Су ерітінділерінен металды электролиз арқылы алу металлургиялық процестердің соңғы стадиясы болып табылады



Pdf көрінісі
бет12/17
Дата13.05.2023
өлшемі1,04 Mb.
#92779
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
M → М
n+
 + ne


Электролиттен катодты реакция нәтижесінде мыстың 
таза катодты 


тұнбасын алады: 
М
n+
 + ne

 → M. 
Катодта өсетін мыс тұнбасы діңгек тәрізді структуралы болады, оған электролитке енгізетін арнайы заттар – өсуді 
реттейтін заттар және тағы басқа электролиз параметрлерінің жағдайлары әсер етуі мүмкін. Тазартылмаған анодты 
мыстағы күміс және алтын металдарының атомдары осы таңдалған жағдайда тотықпайды, өздерінің кристалдық 
структурасын қалыптастырады және шлам түзеді. Шлам бөлшектері электролизер түбіне шөгеді, оларды сосын арнайы 
әдістермен жинайды және процестің басқа стадияларына жіберіледі. 
Сонымен, 1 тонна мысты рафинирлеу процесі нәтижесінде 1 кг-ға дейін күміс және 200 г-ға дейін алтын алады. 
ЖОҒАРЫ САПАЛЫ МЫС ӨНДІРІСІНІҢ ӘДІСТЕРІ 
 
Металлургия өндірісінің негізгі өнімі – металдар. Түсті металлургияда қолданылатын технология мен құрамына 
байланысты металдар тазартылмаған және рафинирленген (тазартылған) болып бөлінеді. Тауар өнімі, яғни тұтынушы 
ары қарай қолданатын металдар рафинирленген болуы қажет. 
Тазартылмаған металдар деп қоспалармен ластанған металдарды айтады. Мыс пен никельде зиянды 
қоспалармен бірге бағалы да элементтер 
– негізгі металдың серіктері – бірге болады. Зиянды қоспалар сол металға тән қасиеттерді (электр өткізгіштікті
созылғыштықты, коррозияға тұрақтылықты және тағы басқа) нашарлатады және олардың тікелей қолданылуын 
жарамсыз етеді. Керісінше, бағалы металдар, селен, теллур, германий, индий, висмут және көптеген басқа металдар өз 
беттерінше құнды, сондықтан оларды сәйкес өнімдер ретінде бөліп алу өте қажет, бұл жағдайдың үлкен экономикалық 
маңызы бар. Тазартылмаған металдарды міндетті түрде қоспалардан тазартады – рафинирлейді. 
Кей жағдайларда тазартылмаған металдарды өндірушілер мен тазалауға түсетін зауыттар арасында 
тазартылмаған металдардың сапасы салалық стандарттармен немесе техникалық шарттармен айқындалуы туралы өзара 
келісім болады. 
Кез келген металлургиялық өндірістегі сияқты мыстың металлургиясының соңғы міндеті де өңделетін 
шикізаттан металл күйінде немесе химиялық қосылыс күйінде мысты алу болып табылады. Практика жүзінде бұл міндет 
шикізаттың бағалы бөлігін бос жыныстар компоненттерінен бөліп алатын арнайы металлургиялық процестер көмегімен 
шешіледі. 
Кендерден, концентраттардан немесе басқа металы бар шикізаттардан металл өнімдерін бөліп алу – айтарлықтай 
қиын мәселе. Әсіресе мысты және никельді кендер үшін өте күрделі, себебі бұл кендер салыстырмалы түрде кедей және 
құрамы бойынша күрделі полиметалл шикізатына жатады. Осы сияқты шикізатты металлургиялық әдіспен өңдегенде 
негізгі металдарды алумен қатар барлық бағалы компоненттерді кешенді түрде дербес тауарлық өнім ретінде жоғары 
деңгейде бөліп алу қажет. Сонымен металлургиялық өндіріс өңделетін шикізаттың барлық компоненттерін бөліп алып, 
толық пайдаланылатын өнімдерге айналдырып, қалдықсыз (бос жыныстар үйінділерінсіз) технология құру қажет. 
Жоғарыда айтылғандай, мыс кендерінің негізгі массасы мыстың, темірдің қосылыстарынан және бос 
жыныстардан тұрады, сондықтан бұл кендерді металлургиялық өңдеудің соңғы мақсаты − бос жынысты, темір мен 
күкіртті (егер сульфидті шикізітты өңдеген болса) толық кетіріп, металлургиялық өнімді алу. 
Күрделі полиметалл шикізатынан жоғары тазалықтағы металды алу үшін тек бір металлургиялық процесті 
қолдану немесе бір металлургиялық агрегaтты қолдану жеткіліксіз. Бұл мәселе қазіргі уақытқа дейін өңделетін шикізаттың 
компоненттерін біртіндеп бөліп алатын бірнеше бірінен соң бірі жүретін процестер арқылы жүзеге асуда. 
Қолданылатын барлық металлургиялық процестің кешені (комплексі), яғни дайындық және қосымша 
операциялардың технологиялық схемалары бөлімшеде (учаскеде), бөлімдерде, цехтарда немесе өндірістің өзінде 
қалыптасады. Мысты өңдеумен айналысатын барлық өнеркәсіптерге көп сатылы технологиялық схема тән. 
Кез келген металлургиялық процестердің негізінде өңделетін шикізатты бір бірінен құрамы және физикалық 
қасиеттері бойынша ерекшеленетін екі, үш және одан да көп фазалы гетерогенді жүйеге ауыстыру принципі жатыр. Бұл 
жағдайда фазалардың бірі бөлініп алынатын металмен байытылады және онда қоспалар мөлшері төмендейді, ал басқа 
фазаларда, керісінше, негізгі компонент мөлшері азаяды. Алынған фазалардың кейбір физикалық қасиеттері 
(тығыздықтары, агрегаттық күйі, дымқылданғыштығы (сулануы), ерігіштігі және тағы басқа) бойынша айырмашылығы 
оларды бір-бірінен қарапайым технологиялық әдістермен, мысалы, тұндыру және фильтреу арқылы бөліп алуға мүмкіндік 
жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет