Сулейменова зауре екпиновна


Дәріс №2 Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы



бет14/86
Дата18.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#124467
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   86
Дәріс №2 Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы


Жоспар

  1. Кәсіп пен мамандық туралы түсінік

  2. Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы

  3. Педагогикалық іс-әрекеттің мәні



Мақсаты: Педагогикалық мамандықтың пайда болуын, дамуын және қалыптасуын жақсы меңгеруін қамтамасыз ету. Педагогикалық мамандығының маңыздылығын түсіндіру.


Негізгі ұғымдар: педагогикалық кәсіп, квалификациялық сипаттама, профессиограмма, кәсіби стандарт, педагогикалық іс-әрекет түрлері, функциялары, кәсіби-педагогикалық біліктіліктер, кәсіби маңызды қасиеттер, педагогикалық шығармашылық

Ежелгі заманнан-ақ еңбек бөлінісі болмаған уақытта қауымның барлық мүшелері, оның ішінде балалар мен ересектер өз тамақтарын табу мақсатында бірдей әрекет етті, бұның өзі сол кезде өмір сүрудің негізгі мақсаты болды. Жинақталған тәжірибені атадан балаға беру еңбек іс-әрекетіне әкеліп тірелді. Балалар жас күнінен іс-әрекет тәсілдері туралы білімдерге, іскерліктер мен дағдыларға үйренді. Содан кейін еңбек құралдарының жүзеге асырылуына байланысты еңбек іс-әрекетіне үлкен адамдар мен науқастар қатыспады. Олардың міндеттері отбасын қорғаушы және балаларға қарады. Кейіннен, бірталай уақыттан кейін арнайы еңбек дағдылары мен іскерліктеріне үйренген кезде қауымның ақсақалдары, өте көрнекті адамдар адамдардың ең алғашқы әлеуметтік тобын – тәрбиешілерді дүниеге әкелді. Олар тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беріп, болашақ ұрпақтың рухани дамуын қамтамасыз етіп, оларды адамгершілікке, өмірге даярлады. Міне, осының негізінде тәрбие іс-әрекет сферасына және адамның санасына айналды.


Педагогикалық кәсіптің пайда болуы объективті негізге ие. Егер жас ұрпақ атадан тарап келе жатқан шығармашылықты пайдаланбағанда қоғам әрі қарай дами алмас еді. «Тәрбиеші» деген сөздің этимологиясы да қызық. Қазіргі сөздіктерде тәрбиеші біреудің тәрбиесімен айналысатын және оның дамуы мен өмір жағдайларына жауап беретін адам ретінде қаралады. «Мұғалім» сөзі кештеу пайда болған сияқты, себебі белгілі бір білім мен іскерлікті игеруге бағытталған адамдардың арнайы іс-әрекетін ұйымдастыру қажет болды. Бұндай іс-әрекет оқыту деген түсінікке ие болды.
Ежелгі Вавилонда, Египетте, Сирияда мұғалімдер ең алдымен абыздар болды, ал Ежелгі Грецияда – мұғалімдер өте ақылды, талантты азаматтардан алынды: педономдар, педотрибтар, дидаскалдар, педагогтар. Ежелгі Римде император мұғалім ретінде мемлекеттік лауазымдағы адамдарды, ғылымды жақсы білген, саяхатшыларды, көп көргендерді қойды, яғни бұндай адамдар басқа халықтың тілін, салт-дәстүрін білетін адамдар. Ежелгі қытай жазбаларында біздің эрамызға дейінгі XX ғасырларда елде халық ағарту ісімен айналысатын министрлік болғаны айтылады.
Педагогикалық кәсіптің пайда болу кезеңінен бастап оларға тәрбиелік функция үлкен мүмкіндіктер берді.
Мектеп алдында тұрған міндеттер қоғамның кезеңдеріне байланысты ауысып отырды. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат оқыту мен тәрбие егіз екенін айтады. Көрнекті мұғалімдер әр халықта әр кезеңде болған. Ұлы мұғалім ретінде қытайлықтар Конфуцийды айтады.
Адамның белгілі бір мамандыққа қабілеті оның іс-әрекетінің ерекшелігінен және ойлауынан көрінеді. Е.А.Климовтың ұсынған жіктелуі бойынша педагогикалық кәсіп – пәні басқа адам болып табылатын мамандық тобына жатады. Бірақ педагогикалық мамандықты ең алдымен оның қайраткерлерінің көзқарастары мен жауапкершілігі тарапынан таңдайды. Осыған байланысты педагогикалық мамандық жеке топ болып жіктеледі. Оның басқа мамандықтардан негізгі ерекшелігі жеке тұлғаны қалыптастыру, оның интеллектуалды, эмоционалды, дене тәрбиесін басқарып, рухани әлемін қалыптастыру.
Педагогикалық мамандықтың негізгі мазмұны адамдармен өзара қарым-қатынасты құрайды. Педагог мамандығының негізгі міндеті – қоғамдық мақсатты түсініп, басқа адамдардың күш-жігерін сол мақсатқа жетуге бағыттау.
Іс-әрекет ретінде оқыту мен тәрбиенің ерекшелігі әлеуметтік басқару жағынан екі құралдан тұрады. Біріншісі, егер жетекшіде басқа адамдармен қатынас орнай алмаса, онда ең негізгі басқару функциясы жоқ дейміз. Екіншісі, бұл мамандық адамнан арнайы белгілі бір салада білім, дағды, іскерлікті талап етеді. Педагог оқушылардың іс-әрекетін жақсы біліп, процестің дамуына дұрыс басшылық жасай алу керек. Осыған сәйкес, педагог мамандығы екі – адамгершілік және арнайы дайындықты қажет етеді. Мұғалім мамандығында қарым-қатынасқа түсе алу негізгі сапалардың бірі. Мұғалімдердің тәжірибесіне зерттеуді жүргізген В.А.Кан-Калик қарым-қатынаста өте жиі кездесетін қиындықтарды атап өтеді. Олардың өзі педагогикалық міндеттерді шешуге қиындық келтіретінін айтады: бағдардың сәйкес келмеуі, сыныптың қорқуы, қатынастың болмауы, педагогикалық қателерден қорқу және т.б.
Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі ол гуманистік, ұжымдық және шығармашылық сипаттамалардан тұрады.
Гуманистік функция. Педагогикалық мамандықта тарихи екі әлеуметтік функция бар – адаптивті және гуманистік. Адаптивті функция оқушының немесе тәрбиеленушінің қазіргі әлеуметтік мәдени ситуацияның нақты талаптарына бейімделуі, ал гуманистік – жеке бастың дамуымен, шығармашылық даралығымен байланысты.
XIX ғ.ортасының ғалымы, көрнекті педагог, неміс мұғалімдерінің атасы Фридрих Адольф Вильгельм Дистервег тәрбиенің мақсаты – шындыққа, жақсылыққа, сұлулыққа құлшылық ету деген. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мұғалімнің ерекше ролін атап көрсетеді.
Ұлы орыс жазушысы және педагогы Лев Николаевич Толстой педагогикалық мамандықта алдымен гуманистік бастаманы көреді, оның өзі балаларға деген сүйіспеншіліктен тұратынын айтады. Л.Н.Толстой баланың бостандығын оқыту мен тәрбиенің негізгі принципіне жатқызады. Ол мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жақсару қажет дейді.
XX ғ. 50-60 жылдарында гуманистік тәрбиенің теориясы мен практикасына ерекше еңбек сіңірген – Василий Александрович Сухомлинский – Полтавщинадағы Павлыш орта мектебінің директоры. Мұғалімнің негізгі табысы – оның рухани жан байлығы, сезімі, эмоционалды мәдениетінің деңгейі деп атап көрсетеді.
Батыс педагогикасы мен психологиясындағы қазіргі гуманистік бағыттың негізін салушылардың бірі – Карл Роджерс. Белгілі бір жағдайға бейімделмеген оқушыны тәрбиелеуде мұғалім оның өміріне қиындықтар келтіреді. Ал қоғамның бейімделген мүшесін тәрбиелеуде өзін өзгертуге арналған қажеттілікті қалыптастырмайды.
Ұжымдық сипаттамасы. «Адам-адам» тобының басқа мамандықтарында нәтиже бір маман иесінің іс-әрекет жемісі болып табылса, мысалы, дәрігер, сатушы, кітапханашы, ал педагогикалық мамандықта – тәрбиеленушіге әсер етушілердің педагогтың, отбасының және т.б. еңбектерін атап көрсету өте қиын.
Педагогикалық мамандыққа педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас субъектісі түсінігі бірте-бірте енуде. Біртұтас субъект кең мағынада – мектептің немесе басқа білім беру мемкемесінің педагогикалық ұжымы ретінде, ал тар мағынада – оқушылар тобына немесе нақты оқушылармен қатынасы бар педагогтар ұжымы.
А.С.Макаренко педагогикалық ұжымның қалыптасуына көп тоқталған. Ұжымның белгілі бір қасиеттері ең алдымен оның мүшелерінің көңіл-күйіне, жұмысқа қабілеттілігіне, психикалық және дене дамуына байланысты болады. Бұл құбылыс ұжымның психологиялық ахуалы деп аталады.
А.С.Макаренко мұғалімнің педагогикалық шеберлігі педагогикалық ұжымның қалыптасу деңгейімен шарттасады деген заңдылығын ашады. Ол Мұғалім тек қана педагогикалық ұжым арқылы ғана шеберлікке жетеді дейді.
Педагогикалық ұжымның теориясы мен практикасының дамуына В.А.Сухомлинский көп еңбек еткен. Бірнеше жылдар бойы мектеп басқару тәжірибесінен ол мынадай қорытындыға келеді: мектеп алдындағы мақсатқа жету үшін педагогикалық ынтымақтастық ролін ұмытпау қажет. В.А.Сухомлинский педагогикалық ұжымның тәрбиеленуші ұжымына әсерін зерттей отырып келесі заңдылық ашады: педагогикалық ұжымдағы рухани құндылықтар бай болған сайын тәрбиеленуші ұжымы белсенді күш, тәрбиелеуші процесс мүшесі болып табылады. Педагогикалық ұжым ненің нәтижесінде, қалай құрылады деген сұраққа, оны ұжымдық көзқарастар жиынтығы, пікірлер, шығармашылық деп жауап береді.
Шығармашылық ерекшелігі. Педагогикалық іс-әрекет кез келген әрекет сияқты сандық қана емес, сонымен қатар сапалық ерекшелікпен сипатталады. Мұғалім еңбегінің мазмұны мен ұйымдастырылуын өз іс-әрекетіне шығармашылық қарым-қатынасының деңгейі негізінде ғана анықтауға болады. Педагог іс-әрекетінің шығармашылық деңгейі өз мүмкіндіктерін алға қойған мақсатқа жету үшін қолдануынан көрінеді. Сондықтан педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық ерекшелігі оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Ғылым, техника, өнер сияқты сфералармен салыстырғанда педагог шығармашылығының мақсаты жаңа бір бағалы, әлеуметтік құндылықты құру емес. Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог, оның ішінде жаңашыл педагог өзінің педагогикалық жүйесін құрады.
Педагогтың шығармашылық потенциялы жиналған әлеуметтік дағдымен, психологиялық және педагогикалық білімімен, жаңашылдығымен қалыптасады. Тәжірибеде дәлелденуі бойынша жоғары мамандырылған, білімін, мамандық квалификациясын жоғарлатып отыратын мұғалімдер ғана шынайы педагог бола аллады.
Педагогикалық шығармашылықтың көріну саласы педагогикалық іс-әрекеттің негізгі компоненттерінің құрылымымен анықталып, оның барлық жақтарында: жоспарлауда, ұйымдастыруда, жүзеге асырылуда, нәтижені талдауда көрінеді.
Қазіргі ғылыми әдебиетте педагогикалық шығармашылық өзгермелі жағдайларда педагогикалық міндеттерді шешу процесі ретінде қарастырылады. Әр түрлі көптеген мәселелердің шешілуіне назар аударсақ мұғалім де басқа да адамдар сияқты өз қызметін белгілі бір эвристикалық ережелерді ізденуімен жүзеге асырылады, мысалы: педагогикалық ситуацияны, берілген ақпараттар бойынша нәтижені талқылау және алынған нәтижелерді бағалау арқылы, сонымен қатар жаңа мәселені қалыптастыру арқылы. Бірақта педагогикалық қызметті тек педагогикалық мәселелерді шешумен ғана шектелмейді, ол өзінің шығармашылық қызметінде танымдық, эмоционалды-еріктік, мативациялық сияқты тұлғалық компанентерді көрсетеді.
Педагог шығармашылығы коммуникативті міндеттерді шешуде де көрінеді. В.А.Кан-Калик мұғалімнің шығармашылық әрекетінің логикалық-педагогикалоық аспектісін және субъективті-эмоционалды жағдайларымен қатар, ситуативті міндеттерді шешуде көрінетін коммуникативті іскерліктерді нақтылайды. Бұндай іскерліктердің алдыңғы қатарына өзінің психикалық және эмоционалды жағдайын басқару, әр түрлі тәсілдерді қолдана отырып назарды өзіңе қарата білу жатады. Шығармашылық адамды жеке бастық іскер сапалар, яғни оның креативтілігін сипаттайтын сапалар көрсетеді.
Е.С.Громов және В.А.Моляко креативтіліктің 7 қасиетін көрсетеді: оригиналдылық, эвристикалық, фантазия, белсенділік, тұрақтылық, нақтылық, сезімдік. Педагогқа сонымен қатар инициатива, өзінділік, мақсатқа бағытталғандық, бақылампаздық, ойлауды дамыту тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет