Аффинирленген алтын алу Қазмырыш жасаған технология бойынша екі технологиялық схемамен жүреді:
-
тазартылмаған алтын анодтарын электрорафинирлеп;
-
тазартылмаған алтынды алдымен химиялық жолмен ерітіп, соңынан таза алтынды селективті тұндырып
(тұнбаға түсіріп), аффинирленген алтын кесек (слитки) түрінде шығарылады (Au мөлшері 99,99%).
Аффинажды өндіріс қуаты алтын бойынша 52 т/жыл дейін және күміс бойынша 990 т/жыл дейін, екі металл да
Good Delivery реестріне (Лондондағы бағалы металдар биржасы, Deer маркасы) енгізілген. Алтын мен күміс мыс
электролитті шлам күйінде купеляция бөліміне Доре құймасын алу үшін жіберіледі.
Электрохимиялық металлургия тауарлық металдарды тұтас (компактты) түрде немесе металдық ұнтақ күйінде
алуға жағдай туғызады. Барлық электрохимиялық металлургиялық тұтас түрдегі (компакты) металдар алу технологиясы:
электроэкстракция немесе электрорафинирлеу.
Практикада барлық түсті металдарды негізінен электролиз әдісін қолдану арқылы алады.
Негізгі «жұмысшы» электрохимиялық реакция катодта мына схема бойынша жүреді: М n+ + ne − → M, мұндағы М
n+
− электролиттегі металл ионы, M – электрохимиялық реакция өнімі. Ол − электрохимиялық технологияның
мақсатты өнімі. Электролизді қолдану арқылы мына металдарды алады: мыс, алюминий, магний, никель, мырыш, кадмий,
күміс, алтын және басқа металдар. Электрохимиялық процестерде электролит ретінде сәйкес тұздардың сулы немесе
сусыз ерітінділері немесе балқымалары
қолданылады. Балқымалар
электролизі арқылы электрохимиялық активті бағалы емес металдар (алюминий, магний
және
басқа) алынады. Жартылай бағалы және бағалы металдар көбінесе сулы ерітінділер электролизі арқылы алынады.
Электроэкстракция металдарды сулы, сусыз ерітінділерден және балқымалардан алуға мүмкіндік береді.
Электроэкстракция кезінде ерімейтін анодтар қолданылады. Яғни анодта металдың тотығуы болмайды,
оның орнына электролиттегі басқа компонент тотығады. Сулы ерітіндіні қолданғанда тотығатын компонент су (H
2
O)
молекуласы болады. Хлоридті ерітінділер немесе балқымаларды қолданғанда анодта хлорид-ионы тотығып, хлор
бөлінеді.