Су ерітінділерінен металды электролиз арқылы алу металлургиялық процестердің соңғы стадиясы болып табылады


Екінші жағдайда (электрорафинирлеу кезінде) еритін анодтар алынады, сонда олардың өзі мына схема



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата13.05.2023
өлшемі1,04 Mb.
#92779
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
Дәріс. 15

Екінші жағдайда (электрорафинирлеу кезінде) еритін анодтар алынады, сонда олардың өзі мына схема 
бойынша анодты электрохимиялық реакцияға қатысады: 
M → М
n+
 + ne

мұндағы M – еритін анодтың металы, e

– электрондар электр тізбегіне кетеді, себебі анодты 
электрохимиялық реакцияда электрондар реакция өнімі болып табылады. Электрорафинирлеу − тазартылмаған 
металдан пирометаллургиялық әдіс арқылы техникалық мақсаттарға қолданылатын таза металл алу процесі. Пиро – 
алғашқы шикізатты жоғары температуралық технология арқылы өңдеу, нәтижесінде мүмкіндігінше меншікті қаражат 
шығынымен жеткілікті тазалықтағы металл алынбайды. Сондықтан ондай металдарды электрохимиялық технологияға 
негізделген қосымша тазалау операциясына жібереді. 
Электрохимиялық металлургия өнімінің бірі – мыс металы. 
Мыс − жұмсақ, тұтқыр, қақтауға төзімді қызыл түсті металл, механикалық өңдеуге оңай түседі. Оңай жұқа 
қаңылтырға айналдырылады және сымға созылады. Мыстың 20
0
С температурада жылу өткізгіштігі 0,941 кал/см·сек·
0
С, 
электр кедергісі 1,68·10
-6
Ом·см, меншікті жылу сыйымдылығы 0,092 кал/г∙
0
С. Мыс диамагнитті. Мыстың балқу 
температурасы 1083
0
С, қайнау температурасы – 2325
0
С. Маңызды қасиеті – электр өткізгіштігі (тек күмістен ғана кейін). 
Қоспалар оның электр өткізгіштігін төмендетеді, сондықтан электротехникада жоғары дәрежелі тазалықтағы мыс 
қолданылады. Мыс сонымен бірге жоғары жылу өткізгіштігімен де ерекшеленеді. 
Жоғары электр өткізгіштігі оны түсті металдар ішіндегі қазіргі электр өнеркәсібінде қолданылуына байланысты 
бірінші орынға қояды. 
Мыс аз активті, бірақ тікелей оттегімен, күкіртпен, галогендермен және кейбір басқа элементтермен қосылады. 
Қалыпты температурада және құрғақ ауада мыс инертті болып қала береді, бірақ ылғалды ауада құрамында егер 
СО
2
болса, мыс тотығып, улы негізгі карбонаттан СuCO
3
·Cu(OH)
2
тұратын қорғаныш қабатпен жабылады. 
Мыс және оның сульфиді алтын мен күмісті жақсы ерітеді, сондықтан бұл бағалы металдарды мысты 
рафинирлеген кезде бөліп алады. 
Конструкционды болатқа мысты қосса, болаттың аққыштық шегі жоғарылайды, коррозияға төзімділігі және 
шынығуы артады. Темірдің 
коррозияға төзімділігі арту үшін оған 0,5% мыс қосады. Егер бір уақытта шойын құрамында титан (0,08 - 0,15%) және мыс 
(0,35 - 0,5%) болса, одан жасалған бұйымдардың тозуға төзімділігі артады. 
Мыстың ең көп мөлшері электр өнеркәсібінде қолданылады. Себебі таза мыс электр тоғын өте жақсы өткізеді, 
тек күмістен кейін. Сондықтан өндірілген мыстың 50%-тен көбі мыс сымдарын, коллекторлар және тағы басқа жасауға 


жұмсалады. 
Электрлік рафинирленгеннен соң мыс металы электр өнеркәсібінің барлық талаптарына жауап бере алады. 
Электрлік мыс электротехникада қолданылатын кабель өндірісіне, сым бұйымдарын жасауға кетеді. 
Престелген және қақталған жоғары сапалы бұйымдарды да электрлік мыстан жасайды. 
Қазіргі өркениеттің негізгі металдарының біріне де мыс жатады. Әлемдік түсті металдарды қолдануда және 
өндіруде мыс тек алюминийден кейін екінші орынды (алюминий, мыс, қорғасын, мырыш, никель) иеленеді. 
Мыстың әлемдік қорының үлкен бөлігі Оңтүстік және Солтүстік Америкада. Ірі (көлемді) қоры Чили мен АҚШ-
та шоғырланған, сондықтан мыс нарығының жағдайы негізінен Америка континентіне байланысты. 
Чили мен АҚШ-тан басқа мыс қорының 80%-і басқа 17 елде шоғырланған. 3-кестеде мыс қорына бай елдер тізімі 
берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет