Атаулы анкета – жауап беруші өзінің аты–жөнін жазады
Аттестациялау – білім беру мекемелері қызметкерлерінің педагогикалық кәсібилігі мен іс-әрекеті деңгейін анықтау.
Ашық анкета– зерттелуші сұрақтарға өз ойынан жауап береді.
Әдет – жеке адамның өмірінде тұрақтанып қалыптасқан, бойына дарып үйреншікті болып кеткен қылық, тұрақты дағды.
Әдіс (гр. «методос» - метод) - ақиқатқа, шындыққа жетудің жолдары.
Әдіснама (методология) - табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау идеялар жиынтығы.
Әдістеме (методика) - жеке пәндерді оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттейтін педагогиканың саласы.
Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын қоғамдағы әлеуметтік қатынас, адамдар, олардың көп қырлы іс-әрекеттері.
Әлеуметтену– адамның әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесіне енуі
Әлеуметтендіру– адамды әлеуметтік қарым–қатынастар жүйесінде әр түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, ұйымдар) түрлеріне интеграциялау.
Әлеуметтендіру – мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар иен құндылықты игеру –негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.
Әлеуметтік бейімделу (адаптация) – индивидтің қоршаған орта жағдайына ыңғайлануы.
Әлеуметтік кемелдену– өзінің іс–әрекетін жүзеге асыру, тәртіптің қарым–қатынаста тұрақтылығы, тұлғаның өзі туралы пікірі, өз–өзіне баға беруі.
Әңгіме - балалардың санасын қалыптастыратын тәрбие әдісі.
Әңгіме –сұрақ қою арқылы оқушыны зерттеу әдісі.
Әрекет – адамның белгілі бір істі меңгеруге бейімделе кірісуі.Әрекет қажеттіліктен туындайды.
Әскери педагогика -әр түрлі рангтегі әскери адамдардың тәрбиелік іс-әрекеттерінің заңдылықтарын зерттейді.