Басқару – мектеп ішіндегі психологиялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік процестер мен қатынастарды саналы түрде реттеу.
Баяндама - тақырыптың мазмұнын көпшіліктің алдында баяндау.
Белсенділік – адамның күнделікті іс–әрекетте кездесетін міндеттерді шығармашылықпен орындай білу қабілеті.
Библиография - зерттелетін мәселе бойынша әдебиеттер тізімін құру;
Бихевиоризм – жеке тұлғаның дамуының биологиялық бастауларын жақтайтын бағыт. Оның негізін салушы американдық психолог және педагог Э.Торндайк (1874-1949).
Болжау әдісі- зерттеушінің қатысуынсыз педагогикалық жүйе қозғалысын көрсету үшін қолданылатын әдіс
Бригадалық-лабораториялық форма - ХХғ 20-шы жылдары россияда пайда болған. Оқушылар бригадаларға бөлініп, тапсырманы бірлесіп орындайды.
Білім - табиғат пен қоғам туралы әрбір ғылым саласында жинақталған фактілер, ұғымдар, заңдылықтар жүйесі.
Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, ителлектуалдық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу процесі.