Тәрбиеші: - Жайлау көрінісін жасап берейік.
Сергіту сәті: Ауыл қонды жайлауға,
Дала жатыр жадырап.
Қой қаптады қойнауда,
Қозы, лақтар жамырап.
Сурет салу әдісі: Ақ киіздің астынғы төмен жағына жасыл түспен шөптерді жіңішке қылқаламен жоғары – төмен сызып , жоғар жағына мақтаны көк түсті бояуға батырып алып дақ түсіру әдісін қолданып аспанды бейнелейміз. Қағаздан киіз үйдің, қозылардың сұлбасын қиып аламыз, ортасына жабыстырамыз.
«Саусақтар жүреді» саусақтарға арналған жаттығу Екі саусақпен 5-ке дейін тура және кері санап, алға-артқа жүреді
Қауіпсіздік ережесін сақтаймыз.
жеке жұмыс, көмек көрсету.
ІІІ.Қорытынды бөлімі- рефлексия: Тәрбиеші: - Қошақан сенің жайлауыңа ұқсай ма ?
Қошақан: - Мынау менің досымның суреті. Менің жайлауымды таптым. Рахмет, сау болыңдар!
Бала:- Сау болыңдар!
Тәрбиеші: - Балалар, сендер қошақанның жайлауының суретін салғанда қандай құралдарды қолдандық?
Бала: - Қылқаламмен шөптердің суретін салдық, мақтамен аспанның суретін салдық.
Тәрбиеші: - Сендерге сурет салған ұнады ма?
Бала: - Маған мақтамен бұлттың суретін салған ұнады.
Тәрбиеші жұмыстарына қарай мадақтайды.
№34
Білім беру саласы «Шығармашылық» ҰОҚ: Сурет салу (дәстүрден тыс сурет салу)
Тақырыбы «Тышқаннның қашқан жолы» Мақсаты: бейнелеу өнері оқу қызметінде дәстүрден тыс әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы балалардың іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру; балалардың бейнелеу өнеріне деген ынтасын ояту; бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру ; эстетикалық талғамдарын жетілдіружәне бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, жұмыстар және ойын, мадақтау.
Билингвалды компонент: тышқан – мышь - mouse
Құралдар: жіптер , қағаздар, қылқаламдар, су, бояулар