Бала: - Бидай масағының суретін салдық.
Тәрбиеші: - Суретті қалай салдыңдар?
Бала: - Бидай күріштен жабыстырып, сары түске боядық.
Тәрбиеші: - Балалар бидайдан не жасайды?
Бала: - Бидайдан бірінші тазалап диірменде тартып ұн жасайды.
Ұннан нан жасайды.
Тәрбиеші: «Нан болса, әнде болады» деген мақал бар. Сондай –ақ нан көп болса қарнымыз тоқ болады және ән айтайық
Ән: «Күз байлығы»
Тәрбиеші балаларды мадақтайды.
№5
Білім беру саласы «Шығармашылық»
ҰОҚ: Сурет салу (дәстүрден тыс сурет салу)
Тақырыбы Күзгі табиғат көрінісі .
Мақсаты : балаларға күз туралы түсініктерін толықтыру; күз мезгілінің табиғи ерекшеліктерін дәстүрден тыс құралдарды пайдалана отырып, қағаз бетіне түрлі-түсті бояуларымен өз ойларын жеткізе білуге талпындыру, сурет салу дағдыларын қалыптастыру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, арнайы құралдармен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру. Еңбекке деген ынтасын арттыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдістер мен тәсілдер: көрнекілік (көрсету, және т.б.), дәстүрден тыс сурет салу, сұрақ-жауап, балалар әңгімесі, пікірталас ойыны .
Құралдар: 1. «Аққайың» тобына – салафан қалтасы, қылқалам, таяқшамен, гупка. 2. «Емен» тобына – жануарлар трафарет, ағаш трафареті. Тіс щеткасы, тарақ. Слайд, емен және аққайың ағаштары, жапырақтардың суреттері.
Билингвалды компонент: жапырақ – лист-sheet, күз-осень-autumn,fall.
І. Кіріспе бөлім.
Шаттық шеңбері:
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
ІІ.Негізгі бөлім :
Жұмбақ
Өрік, алма,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз,
Қияр, сәбіз дүкендерге түседі.
Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Бала: - Күз мезгілінде.
Достарыңызбен бөлісу: |