Сурет салудың сиқырлы әлемі


Бала: - Құмырсқа 2.Ат басты,арқар мүйізді,бөрі кеуделі, бөкен санды, қос қанатты, құмырсқа ізді,бота тірсекті. Бала



бет67/74
Дата01.09.2023
өлшемі3,6 Mb.
#105825
түріКонспект
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   74
Бала: - Құмырсқа
2.Ат басты,арқар мүйізді,бөрі кеуделі,
бөкен санды, қос қанатты,
құмырсқа ізді,бота тірсекті.
Бала: - Шегіртке.
Тәрбиеші: - Жарайсыңдар балалар, енді өлеңмен танысайық мен мәнерлеп оқимын сендер жақсылап тыңдап отырыңдар.
Крылов Иван (Шегіртке мен құмырсқа) [Абай аудармасы
Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды қуып гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған.
Жаздыгүнгі жапырақтың.
Бірінде тамақ, бірінде үй,
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз болған соң кетті күй.
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тоңған, қарны ашқан
Ойын қайда, ән қайда?
Оныменен тұрмады,
Қар көрінді, қыс болды.
Секіру қайда, сүрініп,
Қабағын қайғы жабады.
Сабанда жатып дән жиған
Құмырсқаны іздеп табады.
Селкілдеп келіп жығылды,
Аяғына бас ұра:
Қарағым, жылыт, тамақ бер,
Жаз шыққанша асыра!
Мұның, жаным, сөз емес,
Жаз өтерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш шаруа
Ала жаздай қылмап па ең?
Мен өзіңдей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлі ме?
Көгалды қуып, ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?
Қайтсін, қолы тимепті,
Өлеңші, әнші есіл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де, билей бер!
Сұрақ –жауап.
Тәрбиеші: - Шегіртке жазды қалай өткізді?
Бала: - Жаз бойы секіріп жүреді.
Тәрбиеші: - Ол құмырсқаға неге келді?
Бала: - Құмырсқадан тамақ сұрап келді.
Тәрбиеші: - Балалар, құмырсқалар қалай жүреді?
Бала: - Құмырсқалар тізбектеп жүреді.
Ойын – жаттығу : «Құмырсақалар тізбегі»
Ойын шарты: Өлең сөздері бойынша қимылдар жасайды.
Кәне , достар тұрайық.
Құмырсқа болып бәріміз.
Тізбек құрып, тұрайық,
Бір қатармен бәріміз.
Алға қарай жылжимыз.
Шебер - ақсың жұмысқа.
Тәрбиеші: - Балалар , біз бүгін құмырсқаның суретін саламыз.
Құмырсқа қандай болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет