Сулейменова зауре екпиновна



бет13/86
Дата18.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#124467
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   86
Байланысты:
Педагогика

2 – саты
Жалпы орта білім беру (5 – 10 – сыныптар)
Оқыту ұзақтығы – 6 жыл
Екінші сатының негізгі бағдары – негізгі жалпы білім алуға жағдай жасау, адамдар арасындағы және этносаралық қатынастар мәдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыру тетіктерін, кәсіби және танымдық ой-пікірінің туындауына, теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.
Негізгі мектеп оқытуды бейіндік мектепте немесе кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарында жалғастырудың базасы болып табылады.
Бұл сатының ерекшелігі оқушының мектептегі үшінші сатыдағы бейіндік оқытуға саналы таңдау жасауға бағдар көрсететін бейіналды дайындықтың жүргізілуі болып есептеледі.
3 – саты
Жалпы орта білім беру (11 – 12 – сыныптар)
Оқыту ұзақтығы – 2 жыл
Үшінші сатының бағдары – жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын, оқытудың саралануы мен даралануына, оқушылардың білімін жалғастыруға қатысты жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына ықпал ететін талабымен, қызығушылық ниетімен сәйкес әлеуметтендіруге бағдарланған бейіндік оқытуды іске асыруға жағдай жасау.
Бейіндік оқыту жаратылыстану – математикалық, әлеуметтік – гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Бейіндеу (профилизация) нысандары мектептің педагогикалық әлеуетін, білімдік инфрақұрылымының мүмкіндігін, облыстың, қаланың, ауданның сұранысын ескере отырып, анықталуы тиіс.
Бейіндік оқытуды іске асыру жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде жүзеге асырылады.
12 жылдық білім беруде оқушылар мектепті 18-19 жаста бітіріп, Қазақстан азаматтарының барлық конституциялық құқықтарын пайдалана алады.


Бақылау сұрақтары
1. Білім берудің жалпы сипаттамасын беріңіз
2. Қазіргі білім беру парадигмасын анықтаңыз
3. Білім беру саласындағы өзгерістерге әсер ететін факторларды ашып,қазіргі кездегі орта білім берудің дамуындағы негізгі тенденцияларын көрсетіңіз.


Әдебиеттер
1. Бержанов К. Педагогика тарихы. Қысқаша курс: / К. Бержанов, С.Мусин. Мектеп, 2000ж
2. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, Астана 1998ж.
3. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті. Педагогика. Алматы, 2003 ж.
4. Қоянбаев Р.М. Қысқаша педагогикалық сөздік. Алматы АлМУ, 1992ж


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет