Су-Жердегі ең таралған және өзінің қасиеттері бойынша ерекше химиялық қосылыстардың бірі. Сусыз өмірдің өзі болуы мүмкін емес



бет6/9
Дата06.06.2022
өлшемі51,88 Kb.
#36406
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Балқаш көлінің көлемі - 501 мың км², ұзындығы - 605 км, ені - 9-74 км аралығында. Балқашқа Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі өзендері құяды. Көл шөл және шөлейтті аймақта орналасқандықтан, су айдынының булануы өте жоғары. Сондықтан судың деңгейі тез өзгеріп отырады. Соңғы жылдары Балқаш көлінің экологиялық жағдайы өзгере бастады. Оған себеп - Қаратал, Ақсу, Лепсі өзендерінің мол суының көлге жетпей, суармалы егістіктерге жұмсалуында. Оның үстіне бұрын Аягөз, Биен, Сарқан, Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды.
Аталған себептермен қоса, Балқаш көлінің экожүйесіне Іле өзенінде салынған Қапшағай су қоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай су бөгетінің салынуына байланысты Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бекетімен бөгеліп, онда көлемі 300 000 м³ су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК) салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.
Ауыл шаруашылығында Іле-Балқаш алабын барынша пайдалануымен 1965-90 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25%-ға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле-Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалыптасқан тепе-теңдікті бұзды.
Іле-Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның жағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.
Балқаш көлі соңғы жылдары 20 метрге төмендеп отыр. Көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.
Іле-Балқаш өңірінің өсімдіктер мен жануарлар дүниесі де зардап шегуде. Балық аулау 50 есеге төмендеп, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар балықтарды Іленің бойындағы егістік, көкөніс алқаптарында пайдаланған пестинидтер, минералды тыңайтқыштар қалдықтары да улауда.
Бұрынгы кезде Іле-Балқаш алабы қалың тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар және әртүрлі аңдар мен құстар мекені болатын. 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, бұл шаруашылық қазір жойылған.
Іле бойында және Балқаш көлі жағасында тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан т.б. құстар қазірдің өзінде өте сирек кездеседі.
Іле-Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар.
Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқаш мыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендерін жатқызуға болады. Ал Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақтар тұратын тұрғындардың денсаулығына өз зардабын тигізіп отыр.
1999 жылы «Балқаш көлін құтқару, оның бүгіні мен болашағы» атты халықаралық деңгейдегі экологиялық форум өтіп, онда көлді құтқару мәселелері қаралып, мынадай шешімдер қабылданды:

  1. Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу.

  2. Қапшағай су қоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру.

  3. Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту.

  4. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру.

  5. Суармалы жерлердің көлемін шектеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет