Су ерітінділерінен металды электролиз арқылы алу металлургиялық процестердің соңғы стадиясы болып табылады


гидрометаллургиялық процестер қолданылады



Pdf көрінісі
бет14/17
Дата13.05.2023
өлшемі1,04 Mb.
#92779
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
гидрометаллургиялық процестер қолданылады. 
Дүние жүзілік мыс өндірудің жалпы көлемінің 85 % -ке жуығы пирометаллургиялық әдіс үлесіне тиеді. 
Пирометаллургиялық технология бойынша алғашқы шикізат (кендер немесе концентраттар) тазаланбаған мыс 
алуға, сосын ары қарай оның міндетті түрде тазалануына (рафинирленуіне) негізделген. Егер мыс кендерінің немесе 
концентраттарының негізгі массасы мыс пен темір сульфидтерінен тұратынын еске алса, онда пирометаллургияның 
ақырғы мақсаты − тазаланбаған мыс алу – толығымен бос жынысты, темірді және күкіртті кетіру болады. 
Ең көбірек тараған технология міндетті түрде келесі металлургиялық процестерді қолдануды көздейді: 

штейн үшін балқыту; 

мыс штейнін конвертирлеу; 

мысты отты және электролитті рафинирлеу. 
Кей жағдайларда балқыту алдында алдын ала сульфидті шикізатты тотықтыратын күйдіруге түсіреді. Күйдіруді 
күкіртті жарым-жартылай кетіру үшін және балқытқан кезде темірдің және басқа элементтердің сульфидтерінің 
процестің соңында оңай шлактанатын оксидтерге айналуы үшін жүргізеді. Күйдіру нәтижесінде сульфидтердің көп бөлігі 
оксидтерге айналады, біраз бөлігі оксид күйінде ұшып кетеді. 
Күйдіру кезінде кей элементтердің кетірілу дәрежесі, % (олардың алғашқы шикізаттағы мөлшерінен): 
As 
Sb 
Bi 
Se 
Te 
Pb 
Zn 
60…80 20…40 10…15 25…50 25…50 5…10 5…7 
Құрамында алғашқы кен шикізаттарына және өңдеу технологиясына байланысты 10…12-ден 70…75%-ке дейін 
мысы бар мыс штейндерді негізінен конвертирлеу әдісімен өңдейді. 
Конвертирлеудің негізгі мақсаты – темір мен күкірттің және басқа да бірге жүрген (ілеспелі) компоненттердің 
тотығуы әсерінен тазаланбаған мыс алу. Бағалы металдар (алтын мен күміс) және селен мен теллурдың негізгі бөлігі 
тазаланбаған металда қалады. 
Соңғы өнімнің, тазаланбаған мыстың, химиялық құрамы негізінен 6- кестеде көрсетілгендей болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет