Сулейменова зауре екпиновна



бет16/86
Дата18.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#124467
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   86
Бақылау сұрақтары

  1. Жеке тұлғаның педагого-психологиялық сипаттамасы

  2. Әлеуметтік жағдайдың жеке тұлғаға әсері қандай?

  3. Мұғалім тұлғасына қандай талаптар қоылады?

  4. Құзыреттілік, құзырет, кәсіби-педагогикалық құзыреттілік ұғымдарының мәні?



Әдебиеттер
1. В.А. Мижериков, М.Н. Ермоленко Введение в педагогическую профессию: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений. – М.: Педагогическое общество России, 1999.
2. Введение в специальность: Учебное пособие для студентов педагогических институтов /Л.И.Рувинский, Д.М. Гришин, В.А.Кан-Калик и др. – М.: Просвещение, 1998.


Дәріс №4 Педагогтың үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары


Жоспар

  1. Үздіксіз білім беру ұғымының мәні

  2. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері

  3. Педагогтың сөйлеу мәдениеті

  4. Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу

  5. Педагогикалық рефлексия



Мақсаты: Тұлғаға үздіксіз білім беру мәселесін талдау, педагогтың кәсіби іс-әрекетіндегі үздіксіз білім беру мен өзін-өзі жетілдірудің мәнін ашу.


Негізгі ұғымдар: үздіксіз білім беру, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі, педагогикалық қарым-қатынас, қарым-қатынас стильдері, сөйлеу мәдениеті, «Мен» - тұжырымдама, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеу әдістері, педагогикалық рефлексия,өздігінен білім алу, өздігінен білім алу әдістері, өздігінен білім алу құзыреттілігі.


Мектепті реформалау жағдайында, оқытып-үйрету мен тәрбие ісінде оқу орындарының жаппай заманауи технологияларды қолдануға көшу процесінде мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру мәселесіне баса көңіл бөлініп отыр. Бұл білім беру сапасын арттыру негіздерінің бірі және бірегейі болып табылады. Мектепте оқыту мен тәрбие жұмыстарының сапасын жетілдіру педагогтардың әзірлік деңгейіне тікелей байланысты. Бұл деңгей және үнемі өсіп отыруы да қажет. Ол дау тудырмайтын ақиқат. Сондықтан, мұғалімнің өздігінен білімін жетілдіру әрекеттерінсіз біліктілікті арттыру бағытындағы әр түрлі курстар, семинарлар мен конференциялар пәлендей тиімді нәтиже бере қоймайды.
Өздігінен білімін жетілдіру кез келген мамандықтағы өз ісіне творчестволықпен және жауапкершілікпен қарайтын әрбір маман үшін қажеттілік болып қалыптасып отыр. Бұл әсіресе моральдық және әлеуметтік тұрғыдан жоғары жауапкершіліктегі ұстаздық, мұғалімдік кәсіпке алдымен тән жағдай. Өздігінен білімін жетілдіру – саналы түрде дербес шұғылданатын танымдық қызмет.
Бұл ұғымға педагогикалық сөздік мынадай түсінік береді: «ӨЗДІГІНЕН БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ, тұлғаның өзі шұғылданатын мақсатты танымдық қызмет; қандай да бір ғылым, техника, мәдениет, саяси өмір және басқа да салалар бойынша жүйелі білім алу. Өздігінен білімін жетілдіру негізінде шұғылданушының материалды өздігінен зерттеп, зерделеп, оқып-үйренуге деген ынта-ықыласы жатыр». Педагогтың өздігінен білімін жетілдіруі Мұғалімнің өздігінен білімін жетілдіруі – кәсіптік қызметіне тән қажетті шарт. Қоғам мұғалімге қашан да жоғары талаптар қойып келген, әлі де солай, келешекте де солай болады. Өзгені оқытып-үйрету үшін басқалардан көп білуге тура келеді.
Мұғалім өз пәнін білумен және оны шәкірттер санасына жеткізудің методикасын игерумен қатар, оған жақын ғылым мен әр түрлі қоғамдық салалардан, қазіргі саясаттан, экономикадан хабары болуы керек. Мұғалім бәрін де тұрақты түрде оқып-біліп отыруы тиіс, өйткені оның алдындағы оқушылармен бірге уақыт кезеңдері де жыл сайын өзгеріп отырады. Әлем туралы түсінік те тереңдеп, өзгеше сипатқа ие болады. Өздігінен білімін жетілдіру қабілеті дипломмен бірге келмейді. Ол әрбір мұғалімнің өзіндік психологиялық және интеллектуальдық ерекшеліктеріне байланысты, ақпарат көздері арқылы жұмыс жүргізу, өз қызметі мен әріптестер қызметіне талдау жасау секілді дербес еңбек процесінде қалыптасатын қасиет. Дегенмен, мұғалім өзідігінен білімін жетілдіруге қаншалықты қабілетті болғанымен, бұл процесс практикада жүзеге аса бермейді. Мұғалімдер мұның негізгі себептері ретінде уақыттың жоқтығын, ақпарат көздерінің жеткіліксіздігін, стимулдың болмауын және басқа да жәйттерді алға тартады. Бұл ой енжарлығы мен жалқаулығының көрінісі десе болады, өйткені өзін өзі жетілдіру әрбір педагогқа тән ажырамас қажеттілік болуға тиіс.
Мұғалімді өздігінен білімін жетілдіруге ықпал ететін бұл қажеттіліктің құрамы, мотивтері мынадай: – күнделікті ақпараттар бойынша жұмыс жүргізу. Мұғалім сабаққа, сөз сөйлеуге, ата-аналар жиналысына, сынып сағатына, жалпы мектептік шараға, олимпиадаға әзірлену барысында жаңа ақпараттар іздестіру және оларды талдау қажеттігін сезінеді; – творчествоны қалау. Мұғалім – творчестволық мамандық. Творчестволықты қалайтын адам сарғайып кеткен баяғы сабақ жоспарларын немесе сценарийлерді жыл сайын қайта парақтап отырмайды, сол баяғы әңгімесін қайталай бермейді. Одан гөрі жақсырақ жүргізуге ынта-ықылас көрініс беруі тиіс. Жұмыс сонда ғана қызықты, сонда ғана қанағаттанарлық сипатқа ие болмақ; – заманауи ғылымның және әсіресе психология мен педагогиканың өте жылдам қарқынмен өсуі. Автомобиль заманында арбамен жүру қолайсыз ғой; – қоғам өмірінде өтіп жатқан өзгерістер. Бұл өзгерістер бірінші кезекте оқушыларға әсер етеді, олардың дүниетанымын қалыптастырады, соған сәйкес олар мұғалімді көбінесе «заманға лайықсыз адам» образында таниды; – бәсекелестік (конкуренция). Көптеген ата-аналар балаларын мектепке әкелгенде оларды нақты бір мұғалімнің, пән ұстазының немесе сынып жетекшісінің қарамағына табыстауды сұрайды.
Егер мұғалім әкімшілікте, әдістемелік кеңесте, білім беру бөлімінде жақсы аталып жүрсе, оның сыныптарды, жүктемелерді таңдауда құқығы жоғары болады; – қоғамдық пікір. Жұрт «жақсы» атай ма, «жаман» атай ма, мұғалім үшін бәрібір бола алмайды. Жаман мұғалім болу ауыр нәрсе; – материалдық ынталандыру. Мұғалім категориясы, аттестаттау комиссиясының пікірі, сыйлықтар, үстеме ақылар, тіпті атақтар мен үкіметтік наградалар да – бәрі-бәрі ұстаз біліктілігі мен шеберлігіне байланысты. Жаңа білімдерді тұрақты түрде игеріп отырмайынша, бұларға қол жеткізу екіталай нәрсе; – ынта-ықылас. Үйрену қызық нәрсе. Дәрігерге: «Өзіңді өзің жазып ал!» дейді. Күнделікті жұртты үйрететін адам қалайша алдымен өзі тұрақты үйреніп отырмасқа? Әйтпесе оның сабақ беруге қандай құқы болады? Мұғалім даму режиміне қосылуы тиіс, оның бір элементі өздігінен білімін жетілдіру процесі болып табылады.
Өздігінен білімін жетілдіру процесінде педагог қолданатын іс-әрекеттер:
– өзін өзі өзгерту туралы шешім қабылдау;
– өзін өзі жетілдіру бағдарламасын жасау;
– бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты атқарылатын жұмыстар;
– бағдарламаның орындалу нәтижелері бойынша өзіне өзі талдау жасау;
– алға жаңа мақсаттар мен міндеттер қою.
Педагог қызметіндегі негізгі кезең өзінің кәсіби өсуі мен жетілуіне байланысты бағдарлама әзірлеу болып табылады. Бағдарлама жасау принциптері: ғылымилық, болжамдау; актуальділік; оңтайлылық; шынайылық; тұтастық; бақылау мүмкіндігі.
Мынадай аспектілер дербес сипатта көрініс табуы тиіс:
– кәсіби өсудің мақсаты;
– психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерделеуге уақыт бөлу варианттары;
– оқу-тәрбие процесін бағдарламалық-әдістемелік тұрғыдан қаматамасыз ету жолдарын белгілеу;
– консультациялар алу;
– туындаған проблемаларды әріптестермен бірге талқылау;
– бір-бірінің сабақтарына кіру;
– алған білімді практикада сынақтан өткізуге байланысты жұмыстар;
– мектептің әдістемелік жұмыстар жүйесіне қатысу;
– өз жұмыс нәтижелерін өзі қорытындылау;
– өз тәжірибесін әріптестерімен бөлісу...
Өздігінен білім жетілдіру бастаулары Өздігінен білім жетілдіру процесінің мәні неде? Мұғалім әр түрлі дерек көздерінен өздігінше білім жинайды, оны кәсіптік қызметінде, өзінің тұлғалық даму сатыларында пайдаланады. Бұл қандай білім көздері және оларды қайдан іздеуге болады? Бұл теледидар, газет, журнал; әдебиеттер (әдістемелік, ғылыми-танымдық, публицистикалық, көркем және т. б.); Интернет; әр түрлі жеткізгіш негіздегі видео-, аудиоақпараттар; ақылы курстар; семинарлар мен конференциялар; шеберлік сыныптары; тәжірибе алмасу шаралары; экскурсиялар, театрлар, көрмелер, музейлер, концерттер, саяхаттар; біліктілікті жетілдіру курстары. Жалпы, бұл бастаулардың бәрі тұлғалық өсуге ықпал ететін білім көздері және кәсіби өсуге ықпал ететін білім көздері деп екі топқа бөлінеді. Бірақ олар екеуіне бірдей әсер етуі де мүмкін. Өздігінен білім жетілдіру формалары Өздігінен білім жетілдірудің барлық формаларын шартты түрде: жеке және топтық форма деп екі топқа бөледі. Жеке формада бастамашы мұғалімнің өзі болады, бірақ бұл процесті туындатушы да, ынталандырушы да әдістемелік және әкімшілік құрылымдардың басшылары болуы мүмкін. Әдістемелік бірлестіктер қызметі, семинарлар, практикумдар, біліктілікті арттыру курстары түріндегі топтық формалар өздігінен білім жетілдіру нәтижелері мен мұғалім арасындағы қайтарымды байланысты қамтамасыз етеді. Ол көбіне білім беру бөлімдерінің тарапынан ұйымдастырылады. Өкінішке орай, қазіргі заманғы мектепте бұл көбіне мұғалімнің өздігінен білімін жетілдіретін бірден-бір стимулы болып табылады. Өздігінен білім жетілдірудің құрамдас бөлігі болып табылатын процестер Егер білім беру саласындағы мұғалім қызметін іс-әрекеттер тізімі түрінде сипаттайтын болсақ, ол былай болып шығар еді: оқу, зерделеу, сынау, талдау, бақылау және жазу. Бұл әрекеттер қосымшаларының пәндік салалары қандай?
Жаңа педагогикалық технологияларды, формаларды, оқытып-үйрету әдістері мен тәсілдерін зерделеп, қолданысқа ендіру қажет. Ол үшін:
– әріптестер сабағына кіріп, тәжірибе алмасуларға қатысу;
– өз кәсіби қызметіне мезгіл-мезгіл өзі талдау жасау;
– классикалық және қазіргі заманғы психология мен педагогика саласында өз білімін жетілдіріп отыру;
– қазіргі заманғы экономика мен саясаттағы және мәдени өмірдегі оқиғаларды жүйелі түрде қадағалап отыру;
– өз эрудициясын, құқықтық және жалпы мәдениетінің дәрежесін көтеру. Өздігінен білім жетілдіру нәтижесі Қандай қызмет болсын, нәтижесі өнім, табыс не жетістік құрауы тиіс. Әйтпесе ол қызметтің мәні жоқ. Мұғалімнің өздігінен білімін жетілдіру жөніндегі жеке жоспарында белгілі бір мерзім ішінде қол жеткізілетін нәтижелер тізімі болуы қажет. Мұғалімнің белгілі бір кезеңдегі өздігінен білімін жетілдіру нәтижелері қандай болуы мүмкін?
Өздігінен білім жетілдіру үздіксіз жүргізілетін процесс, бірақ оны кезең-кезеңімен жоспарлау керек. Атап айтқанда:
– пән бойынша сабақ беру сапасын арттыру (тиімділік пен сапаны сипаттайтын көрсеткіштер аталады);
– әзірленетін немесе жарияланатын әдістемелік құралдар, мақалалар, оқулықтар, бағдарламалар, сценарийлер, зерттеулер;
– оқытып-үйретудің жаңа формаларын, әдістері мен тәсілдерін жасау;
баяндамалар, белгілі бір тақырыпта сөйлейтін сөздер;
– дидактикалық материалдар, тесттер, көрнекі құралдар әзірлеу;
– жаңа ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты әдістемелік ұсынымдар жасау;
– өз жаңашылдық технологияларын әзірлеу және сол бойынша ашық сабақтар өткізу;
– педагогикалық әзірлемелер комплектін жасау;
– зерттелетін проблема (тақырып) бойынша тренингтер, семинарлар, конференциялар, шеберлік сыныптарын өткізу, тәжірибелерді қорыту. Нәтижелер:
– конференцияларда, «дөңгелек стол» мәжілістерінде творчестволық есеп беру;
– баспасөз бетінде жарық көрген жарияланымдар;
– жұмыс тәжірибесі бойынша брошюра шығару.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет