ниобий, цирконий, ванадий;
б) жеңіл сирек металдар: литий, бериллий, рубидий, цезий;
в) шашыранды металдар: галлий, индий, таллий, германий, гафний, рений, селен,
теллур;
г) лантаноидтар: скандий, иттрий, лантан және лантаноидтар;
д) радиоактивті металдар: радий, уран, торий, актиний және трансуран элементтері.
Металлургиялық өндірісте барлық дерлік пайдалы кендер түрлері қолданылады.
Металдарды алуға қажет негізгі кендер – тау жынысы, құрамындағы металы және металл емес заттарының
мөлшері қазіргі кездегі байыту және металлургиялық техникалардың дамуына сай экономикалық тиімді тауарлық өнімге
айналдыруға жеткілікті. Кендер құрамындағы минералдар – табиғи химиялық қосылыстар – кенді (пайдалы) және бос
жыныстар болып бөлінеді. Бос жыныстарға шығарып алатын элементтері
жоқ минералдар жатады, оларға кварц,
карбонаттар, силикаттар, алюмосиликаттар кіреді.
Бос жыныстардың металлургиялық көзқарастан алғанда құндылығы төмен болса да, қалдықсыз технологияда
шикізат ресурстарын толық игеруі қажет. Бос жыныстар көптеген құрылыс материалдарын (цемент, қож-мақта, шлактан
алынатын
қырланған кеспе тастар (
брусчатка) және басқалар) алуда айтарлықтай табыспен қолданылады.
Кен құрамы химиялық анализ жасау арқылы анықталады. Практикада кенді қолдану үшін химиялық құрамынан
басқа шикізатта кездесетін минералдардың түрін (минералдық құрамын) және барлық шикізат компоненттерінің
минералдар арасында таралуын (фазалық құрамын) білу керек.
Минералдар құрамындағы металдарға байланысты түсті металдар кендері мынандай топтарға бөлінеді:
1)
сульфидті, олардың құрамында металдар күкіртті қосылыс түрінде кездеседі. Мысалы, оларға мысты, мыс-
никельді және қорғасын-мырышты кендер жатады;
2)
тотыққан, бұл топта металдар әртүрлі оттекті қосылыстар күйінде (оксидтер, карбонаттар, гидроксидтер
және тағы басқа) кездеседі. Бұл топқа алюминийлі, тотыққан никельді, қалайылы кендер және сирек металдар кендерінің
қатары жатады;
3)
аралас, бұл топта металдар сульфидті түрде, сонымен бірге тотыққан түрде (мыс кендері) болады;
4)
бос күйінде (самородные) металдар бос күйінде кездеседі, мысалы, табиғатта алтын, күміс, мыс, сынап және
платина бос күйінде бола алады.
Кен құрамында кездесетін металдар санына байланысты кендерді монометалды және полиметалды (кешенді)
деп жіктейді. Көптеген түсті металдар кендері полиметалл кендеріне жатады, құрамында
ең болмағанда екі құнды
компонент болады. Құрамы бойынша ең күрделі кендер − мысты, мыс-никельді, қорғасын-мыс-мырышты кендер, оларда
кемінде 10-15 бағалы металдар болады. Осындай құрамы бойынша күрделі кендерді өңдегенде олардың барлық құнды
заттарын алып шығатындай жағдай жасау керек, яғни қалдықсыз технологияны қолдану қажет.
Кендер де басқа пайдалы қазбалар сияқты табиғи топтар құрады (топталады), оларды
кен орны (кен шығатын
жер) деп атайды. Кен орындарындағы бағалы заттардың мөлшері олардың жер қыртысындағы орташа мөлшерінен көп.
Табиғатта ең көп тараған металл – алюминий (7,5%), ең сирек – полоний және актиний (олардың кларкі 10
-15
жақын).
Достарыңызбен бөлісу: