Су-Жердегі ең таралған және өзінің қасиеттері бойынша ерекше химиялық қосылыстардың бірі. Сусыз өмірдің өзі болуы мүмкін емес



бет5/9
Дата06.06.2022
өлшемі51,88 Kb.
#36406
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Таңшолпан курстық жұмыс

Су ресурстары экологиясы
Су ресурстары экологиясы - дүниежүзілік су қорының мәселесі, адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Су айдындарының ластануын былайша топтайды:

  • биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және ашуға бейім заттар;

  • химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бұзатын заттар;

  • физикалық ластану: жылу-қызу, электромагнитті өріс, радиоактивті заттар.

Су құрамының ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық еріген элементтер, бөлшектер және температура әртүрлі болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауз-судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы мемлекеттік стандарт 2874-82 бойынша 30 түрлі міндетті көрсеткішпен анықталады. Су алабының ластануының негізгі себептері-тазартылмаған ағын суларды өзен,көлдерге жіберу.Оның негізгі көздері:

  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтар;

  • өнеркәсіп орындары;

  • ауыл шаруашылығында тыңайтқыштардың мөлшерден тыс қолданылуы;

  • шаруышылықтың басқа да салалары


Қазақстандағы су айдындарының экологиялық жағдайлары
Арал теңізі, Балқаш көлі сияқты үлкен тұйық су айдындары антропогендік әсерге ұшырап жатыр. Нәтижесінде олар ластанып, деңгейлері төмендеп, ақыр соңында біртұтас табиғи кешен болудан қалады. Бұл балық шаруашылығына, климаттық өзгерістерге алып келеді. Бұған Арал теңізі мысал бола алады.
Арал теңізінің апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі - 1066 км², тереңдігі 30-60 метр, тұздылығы 10-12% болған. Сол кезде жылына 50-150 мың тонна балық ауланып, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жақсы қамтамасыз етілген болатын. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.
1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілген жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5 есеғе, Түрікменстанда 2,4 есеге, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. 1971-75 жылдары суғарылатын жер көлемі Ферғана жазығында 1,1 млн гектарға дейін, Оңтүстік Қазақстан облысында - 427 мың, Қызылорда облысында - 228 мың гектарға үлкейді. Сырдария өзенінің су ағысы 1950-70 жылдары Қайраққұм (4,2 км³), Шардара бөгені (5,7 км³), Шарбақ (2,0 км³), Әндіжан (1,7 км³) су қоймаларымен реттеліп отырды. Ал Амудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-87 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Игерілетін жер көлемінің артуымен, халық санының өсуімен суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай 1970-80 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды. 1960-65 жылдары Арал теңізіне жылына 44 мың м³ су құйылса, 1990 жылдары бұл екі есеге азайды. Нәтижесінде теңіз деңгейі кей жерлерде тіпті 23 метрге дейін төмендеп, су айдыны 30-200 км-ге қысқарды. Судың тұздылығы 40%-ға артып, екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын болмаған дәрежеге жетті. Тыңайтқыштарды пайдалану 10-15 есеге өсті. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын қоршаған ортаға зияндылығы өте жоғары 2 млн тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарайды.
Арал теңізінің апатқа ұшырауына себеп болған факторларға:

  • жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

  • ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

  • суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;

  • жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;

  • табиғат ресурстарын пайдалануда жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі себептері жатады.

Арал өңіріндегі туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар әсерінен оның өсімдіктер және жануарлар әлемі жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60%, Қазақстанда - 60-70%-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын тигізуде. Арал теңізінде тоқталып қалған балық шаруашылығы тек соңғы жылдары ғана қайта қолға алынуда.
Арал өңіріндегі тұрғындардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірлерімен салыстырғанда жоғары болып отыр.
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:

  1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.

  2. Амудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.

  3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.

  4. Каспий теңізінің суын жасанда канал арқылы әкелу.

  5. Жер асты суларын пайдалану.

  6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет