«су объектілерін қалпына келтіру» пәнінен ДӘрістер жинағы ш ымкент, 2022ж



бет22/24
Дата22.05.2023
өлшемі1,73 Mb.
#95988
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Бақылау сұрақтары:

  1. Бөгетсіз су алғыш құрылымдардың ерекшеліктері туралы түсінік беру және өзеннен су бөліп алу мүмкіндіктері

  2. Бөгетсіз су алғыш құрылымға өзеннен су бөліп алу мүмкіндіктері



29-дәріс. Су объектілерін қалпына келтіру әдістерін қолдану мысалдары және олардың тиімділігі.
30-дәріс. Нидерланды мен Еуропа елдерінің тәжірибесі.
30.1 Ресейлік қалпына келтіру тәжірибесі.
Дәрістік сабақты өткiзу формасы: миға шабуыл.


Тасындылар жуатын түпкі галереялары бар бүйірлей су алғыш құрылымдар. Түпкі галереялар су реттегіш шлюздың алдына шөккен тасындыларды жууға арналған. (15.1-сурет). Галереяның тесіктерін су қабылдағыш құрылымның табалдырығының ішіне орналастырады. Тасынды- лар жуатын галереяның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, галереяның тесіктерін орналастыруды лабораториялық зерттеулер арқылы анықтайды. Көп жылдық тәжірибе арқылы анықталғаны, галереяны құрылымның тасындылар жуатын тесігіне жақын орналастырса, онда галереяға тасындылар түспейді де төменгі бьефке таза су тасталады. Галерея- ның табанын понур деңгейінде орналастырады. Осы себепті бұл галереялар түпкі деп аталады. Галереяны жабу үшін жоғарғы жағынан қақпақ қойылады, ал шығар тесігін жағалық тіреуден, су ұрма құдық тұсынан шығарған тиімді. Галереяның өлшемдерін аз су ағымына есептейді, құрылым алдына шөккен ірі тасындыларды жууды қамтамасыз ететін су жылдамдығына байланысты. Галерея ішіндегі су жылдамдығы 4-6 м/с кем болмау керек, ал негізінде су жылдамдығын жуылатын тасындылардың ірілігіне байланысты есептеп табады.
Галереямен тасындылар жуылатын болғандықтан, оның қабырғаларын таспен үйкеліп бұзылудан сақтау үшін, оның ішін шөген немесе үйкеліске төзімді басқа материалдармен қаптайды. Галереямен тасындыларды жуғанда, тек қана шектелген аймақтың тасындылары жуылады, ал жоғарғы бьефтің бүкіл еніне шөккен тасындылар тасқын су келген мезгілде жуылады. Өзендегі су ағымы тұтыну көлемінен көп болған жағдайда, құрылымның тасындылар жуатын тесігі оқтын-оқтын ашылып, жоғарғы бьефке шөккен тасындылар жуылып тұрады. Бұл тесіктің табалдырығы понур деңгейінде орналастырылады. Мұндай, тасындылар жуатын түпкі галаееялары бар бүйірлей су алғыш құрылымдар ирригациялық су тораптарын алғашқы салу кезеңдерінде көп орын алды. Осындай құрылым бірінші рет Орта Изар өзенінде салынды, осы себепті бұл құрылымдар кейде Орта Изарлық деп аталады. Түпкі галаееялары бар бүйірлей су алғыш құрылымдарды қолдану принципі: түпкі тасындылар төменгі қабатта болады, ал жоғарғы қабатта таза су болады деген болжамға сүйенген болатын. Құрылымды пайдалану барысында су дәл сондай қабат – қабат болып ақпайтыны дәлелденді, сондықтан құрылым конструкциясы жетілдіре басталды.
Тасынды ұстайтын галереялары бар бүйірлей су алғыш құрылымдар. Бұл құрылымдар конструкциясын проф. Н.Ф.Данелия ойлап тапқан. Бұл құрылым конструкциясына кездескен кедергіні су айналып өткенде циркуляция пайда болады деген принцип қолданылған. (15.2-сурет). Лабораториялық және далалық зерттеулер нәтижесінде проф. Н.Ф.Дане- лия бұл құрылым өлшемдерін есептеп табатын формулаларды берді.
Бұл құрылымның жауапты бөлігі тасынды ұстайтын галерея. Тасындылар ұстағыш галерея конструкциясы түпкі тасындыларды жуатын галереяға ұқсас, өзгешілігі бұл галереялар су алғыш құрылым алдына жиналатын тасындыларға гидравликалық әсер етеді және тасындылардың төменгі бьефке тасымалдануына әсер етеді.
Тасынды ұстайтын галереялары бар су алғыш құрылымдарда, су реттегіш шлюзға жақын орналасқан құрылымның су тастағыш тесігі, каналға су алу кезінде жабық тұрады. Су ағымы қақпаққа соқтыққан кезде су қысымы көтеріледі де, ал тасындылар ұстайтын галерея алдында су қысымы төмендейді. Осы себепті тасындылар құрылым алдындағы кері ағысқа жолығып, қисық сұлбалы құмтізбек құрып жиналады, әрі қарай су қысымы айырмасы әсерінен галереяға түседі. Тасындылар ұстайтын галерея тесігін тасындылар құм тізбегін құратын аймаққа, су алғыш құрылымның жоғарғы қабырғасынан жоғар да, төмен де орналастырады. Құрылым алдында кері ағыс пайда болатын аймақта түпкі тасындылар болмайды. Тасынды ұстайтын галереялары бар, бүйірлей су алғыш құрылымдарды зерттеу нәтижелері көрсеткені, су алу коэффициенті 0,45 -0,75 аралығында болғанда, каналға 1,2-1,7% тасындылар ғана түседі, ал су тасқыны кезінде 0,3% қана тасындылар каналға түседі және оның көпшілігі майда түйіршіктер.
Мұндай тасынды ұстайтын галереялары бар, бүйірлей су алғыш құрылымдарды өзеннің түпкі тасындыларды көп тасымалдайтын учаскелері- не салған тиімді және бұл құрылымды суды өзеннің бір жағасына алғанда салуға кеңес береді. Каналға алынатын су ағымы 5 м3/с тан 150 м3/с дейінгі аралықта және су арыны 2 м-ден 8 м-дейін өзгере береді. Проф. Н.Ф.Данеляның айтуы бойынша, бұл су алғыш құрылым арқылы 600 м3/с дейін су ағымын өзеннен каналға алуға болады екен, яғни өзендегі су ағымының кез келген мөлшерін суармалы жерге алуға және су электрстан- цияларының деривациялық каналына алуға мүмкіндік бар.
Тасындылар ұстайтын галереяның көлденең қимасын төрт бұрышты қылып салып, табалдырығын понур деңгейінде орналастыруға кеңес беріледі. Галерея тесіктерін бір-біріне жақын орналастыру қажет, тасындылар түгелімен галереяға түсу үшін. Құрылымның су ағарының тасқын су тастайтын ені - белгілі гидравликалық тәсілдермен есептеледі. Шартты жағдай - тасқын су қабылданған ▼УТД (▼ФПУ) деңгейде тасталуы керек.
Тасындылар жуатын тесігі алыстатылған, бүйірлей су алғыш құрылымдар. Бұл құры- лымда түпкі тасындылармен күресу принципі - судың үлесті ағымын бөлшектеу арқылы кесе көлденең циркуляция туғызуға және қисық табалдырық қолдану арқылы циркуляцияны күшейтуге бағытталған. (15.3-сурет). Мұндай тасындылар жуатын тесігі алыстатылған, бүйірлей су алғыш құрылымдарды өзеннің түпкі тасындыларды көп тасымалдайтын учаскелері- не салуға кеңес береді. Бұл су торабы құрамында: су реттегіш шлюз және әртүрлі, үш бөліктен тұратын бөгет болады. Бөгеттің бірінші бөлігі су реттегіш шлюзға жанасып тұрады да екеуінің табалдырығы бір деңгейде орналасады. Бөгет тесігі қақпақпен жабылады. Бөгеттің екінші бөлігі бірінші бөліктен тірек арқалы алшақтатылады және оның табалдырығы понур деңгейінде орналастырылады да, тесігі қақпақпен жабылады. Бұл бөлік тасындыларды жоғарғы бьефтен төменгі бьефке жуатын тесік. Бөгеттің тасындыларды жуатын бөлігінен кейін қақпақсыз, су ағар бөлігі орналасыды. Тасындыларды жуатын бөлік пен су ағар бөліктің арасына оқшаулағыш қабырға салады, бұл қабырға су алғыш құрылым алдында қалта құрайды. Су қабылдағыш құрылымның жағалық тірегі мен тасындылар жуатын тесіктің шеткі тірегі арасына қисық табалдырық салынады, оның астында тасындылар ұстағыш галерея орналастырылады.
Лабораториялық зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, тасындылар жуатын тесігі алыстатылған, бүйірлей су алғыш құрылымдарға түпкі тасындылар- бүйірлей су алғыш құрылымдардың қарапайым конструкциясымен салыстырғанда әлде қайда аз түседі екен. Су алу коэффициенті 0,42-0,56 болғанда бұл құрылымдар арқылы тасындылардың каналға түсуі 4 - 6,6% аралығында болды, ал бүйірлей су алғыш құрылымдардың қарапайым конструкциясында тасындылардың каналға түсу пайызы 75,4 пен 88,2 аралығында болады.
Тасындылар жуатын тесігі алыстатылған, бүйірлей су алғыш құрылымдардың тиімді жұмыс атқаруы өзенде артық су болуына байланысты - төменгі бьефке құрылымның тасынды жуатын тесігі арқылы су тасталып отырған кездерде. Ал судың тапшы кездерінде құрылым алдына жиналған тасындылар кисық табалдырық астындағы тасынды ұстағыш галереялар арқылы жуылып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет