Кәрізді-қашыртқы және теңіз суларымен суғару Суғармалы жерлердің ауыл шаруашылығында көберіне байланысты, жыл санап, жер асты сулары мен кәрізді -ағытылған суларды пайдалану мәселесі қолға алына бастады. Сондықтан да, бүгінгі күннің негізгі көкейтесті мәселесі, минералданған кәрізді-қашыртқы және теңіз суларын пайдаланудың варианттарын іздестіру болып отыр.
ТМД мемлекеттерінде: Украина, Краснодар өлкесі, Өзбекстанда ондағы күріш атыздарына миллиондаған әлсіз минералданған коллекторға келіп түсетін суларды пайдаланатыны өндірістен белгілі. Суғармалы егістікте қолайлы пайдалану үшін, ондағы кәріздеу жүйелері жарамды әрі суландыру мөлшерінен (20-30%-тен жоғары) болғанда, тұзды шардың алмасуын қамтамасыз еткенде ғана жүзеге асады. Бірақта, көп уақыт жоғары минералданған, сумен топырақ тұзданады. Сондықтан да, тұздардың құрамын жүйелі түрде бақылап отыру қажет. Мәселен, тұздану түрі хлорлы болғанда (NaCl, MgCl2), бір метрдегі тұздың құрамы (Na2SO4, MgSO4)-1,0% -тен аспауы керек. Минералданған кәрізді-ағытпа суларды жерді суғару үшін пайдалануда қатал бақылау және оның минералдығы мен сапасын анықтап отыру керек.
Минералданған судың сапалылығын жақсарту үшін қосылатын тұщы су мөлшерін төмендегі өрнекпен анықтауға болады:
мұндағы, - минералланған судың көлемі, ондағы сапаны міндетті түрде жаксарту, л;
С-қажетті алынатын минералды су. г/л;
С1 –C2 -кәрізді ағытпа және тұщы суларға сәйкес минералдар, сулар, г/л.
Минералданған кәрізді-ағытпа суларды жер бетімен суғаруда пайдалану (жүйек, көлдетіп) қолайлы, әсіресе минералды суды тұзды топырақты күріш өсірілген атыздарды шар кезінде пайдалану өте тиімді. Әр түрлі елдерде жүргізілген зерттеулерге сүйеніп, оның ішінде ТМД елдерінде, ауыл шаруашылық дақылдарын теңіз суымен суғарудың нақты мүмкіндікті терінің бар екендігі белгілі. Теңіздердің орташа минералдылығы 34,4 г/л құрайды, Қара теңіз-18.6, Каспий теңізі-12,8, Азов теңізі-12,4, Арал теңізі -7,8 г/л. Теңіз суының тұздылығы теңізге жақын өзен суларының құйылатын сағалық жерде төмендейді. Мысалы, Волга сағалығына жақын жердегі судың минералдылығы 1 г/л-ден аспайды. Ол Таганрогскінің құяр жерінде іс жүзінде тұщы. Теңіз суының құрамына кіретін иондар Na, K, Ca, Mg, Cl, Br, SO4, CO3: Көбінде хлор анионы және натрий катионы кездеседі. Теңіз суын пайдаланғанда ең қолайлы да тиімді тәсіл жер бетімен суғару.