«су объектілерін қалпына келтіру» пәнінен ДӘрістер жинағы ш ымкент, 2022ж



бет17/24
Дата22.05.2023
өлшемі1,73 Mb.
#95988
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Бақылау сұрақтары:
1. Дюкер құбырларының еңісті бөліктерінің баурай коэффициентін анықтау жолдары?
2. Дюкердің есептік схемасы қалай тұрғызылады?
3. Звенолар тораптары немен тығыздалады?
4. Су қашыртқы желілері. Керізді-коллекторлы желілердің арынды және арынсыз ыза суларының орналасу ерекшелігі.
5. Шабындықты суғару, табиғи жайылымдар және пішендік жер. Сарқынды сумен суғару. Суғару мезгілі мен тәсілі.
6. Суғармалы желі және оның құрылымы. Жылыжайды суғару.
21-дәріс. Су экожүйелерін қалпына келтіру әдістемесі.
21.1 Су экожүйелерін қалпына келтіру және сауықтыру әдістері
22-дәріс. Қалпына келтіру әдістерінің жіктелуі.
22.1 Биогенді және ластағыш заттарды ұстауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар: шектеу, орман техникалық, эрозияға қарсы, агротехникалық.


Дәрістік сабақты өткiзу формасы: проблемалық.

Каналдардың түбімен баурайын бекіту. Каналдардың ұзақ мерзімді қызмет көрсетуі негізінен оның түбімен баурайын бекітумен, оған жақсы күтім көрсеткеннен болады. Каналдардың түбінің еңістігі үлкен болған жағдайда каналдардың 10 см қабатта қиыршық тас төселеді немесе қуысты темірбетонды плиталармен тезағарлар орналастырылады. Ерекше жағдайларда көпірлердің астында, құбырлар өткелдерде, сорғыш станцияларда, суды жіберетін каналдарда түбімен баурайын бетонды немесе темір бетонды плиталармен бекітеді. Тезағарларды орнату үшін және шайылмайтын баурайларды бекіткенде ірі тастарды пайдаланылады.


Тезағар — су ағынын су тартқыштың жоғарғы телімінен төменгі теліміне қарай бағыттап, үлкен жылдамдықпен қозғалатын ашық канал (науа) түріндегі гидротехникалық имарат; каналдың бетонмен немесе темір-бетонмен қапталған суды тез ағызатын құрылысының түрі. Ені тұрақты немесе ауыспалы болады, тезағардың енінің ауыспалы болуы төменгі бъефтегі су энергиясын бәсеңдетуге байланысты. Тезағардың гидравликалық еңістігі ықтимал еңістіктен артық болады. Егер тезағар ұзындығы ұзағырақ болса, онда су жылдамдығы тезағар соңында арта түсіп, бұған керісінше, тереңдігі тым азайып кетеді. Осы құбылысты болдырмау үшін тезағардың бас жағын бірте-бірте тарылтады; бұл жағдайда оның осы бөлігіндегі су тереңдігі Тұрақты болғанда, көлденең кимасының ауданы канал еніне байланысты өзгереді{\displaystyle [\omega =|(b)]}, мұнда {\displaystyle b} — канал ені, {\displaystyle \omega }тезағардың көлденең қимасының ауданы. Тезағардың гидравликалық есептеулерін жүргізгенде мына жайттар ескерілуі тиіс:
а) тезағардың тарылу бөлігі;
б) призмалы арнадағы еркін бетінің қисық сызықты есептелуі;
в) каналдың басындағы және соңындағы еркін бетінің қисық сызығын анықтау.
Жерді көлтабандап суғару дегеніміз-көктемгі топырақ ылғал қорын жасауға еріген қар суын бір рет көлдету әдісімен, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін көбейту үшін бағытталатын мелиоративтік шара. 1984 жылы барлық ТМД елдерінде көлтабандап суғару 1 млн.га-дан асты (Қазақстанда-0,85 МЛН.Га, Поволжьеде -0,18 млн.га, Қалмақтарда-0,03 млн.га). Болашақта көлтабапдап суғаруды 10... 11 млн.га жеткізу көзделуде.
Суғармалы жерлердегі көлтабандап суғару тегіс жерлерде, егер су ағысы жеткілікті болса, онда еңістігі 0,001-ден 0,02-ге дейін қолданады. Жер бедерінің орналасуы мен көлтабанның алатын су көздерінің жағдайларына қарай үш топқа бөлінеді, ал бұлар өздерінің кезегіне қарай бірнеше түрге бөлінеді.
І. Көлтабанды өзінен биікте жиналған, көктемгі қар суының келуімен толтыру? Олар екі түрден тұрады: жайпақ үстірт немесе жайпақ баурай (ұялы мен жекелеген); үстірт үстіндегі ойыстағы жайпақ қоршау (шұңқырға орналасқан көлтабан).
ІІ. Суландыратын каналдар мен жайылымдардың суымен толтырып, су қоймаларының ағытпа тасқынды суларымен толтырылған көлтабандар.
ІІІ. Өзен арнасына бөгеттер салу арқылы жайылма суларды толтыру және дуалдар жүйелерімен қоршау арқылы, жайылма көлтабандарды құру. Бұл өте кеңтараған көлтабандар түрі.
Судың толу деңгейіне қарай көлтабандар былай бөлінеді: таяз сулы-суды толтыру мүмкіндігі 15...30см тереңдікте және терең сулы-толтыру кезіндегі орташа тереңдігі 0,6... 1,0м кейде одан да жоғары. Ең тиімдісі аздап көлденетін көлтабандар, мұнда күрделі құрылыстар болмайды. Көлтабандардың өту жылы, оның табиғи жағдайларының дәл мәніне және шаруашылықтың пайдалануына байланысты. Ол 1-ден 4 жыл, кейде одан да көп.
Көлтабандап суғарудың жіктелуі. Көлтабандап суғару табиғи және жасанды, тұрақты мен уақытша, тайыз бен терең көлдету, бір ұялы мен көп ұялы болып бөлінеді.
Табиғи көлтабандап суғару көктемгі тасқын судың көлдетуінен табақ тәріздес, ойысты жерге ұқсас сипатта болады.
Жасанды тұрақты көлтабандап суғару суды ұстап тұратын жер, дуалдар мен суағар құрылысты бөгеттер, жерді тасқын сулармен толтырып көлдететін және қажет кезінде суларды ағытатын құрылымдардан тұрады.
Көлтабандап суғарудың артықшылығына жататындар: құны арзан, пайдалану мен құрылысының қарапайымдылығы, гидротехникалық құрылыстарының аздығы және оның қарапайымдылығы, жоғарыда орналасқан суғармалы жерлерді сорап станциясыз суғаруға мүмкіндік болуы, топырақтың судан жарамсыздануының аздығы. Сортаң және сортартқан топырақты ығыстыруға мүмкіндік туады, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі көтеру және суғаруды автоматтандыру. Сондай-ақ, көлтабандап суғаруда табиғи сүрлемдіктердің өнімін артады.
Көлтабандап суғарудың кемшіліктеріне жататындар: су тасқыны кезіндегі бір реткі ығалдандыру, топырақтың біркелкі ылғалданбауы, жыл сайын ағыстың шамасына байланысты көлдету ауданының өзгергіштігі, суғаратын жер бетіндегі еңістіктің 0,002...0,003 шамадан аспайтындығы жұмысты қиындатады.
Көлтабан деп ылдыйлығы <0,003-тен үлкен емес, үш жақ қабырғасы жер дуалдармен қоршалған су жинайтын баурайлы жайпақ танапты айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет