын 
тойлатып,  торқалы  той  өткізбекші.  Осы  тəуелсіздік  жолында  қандай  жетістіктерге  жеттік? 
Елбасының ерен ерлігі мен сындарлы саясаты қандай нəтиже берді? Осы мəселелер жөнінде 
сөз қозғасам.  
25 жыл адам өмірімен есептегенде де, тарихи тұрғыдан алып қарағанда да көп уақыт 
емес.  Бірақ  осы  бір  қысқа  мерзімге  қарамастан,  тəуелсіздіктің  алғашқы  жылдарындағы 
экономикалық-əлеуметтік  жəне  саяси  қиыншылықтарды  еңсере  білген - Қазақ  елі  əлем 
мойындаған  мемлекеттер  қатарына  қосылды.  Еліміздің  саяси  өмірі  жаңартылып,  түбегейлі 
өзгерістер  жасалды.  Мемлекеттіліктің  барлық  институттары  құрылып,  экономикамыз 
нарықтық жолға түсті. Халықтың əл-ауқаты жаңа деңгейге көтерілді, əлеуметтік салада жаңа 
асулар  бағындырылды.  Мемлекеттік  шекарамыз  айқындалып,  елдің  тұтастығы,  жердің 
бүтіндігі  қамтамасыз  етілді.  Елбасының  көрегендігі  мен  ерік-жігерінің  нəтижесінде 
Қазақстан əлемде тұңғыш рет ядролық қарудан бас тартып, Семей сынақ полигонын жабуы 
бүкіл  дүниежүзінің  назарын  өзіне  еріксіз  аударды.  Осы  бір  батыл  қадамның  нəтижесінде 
мемлекетіміздің қауіпсіздігіне əлемнің іргелі мемлекеттері кепілдік берді. 

199 
Президент  Н.Ə.  Назарбаев  Қазақстанды  бүгінгі  шыққан  биігіне  жеткізу  үшін 
батылдық пен сақтықтың үйлесімін пайдаланды. Коммунизм бұғауларын быт-шыт қылған ел 
өзінің  ерекше  қазақы  қасиеттерін  сақтап  қалды.  Президент  Назарбаев  экономика  мен 
қоғамның  ашықтығына,  яғни,  оның  кейбір  көршілері  қасарыса  бас  тартқан  нақ  сондай 
нəрселерге  ұмтылды,  ол  сөйтіп  Қазақстан  үшін  халықаралық  ұйымдарда  айтарлықтай 
беделге қол жеткізді», – деп жазды[1]. 
Нұрсұлтан  Назарбаев  тəуелсіздіктің  бетбұрысты  кезеңдерінде  Мемлекет  басшысы 
ретінде,  əсіресе,  экономикалық  жəне  саяси  дамудың  үлгілерін  талдау  мəселесіндегі 
біліксіздікке  қатаң  қарсы  тұра  білді.  Ешкімнің  ойына  келмеген  жəне  де  бəріне  бірдей  жаға 
бермейтін,  бірақ  өміршең  маңызы  бар  шешімдерді  батыл  қабылдап  жатты.  Елбасының  өз 
сөзіінде: «Кейде  адамдарды  еркінен  тыс  қазір  барғысы  келмейтін,  бірақ  объективті  түрде 
баруға тиіс жаққа жетелеуге тура келді», – деп айтқанын осы күндері еске ала отырып, яғни 
билік үшін күрестегі батылдық пен билік басындағы батылдықтың екеуі екі басқа екендігін 
өз ісімен дəлелдей білді деп ойлаймын [2]. 
Ұлт  көшбасшысының  алдынан  сын  сағаттар  тосып  тұрды.  Қазақтың  кенге  толы  кең 
даласына  көз  тіккен  көршілерімізде  аз  болмады.  Осының  бəрін  көк  бөрідей  қайратымен 
қайтарып тастады. Өз ішінде кей елдер тартысып жатса, біздің еліміз 160- тан астам ұлт пен 
ұлысты көк туымыздың астына біріктіріп отыр.  
Елбасы  тəуелсіздіктің  алғашқы  кезеңінен  бастап  ұлтаралық  келісімді,  ел  бірлігін 
мемлекет  саясатының  басты  қағидаты  ретінде  белгіледі.  Ұзақ  жылдар  бойы  өз  жерінде 
қағажу  көрген  қазақ  ұлтының  дамуы  мен  орыс  жəне  басқа  да  этностық  топтардың 
құқықтарын  сақтау  саясаты  ұлтаралық  қарым-қатынастың  тепе-теңдігін  орнықтырды. 
Дегенмен де, Елбасының мейлінше салмақталған бұл ұстанымын жұрттың бəрі бірдей жəне 
бірден қабылдай да қойған жоқ. Алғашқы кездерде қазақтардың да, сондай-ақ ұлтшыл-ради-
калдардың 
да 
қарсылықтарын 
еңсеруге 
тура 
келді. «Халықтар 
достығының 
лабораториясына»  айналған,  жергілікті  халық – қазақтардың  азшылыққа  ұшыраған 
аумағында ұлтаралық қақтығыстардың орын алуы, оны əдейілеп қоздырудың түрлі амалдары 
да  бар  еді.  Жүзден  астам  ұлт  өкілдері  тұратын  республикада  шиеленісті  жағдайлар  мен 
тұрақсыздық  тудыруға  əрекеттенгендер  де,  ұлтаралық  факторларды  пайдаланғысы 
келетіндер де табылмай қоймайды. Мұндай жағдайға да Елбасы лайықты жауап таба білді. 
Қазақстан халқы Ассамблеясын құру, оны жетілдіру, оны басқа елдерге үлгі ету Н.Назарбаев 
қызметінің даналығының көрінісі болды.  
Нұрсұлтан  Назарбаевтың  жаңа  астананы  тұрғызу  бастамасы  мен  оны  ақиқатқа 
айналдыруы  Елбасының  модернизациялық  жобасының  басты  табысының  символына 
айналды. Қазақстанның жаңа астанасы шын мəніндегі жаңа дəуірдің қаласы бола алды. 1994 
жылы Н.Назарбаев астананы көшіру ойын алғаш рет алға тартқан кезде бұл жағдай қоғамда 
екіұдай пікір туғызды. Қазақстан Президентінің бұл шешімі мейлінше күтпеген жəйт болды. 
Ел  өтпелі  кезеңнің  ауыр  жағдайларын  бастан  өткеріп  жатты.  Экономикалық  дағдарыс  та 
жан-жақтан  қыспаққа  алып  тұрды.  Дəл  сол  бір  қиын-қыстау  кездері  астананы  көшіру 
жөніндегі Елбасының бұл бастамасын батылдық пен батырлық демеске жəне де амалың жоқ. 
Тіпті,  дүние  тарихында  өз  тəуелсіз  мемлекеттіліктерін  қалыптастыру  кезеңінде  бір  де  бір 
мемлекет басшысы мұндай түбегейлі батыл қадамға барған да емес. Төрт жыл бойына, яғни 
жаңа  астананың  тұсаукесері  өткенге  дейін,  Президентке  ел  астанасын  жаңадан  салу 
жөніндегі  өз  идеясы  мен  ұсынысының  түптің-түбінде  пайдалы  болатындығын  қорғап, 
дəлелдеп отыруға тура келді. Егемен Қазақстанның елордасын жаңа əрі тəуелсіз идеялардың 
топтастырушы  орталығына  айналдыру  жөніндегі  Елбасының  идеясы  тəуелсіздікті 
нығайтудың,  білім – ғылымды  дамытып,  əрі  ұлттық  болмысты  сақтай  біліп,  заманмен 
ұштастырудың салмақты бір дəйектемесі болды. Міне, бүгінгі күнде Астананың қақ төрінде 
орналасқан, кезінде Алаш зиялылары арман еткен, бəсеке мен жалынды жастардың отанына 
айналған Евразия Ұлттық Университетінде білім алып жатырмын. Мұның бəрі елін сүйген, 
елі сүйген Елбасының арқасы деп білемін. 

200 
Өзіміздің ел тəуелсіздігінің тарихы жəне Елбасының ел егемендігіндегі рөлі жөніндегі 
ойымды қорыта айтқанда, аз ғана уақытта Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың 
жетекшілігімен  елімізде  экономикалық,  əлеуметтік,  құқықтық  жəне  саяси  түбегейлі 
өзгерістер  жүзеге  асырылғандығын  бөле-жара  атап  көрсету  қажет.  Тəуелсіздіктің  алғашқы 
жылдарында Елбасы белгілеген жəне батыл жүргізілген бағыт өзін – өзі ақтады жəне алдағы 
уақытта  да  өміршең  болатындығын  дəледеп  отыр.  Қазақстанның  Тəуелсіздігі  мен  Елбасы 
еңбегінің бір-бірімен тығыз ұштасып жатқандығын, олардың бір-бірімен ажырамас егіз ұғым 
екендігін ақиқат есебінде тарих алдымызға тартып отыр. Біз Керей болып құрылдық, Қасым 
болып  қасқайдық,  ендігі  кезекте,  Нұрсұлтан  Назарбаев  айтқандай, «Мəңгілік  ел»  болып, 
əлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіріп, ата бабаларымыздың сан – мың жылдардан бергі 
асыл арманын орындаймыз. Сөз соңын өз шығармашылығыммен аяқтығым келеді.  
Мəңгі жаса, Алаш жұрты, ардақты 
Əлемде бар данасы асқан талай халық, 
Оған дау жоқ, солай болсын Алла жазып. 
Ат терлетіп, күй шерткен қазағыма, 
Ешбірі де жетпесі айдан анық! 
Қазақ – ол болмысынан дара туған 
Керегесі кең болып, дана тұнған! 
Ақ жүректі қонақжай пейілімен, 
Бар əлемді өзіне құмар қылған. 
Батырлары Алпамыстай алып болған, 
Əншілері бұлбұлдай əн салып тұрған! 
Жыршылары жыр төгіп жүрегімен, 
Көмекейі бүлкілдеп, сауық құрған! 
Қара қылды қақ жарған ханы болған, 
Ала жіпті аттамас ары болған! 
Тас жүректі тілімен тілімдеген, 
Мұқағали ақындай ұлы болған! 
Бас ақыны қазақтың Абай болған, 
Абайдан үлгі алған талай болған! 
Əрбір сөзін айшықты жеткізе алған, 
Елбасы Нұрсұлтандай ағам болған! 
Қазағыма Нұр ағамды нəсіп еткен, 
Нұр ағам Теміртауда еңбек еткен. 
Теміртауда басталған сол еңбекпен, 
Талай қазақ жерінде терін төккен! 
Қазағымның көсегесін көгертіп, 
Халқымызды көп ұлтты ғып көбейтіп. 
Елімізде бейбітшілік орнатып, 
Мəңгі ел – деп мақсат қойды алғаш боп! 
Жастарыма жалын беріп, рух беріп, 
Болашаққа жол салады нық берік! 
Бар саланы кенжелетпей тең ұстап, 
Тілімізді жиі айтады көп нұсқап. 
Қазақ тілі өте бай тіл біл дейді, 
Ана тілсіз ешкім өмір сүрмейді! 
Өткенді біл, бүгінді біл, назар сал 
Деп əрқашан жақсылыққа үндейді. 
Əрбір сөзін нық айтатын салмақты, 
Қаны таза халқымыз бар қайратты. 
Салт – дəстүрін санасында сақтаған, 
Мəңгі жаса, Алаш жұрты, ардақты! 
 

201 
Əдебиеттер тізімі: 
1.  Нұрсұлтан Назарбаев: «Тарих толқынында». Алматы. 2006. 192 -193бб. 
2.  Егемен Қазақстан. 7- шілде .2012 ж .4-5 бб. 
 
 
ОТАНДЫҚ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН 
МƏСЕЛЕЛЕРІ 
Кабдрахманов Р., Мұратов Ғ.А. 
Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к.Адиетова Э.М.  
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік Университеті, Атырау қ. 
 
 
Ғасырлардың алмасуы дүниежүзілік экономика жəне оның секторларының қарқынды 
дамуымен,  халықаралық  еңбек  бөлінісінің  тереңдеуімен  экономиканың  жаңа  үлгісінің 
дамуымен  ерекшеленді.  Жер  бетінде  болып  жатқан  өзгерістер,  өнеркəсіпті,  ауыл 
шаруашылығын,  тасымалдауды,  қаржылық  жəне  халықаралық  сауда  айырбасындағы 
өзгерістер  еліміздің  шаруашылық  өміріне  əсер  етті.  Бұл  өзгерістер  энергетика  мен  оның 
маңызды құраушылары – мұнай, газ, электрэнергетикалық өнеркəсіптен алыс кетпеді. 
Электроэнергетикалық  сала – қоғамдық  аумақта  ұдайы  өндіріс  үдерісінің 
біртұтастығын қамтамасыз ететін халықшаруашылығы инфрақұрылымының маңызды бөлігі. 
Бұл еліміздің барлық субъектілері мен салалары үшін өмір сүруді қамтамасыз ететін жүйе. 
Отандық экономиканың қазіргі қиын қыстау жағдайында қоғамдық өндірістің жоғары 
тиімділігіне  бағытталған  жаңа  шаруашылық  механизмінің  жасақталуын  қажет  етіп  отыр. 
Осыған  байланысты  бəсекелестік  ортаны  қалыптастыру  жəне  нарықтық  механизмді  реттеу 
бағытында электрэнергетиканы қарастыру мəселесі туындайды [1, 12-б.]. 
Қазақстан  экономикасы  қызмет  көрсету  үшін  оған  энергия  қажет.  Энергия 
шаруашылық  қызметінің  барлық  үдерістерін  қамтиды.  Энергетика  секторы  қатаң  реттеу 
жағдайында өз қызметін жүзеге асырып келеді, ал көптеген елдерде реттеуге белсенді түрде 
мемлекет  араласып  келеді.  Сонымен  қатар,  бұл  салаға  жеке  секторды  тарту  нарықтық 
қатынастардың  тиімділігін  көтеру  үшін,  инвестициялық  жəне  операциялық  міндеттерді 
шешу үшін маңызды рольге ие. Энергия өндіруші ірі елдердің алдында табиғи ресурстарды 
басқару  жəне  алынған  құндылықтарды  теңбе – тең  бөлу  мəселелеріне  қатысты  күрделі 
міндеттер  тұр.  Энергетиканың  барлық  салалары  ірі  экоəлеуметтік  нəтижелерге  ие. 
Энергетиканың  осы  ерекшеліктерінен  экономиканың  нарыққа  бағытталуында  ерекше 
маңыздылыққа ие.  
Энергетикадағы  стратегиялық  ынталандыру  жəне  қолдау  болашақта  ірі  жобаларды 
жүзеге асыруға арналған негізгі бағыттардың бірі болып табылады. 
Қазақстан  Республикасының  үдемелі  индустриялық – инновациялық  дамуының 
мемлекеттік  бағдарламасы  аясында  энергетикалық  инфрақұрылымды  дамыту  бойынша 
көптеген  жобалар  жүзеге  асырылды.  Заң  жүзінде  инновациялық  тартымдылықты  арттыру 
механизмдері енгізілген 2015 жылдың аяғына дейін электр энергияны тұтыну 100,5 млрд.квт 
сағ.жетеді деген болжам бар. Бүгінгі күнде кейінге тастауға болмайтын шаралар қатарында 
мыналар бар: 
- Тұтынушының электрмен жабдықталу сенімділігіне жауап беретін құрал – жабдықтардың 
физикалық жəне моральдық тозуы; 
- Электр энергиясының тұтынылу өсімін қамтамасыз ету үшін генерациялық қуаттылықтың 
қажетті резервінің болмауы; 
- Энергожүйеде өндіріс – тұтыну электроэнергия балансын қолдауға қажетті қуаттылықтың 
болмауы; 
- Салалық инвестициялық тартымдылық денгейінің төмен болуы [2, 116-б.]. 
Бүгін  көмір  өнеркəсібі  Қазақстанда  өндірілетін  электр  энергиясының 75 % 
қамтамасыз  етіп  отыр.  Осылайша,  көмір  өнеркəсібінде  арзан  электр  энергиясын  алу 
мақсатында электрэнергетикалық өндірістің жоғары үлесі сақталады. 

202 
Отын-энергетикалық  кешен - табиғи  энергетикалық  ресурстарының  табысының 
күрделі  əрі  дамыған  жүйесі,  олардың  сапасын  арттыру,  энергия  мен  энергия 
тасымалдаушының  тұтастық  түрін  қалыптастыру,  ұлттық  шаруашылықтың  барлық 
салаларында энергия мен энергиятұтынушыларды тарату, тұтыну жəне қолдану.  
 
Еліміздің  отын-энергетикалық  кешені - өнеркəсіптің  өзара  байланысқан 
электроэнергетиканың,  мұнай  шығаратын,  мұнай  өңдейтін,  газ  жəне  көмір  салаларының 
жиынтығы. 
Бүгінгі  таңда  өнеркəсіп  дамыған  сайын  сəйкесінше  электр  энергиясын  тұтыну  да 
артып отыр. 
Жоғарыда  айтылғандай,  энергетика  бастапқы  энергия  ресурстарын  пайдаланудың 
негізгі  тұтынушысы  болып  табылады.  Электр  жəне  жылу  энергиясын  өндіруге  барлық 
бастапқы жиынтықты энергияны тұтынудың 35 %-ы жұмсалады. 
Қазіргі  уақытта  электр  энергиясын  өндірудің  өсуі  қолданыстағы  жылу  электр 
станцияларын  жүктеу  есебінен  жүргізілетіндіктен,  отын  ресурстарын  тұтынудың  жəне 
нəтижесінде  үлес  шығындарының  өсуі,  энергия  өндірісі  кезінде  тиімді  емес 
технологияларды  пайдалану  жəне  негізгі  жабдықтың  айтарлықтай  тозуына  байланысты 
мəселелерді растайды. 
 
Кесте 1 – 2014 жылы  экономика  салалары  бойынша  Қазақстандағы  орташа 
статистикалық электр энергиясын пайдалану 
№  Атауы 
Электр энергиясын тұтыну, % 

Өнеркəсіп 69,7 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 12,5 

Қызметтер 8,3 

Көлік 5,5 

Ауыл шаруашылығы 2,5 

Құрылыс 1,5 
      Электр энергиясының негізгі тұтынушысы өнеркəсіп болып табылатындығын атап өткен 
жөн. Қазақстанның өнеркəсіп секторында энергияны көп көлемде тұтыну, алдымен тау-кен 
металлургия кешені сияқты энергия сыйымды салаларымен байланысты. Электр энергиясын 
жалпы  тұтынудың 69,7 %-ы  жəне  жылу  энергиясын  жалпы  тұтынудың 51,7 %-ы  елдегі 
өндіріс  секторына  тиесілі  болса,  Еуропалық  Одақтағы  өнеркəсіп  секторының  электр 
энергиясын 
тұтыну 
үлесі 
орташа 
есеппен 24 %-ды 
құрайды. 
       
2014  жылы  ірі  отыз  кəсіпорынның  өздері  ғана 34559,3 млн.  кВт*  сағ  тұтынған,  ол 
республиканың жалпы тұтынылған электр энергиясының 35 %-ын құрайды. 
       
Электр энергиясын тұтыну бойынша алынған нəтижелерге сəйкес электр энергиясын 
тұтыну  Қазақстан  Республикасында  белгіленген  нормативтерден 47%-ға,  ал  өндіру 
кезеңінде 21%-ға асып түседі. Ресей Федерациясының ұқсас көрсеткіштерден асуы тиісінше 
113%-ды жəне 3,4%-ды құрайды. 
Бұл  нəтижелер  өндіру  процесін  оңтайландырудың  кезек  күттірмейтін  қажеттілігін 
көрсетеді, 
себебі 
бұл 
саты 
үлкен 
энергия 
үнемдеу 
əлеуетіне 
ие.  
       
Қазақстан  Республикасындағы  техникалық  тұрғыдан  қол  жеткізілген  деңгеймен 
(дамыған  елдер  мен  белгіленген  норматив  деңгейі)  салыстырғанда  металлургия  өнімінің 
бірлігіне  үлестік  энергия  шығынының  арту  көлемін  ескере  отырып,  энергия  үнемдеудің 
салыстырмалы техникалық əлеуеті шамамен 30 %-ға дейін жетеді [3, 77-б.]. 
Энергия тиімділігі мəселелерінде артта қалудың себептері: 
1)  жабдықтың физикалық тұрғыдан тозуы – 45-60 %; 
2)  технологиялық артта қалу болып табылады. 

203 
Елордамыз  Астанада 2017 жылы  Болашақ  қуаты  атты  халықаралық  көрме  өткізгелі 
отыр. Технологиялық, экономикалық бəсекелестікке ие, тəжірибе алмасуға болатын жоғары 
жетістіктерге  ие  əлем  елдері  арасындағы  кеңістіктің  бірі  Экспо  болып  табылады.  Экспо 
тақырыбы – Болашақ  қуаты  –деп  аталғандықтан  ол  міндетті  түрде  энергетикамен  тікелей 
байланысты болады.  Зерттеу барысында Қазақстанның осы бағыт бойынша қарқынды даму 
мүмкіндігінің жоғары екендігін байқадық. 
Алматының Қытаймен шекаралас аймағындағы Еуразия мегабассейніндегі өте үлкен 
ауа  массасының  көлемі  ауысатын  Орталық  Азиядағы - жел  полюс    деп  аталатын  Жетісу 
қақпасындағы  жел  қуатты.  Осы  екі  тау  арасындағы  көлемі  жағынан  тар  жердегі  табиғи- 
аэродинамикалық  құбы    болып  есептеледі.  Қақпа  Қазақстанның  Балқаш - Алакөл  ойпатын 
Қытайдың  Ебінұр  ойпатымен  жалғастырылған.  Осы  Маңдағы  жел  қасиеттерін  зерттеу 
қорытындысында оның электр энергиясын өндіруге өте тиімді екені дəлелденді.  
Осы  келтірілген  суреттен  байқағанымыздай,  Қазақстанның  гидроэнергетика  бағыты 
бойынша теоретикалық потенциалы – жылына 170 млрд кВт*сағ, оның ішінде экономикалық 
мүмкін өндіріс үлесі – 30 млрд кВт*сағ (2,57млн. т мұнай эквиваленті). Ал күн энергетикасы 
–  жылына 2,5 млрд  кВт*сағ (0,21 млн.  т  мұнай  эквиваленті)  болса,  жел  энергетикасы 
саласында  теоретикалық  потенциалы – жылына 1,8 трлн  кВт*сағ,  экономикалық  мүмкін 
өндіріс – 3 млрд  кВт*сағ (0,26 млн.  т  мұнай  эквиваленті).  Ауылшаруашылық  қалдықтарын 
өңдеу негізінде 35 млрд кВт*сағ энергия өндіру мүмкіндігі бар.  
Бұл  көрсеткіштерің  қорытындысы:  Қазақстан  Республикасында  ел  экономикасына 
елеулі əсер ететін энергия ресурстарын дамыту мүмкіндіктері жоғары болып есептеледі. 
 
 
3)   
4)      
5)   
6)   
7)   
8)   
9)   
10) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 1 - Қазақстандағы балама энергетиканың даму жағдайлары 
Мемлекеттің алға қойған саяси бағытының болашағы бар, себебі  жасыл экономикалы 
ел болуға, яғни экологиялық - энергетикалық таза, инновациялы, əлеуметтік - экономиканың 
қарқынды дамуының көрсеткішіндегі ел болуға толық жағдайдың бар екендігін дəлелдейді. 
Қазақстандағы  энергиялық  əлеуетін  жан-жақты  қарастыратын  болсақ,  жоғарыда 
аталған энергия ресурстарының əлеуеті бойынша Қазақстанда көмірсутегіне қарағанда атом 
энергетикасы  үшін  зор  əлеует  қарастырылған.  Елімізде  атом  энергетикасының  қоры 
жеткілікті,  бірақ  одан  ауаға  тарайтын  табиғи  шығарымдарды  азайту  қажет,  Киот 
хаттамасында көрсетілген экологиялық талаптарды сақтау қатаң ескертілген.  
Қазақстан  Республикасында  атом  энергетикасының  дамуына  мүмкіндіктер  берілген. 
Аймақтарда  уран  өндіру  саласы  дамыған,  дүниежүзілік  уран  қорының 19%-ы  Қазақстанда 
Гидроэнергетика 
Күн 
энергетикасы 
Жел 
энергетикасы 
Ауыл 
шаруашылық 
қалдықтарын 
өңдеу 
  
 
  
 
жылына 
170млрд 
кВт*сағ 
 
экономикалық 
мүмкін өндіріс 
–30млрд 
 
 
жылына 
2,5 млрд 
кВт*сағ 
 
жылына  
1,8 трлн 
кВт*сағ, 
 
экономикалық 
мүмкін  
 өндіріс – 3 
 млрд кВт*сағ 
 
 
 
35 млрд 
кВт*сағ 

204 
өндіріледі.  Бұл  елімізде  ядролық  отынмен  қамтамасыз  ету  алғышарттарының  бар  екендігін 
көрсетеді. 
Республикамызда  ядролық  энергетика  мен  ядролық  физика  саласында  алынған 
білімдер  негізінде  инфрақұрылымдар  дамыған  жəне  ең  бастысы  атом  энеркетикасының 
қауіпсіздігі  бойынша  жұмыстар  орындалу  үстінде.  Ядролық  реакторлар  үшін  болашақта 
отынды сынақтан өткізу бойынша техникалық жобалар қолданысқа дайындалып жатыр.  
Жалпы  энергетика  саласында  өз  ұсыныстарымен  шетелдік  инвесторлар  келісімге 
келуге  ниеттеніп  отыр.  Оның  ішінде «Pure Nature Energy GmbH (PNE) еуропалық 
компаниясы  Қазақстан  нарығында  неміс  компанияларының  бірқатар  мүдделерін 
қарастыратын республикадағы гидроэнергетикалық кластерлерді дамытуға өз үлесін қосқалы 
отыр. 10 жылдың ішінде осы жоба аясында PNE қуаттылығы 5-тен 60 мВт-қа дейін жететін 
шағын  гидроэнергетикалық  станциялардың  құрылысына 1 млрд  евро  инвестиция  жұмсау 
қажет екендігі анықталып отыр [4, 98-б.]. 
«Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асыруда (2010-2020 ж) энергетикалық кешенді 
дамытуға  инвестицияны  кординациялау  бойынша  инициативалар  жасалды.  Қаржылық 
қолдау  даму  институттары  арқылы  үлестік  қатыс  қағидасымен  жүзеге  асырылды.  Бұл 
жағдайда жеке сектор 2-ші деңгейлі банктерді қоса алғанда тəуекелділікті өздерінеалу қажет. 
Осы  даму  банктері  арқылы  мемлекеттік  энергетикалық  жобаларды  жүзеге  асырады. 
Дүниежүзілік  тəжірибеге  сүйене  отырып, «Қазақстан -2030», «Қазақстан -2050» 
стратегиясын  жүзеге  асыруды  негізгі  ынта  энергетикалық  кешеннің    дамуына  жұмсалады. 
Мемлекеттік  органдар  мен  даму  институтының  қызметі  энергетиканың  инвестициялық 
бəсекелі  үлгісін  қалыптастыруға  бағытталған.  Стратегия  энергетика  саласында  жоғарғы 
технологияны енгізуге жəне сол бағытта инновацияны енгізуге бағытталған, сонымен қатар 
бəсекелік  артықшылықтардың  артуын  сипаттайтын  технология  трансфертінің  тиімділігін 
жүзеге  асыруға  бағытталған.  Дайын  технология  импортын  жүзеге  асыратын  жəне  оларды 
өңдейтін, сондай –ақ отандық экономиканы энергетикалық өндіріске ғылыми жасақтауларды 
енгізетін конструкторлық бюролар мен  жобалық ұйымдарды дамыту қажет [5, 67-74 б.]. 
Энергетикалық инновацияның – бəсекелік үлгісінің қалыптасуының теориялық базасы 
индустриалды  энергия  тиімділігінің  шегін  жүйелі  бағалау.  Қазіргі  энергетикалық  база 
энергетикалық  ресурстарға  деген  қажеттілікті  қанағаттандыра  алмай  отыр.  Осы  жағдайда 
қолда  бар  энергия  көздерін  модернизациялау  қажет.  Энергетикадағы  жинақталған 
құрылымдық  тепе  –теңдіктің  сыншылдық  деңгейінің  индикаторы  энергиясының  негізгі 
көздерінің  мүмкіндіктерінің    таусылуы  жəне  энергетика  бойынша  экономикалық  даму 
шектеулерінің  пайда  болуы.  Сондай  –ақ  дағдарыс  энергияның  пайда  болу  көздерінің  
кеңеюін  қажет  етіп  отыр.Əрбір  дағдарыс  дүниежүзілік  энергетика  қарқынын  өзгеріске 
əкелді.  Дағдарыс  кезінде  дүниежүзілік  электротұтыну  деңгейі  төмендеп,  ал  дағдарыс 
аяқталған  соң  қайта  жанданып  отырды.  Сондықтан  энергетиканың  теңсіздік  отын 
энергетикасынан жалпы «электрлік» өмірге ауысуды көздейді. 
Энергетиканың жаңа инновациясының – бəсекелік үлгісі энергетикалық дағдарыстар 
мен  теңсіздіктің  алдын    алуға  бағытталған.  Бұл  мұнай    жəне  газ  дəуірінен  индустриалды 
экономикаға көшу дегенді білдіреді. Энергетиканың инновациясының – бəсекелік үлгісінде 
оның  əрбір  саласы  өзгермелі  əлеуметтік  жəне  экологиялық  талаптарға  жəне  өндірістің, 
энергияны  тасымалдаудың  жəне  қолданудың  тиімділігіне  сəйкес  келеді.  Дүниежүзілік 
энергетика  қатаң  технология,  экономикалық  жəне  экологиялық  шектеулер  жағдайында 
қалады,  бұл  Ресей  мен  Қазақстанның  жəне  т.б.  елдердің  экономикалық  өсуінің  жаңа 
траекториясына шығуды жəне индустриалдық энергетиканың алдын алатындығын көрсетеді. 
Қазақстанда  инновациялық    -  бəсекелік  үлгісінің  қалыптасуы  тікелей  өндірістік 
салалардың жағдайы мен дамуына байланысты. 
 
Əдебиеттер тізімі: 
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан 
жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы. 17 қаңтар 2014 ж. 

205 
2.  Кенжегузин  М.Б.,  Днишев  Ф.М.,  Альжанова  Ф.Г.  Наука  и  инновации  рыночной 
экономике: мировой опыт и Казахстан. – Алматы: ИЭ МОН РК. -2012. – 256 с.  
3.  Қазақстан  Республикасы  Индустрия  жəне  жаңа  технологиялар  министрлігінің  Өнеркəсіп 
комитетінің талдау ақпараты //www.comprom.kz/attachments/analysis.doc 
4. Kazenenergy қауымдастығының  интернет  сайтындағы  талдама  ақпарат // http://old. 
Kazenenergy.com/index.php?option=com_content task =view id=14883 Itemid=65 
5.  Шамрай  Ю.  Инновации  и  повышение  конкурентоспособности  национальной  экономики: 
современный подход // Проблемы теории и практики управления. - 2014. - № 2. - С. 67-74. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет