Сурет салудың сиқырлы әлемі



бет2/74
Дата01.09.2023
өлшемі3,6 Mb.
#105825
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Байланысты:
пленка сурет

Мағжан Жұмабаев

Бейнелеу өнері - мектепке дейінгі жастағы балалардың осы шағындағы негізгі іс-әрекетінің бір бөлігі болып табылады. Бейнелеу өнеріне негізгі түрлері; сурет салу, мүсіндеу және аппликация.


Ал, бұл жинақта тек бейнелеу өнерінің негізгі бір түрі сурет салу ғана қарастырылады.
Сурет салу кезінде балалардың ойлауы, қиялы, ұсақ қол моторикасы, көру және қозғалыс анализаторлары, тілі, сондай-ақ түсті, пішінді, ритмді ажырата алу қабілеттері дамиды. Суретте бала өзінің өмірлік тәжірибесін көрсетеді, өзінің эмоциясы мен сезімдерін жеткізеді.
Сурет салу кезінде балаға қуаныш сыйлауы үшін және оларға қандайда түсінбеушілік (қиындық) тудырмау үшін, оларды сурет салудың дәстүрлі емес әдістерімен таныстыру қажет.
А.В. Никитина, Г.Н. Давыдова секілді зерттеушілер, сурет салудың дәстүрлі емес тәсілдері балалардың байланыстыра сөйлеуін және олардың қиялын, фантазиясын дамытып, жаңа композиция құруға ынтасын ашады. Сондай –ақ,балаларға жақсы, жылы эмоция сыйлап, таныс заттарды көркем материалдар ретінде қолдана алуға мүмкіндік беретінін дәлелдеді.
Өзектілігі. Сурет салудың дәстүрлі емес техникасын қолданудың артықшылығы: суретті тұрмыстағы кез келген заттар арқылы қызықты етіп салуға болады (қақпақтар, мақта, паралондар, т.б). Дәстүрлі емес техниканы пайдаланып, сурет салғызу балалардың танымдылығын арттырады: балалар сурет салудың жаңа түрімен танысады, сурет салудың өз тәсілдерін ойлап табады. Сурет салудың дәстүрлі емес техникасын қолдану балалардың сезімдік қабылдауына әсер етеді: бала таң қалады, шаттанады, қуанады. Бұл әдіспен сурет салу балаларды өте қызықтырады. Балалар сурет сала отырып, уақыттың қалай тез өтіп кеткенін байқамайды. Дәстүрлі емес техникаларды қолдану арқылы сурет салу балалардың өзіндік шығармашылық қабілеттерінің ашылуына әсер етеді, сурет салудың әртүрлі қырын үйренеді. Сол себепті, «Сурет салудың дәстүрлі емес технологиясын қолдану» тақырыбы қазіргі таңда балалардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін арттыруда өте өзекті болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет