Су ерітінділерінен металды электролиз арқылы алу металлургиялық процестердің соңғы стадиясы болып табылады


қайнатылатын қабатты күйдіру пештерінде



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата13.05.2023
өлшемі1,04 Mb.
#92779
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
қайнатылатын қабатты күйдіру пештерінде өңделеді. Күйдіру пештерінен шығарылатын газдар ұсталып, контакт әдісі 
бойынша күкірт қышқылына айналдырылады, ал күйдіруден кейінгі мырыш огаркасы игеріліп біткен электролитпен 
сілтісіздендіріледі. 
Мыс пен кадмийден тазартылған ерітіндіден электролиз арқылы катодты мырыш алады. Қорғасын 
өндірісінің мырышты шлагы өңделуі арқылы алынған вельцвозгондар мен шлаковозгондар шлак-возгонка құрылғысында 
игеріліп біткен электролитпен сілтісіздендіріледі, хлор, мышьяк және сурьма қоспаларынан тазартылады да огарка 
сілтісіздендіру циклына жіберіледі. Мырыш катодтары индукционды пештерде кесек құймаларға (слитки), Джумбо 
блоктарына қайта балқытылып немесе құймалар өндіруге қолданылып және ақырғы тұтынушыларға жіберіледі. 
2012 жылдан бастап қорғасынды концентраттарды технологиялық балқымаға айналдыру үшін 
ISASMELT
ТМ
процесі қолданылады. 
Инжиниринг Доберсек ГмбХ (Engineering Dobersek GmbH) компаниясы 2010-2013 жылдары Қазақстанның 
металлургиялық өндірушілері үшін жылдық өнімділігі 100000 тонна рафинирленген қорғасын құймасын алатын қорғасын 
балқыту зауытын жаңғыртуға (модернизациялауға) арналған жаңа проектке қатысты. Бұрыннан келе жатқан қорғасын 
балқыту зауытындағы стандартты агломашиналар заманауи (қазіргі) шахтылы пешке ауыстырылды. Инжиниринг 
Доберсек ГмбХ (Engineering Dobersek GmbH) балқыту зауытының жалпы проектіне, базалық және жете (толық) 
проектілеуге, сонымен бірге келесі қосымша жүйелер және жабдықтар жеткізіп беруге жауапты болды: 

шихта дайындау; 

сумен суыту жүйесі; 

газ тазалау жүйесі; 

балқыту цехының желдеткіші және жылыту жүйесі; 

шлак құятын (құю) машинасы

тазартылмаған қорғасын шығару жүйесі. 
Сондай-ақ проект бойынша жұмыс көлеміне құрылысты басқару, әкелінген жабдықтарды іске қосу және 
қызметкерлерді (жұмысшыларды) оқыту да қосылды (кірді). Негізгі компонентінің бірі қорғасын шлактарын құятын 
машина болды, ол шлак құймаларын жұмыс жасап тұрған шахталы пешке тотықсыздану үшін салады. Инжиниринг 
Доберсек ГмбХ (Engineering Dobersek GmbH) компаниясы толығымен автоматтандырылған екі линиялы өнімділігі 45-60 
т/жыл құю машиналарын жобалады. Қорғасын шлактарын құю температурасы шамамен 1150
0
C болды. 
Шлактың салқындауы ауа көмегімен кәдімгі конвекция арқылы жүреді, сосын еріксіз (мәжбүрлі) конвекция 
арқылы және машина соңында шлак брикеттерін 300
0
C температурадан төмен салқындату үшін сумен 
бүркеді. Қорғасын зауытынан шығатын газдар өте ұтымды ұсталады, сосын суытылады, тазаланады да күрірт қышқылды 
қондырғыға жіберіледі. Қорғасын зауытын жаңарту (жаңғырту) қоршаған ортаға зиянды заттардың шығуын елеулі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет