Тәрбиеші: - Ал біз осылай жасаймыз ба?
Бала: - Мен досыма көмек беремін.
Асыл: - Мен әжейге көмек беремін.
Сергіту сәті: Әкел, досым, қолынды,
Татуласқан орынды.
Өкпелесіп не керек,
Көрсет, кәне, соныңды
Баққа бірге кірейік,
Қол ұстасып жүрейік.
Тәрбиеші: - Балалар, біз өзіміздің жүрек жылуларымызды сурет салып берейік.
Жұдырықпен сурет салу әдіс – тәсілі: жұдырығымызды бояуға батырып алып, қағаз бетіне басамыз. Шыққан жүрек сұлбасын қиып аламыз, әрі қарай безендіреміз.
Жеке жұмыс. ІІІ. Қорытынды бөлімі- рефлексия: Тәрбиеші: - Сендердің ойларыңызша мейірімді жүрек қандай болады?
Бала: - Дос, көмек бере білу керек.
Тәрбиеші: - Соны бейнелейік.
Жүректен – жүрекке: Менің кішкентай жүрегім,
Бәріне жақсылық тілейді.
Жүрекшелерге көңіл-күй сыйлайды, мадақтау.
№26 Білім беру саласы «Шығармашылық» ҰОҚ: Сурет салу (дәстүрден тыс сурет салу)
Тақырыбы Наурыз көңілді мереке
Мақсаты: наурыз мерекесі туралы түсінік беру; балалардың ойлау қабілетін дамыту, сурет салуда композиция құрасыруға үйрету; салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: ТРИЗ, көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, дәстүрден тыс сурет салу әдісі, мадақтау, ойын .
Билингвалды компонент: мереке – праздник – celebration.
І. Кіріспе бөлімі. Шаттық шеңбері: Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа,
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
ІІ. Негізгі бөлім: Әңгімелесу: - Наурыз мейрамы жылдың қай мезгілінде тойланады?
Бала: - Наурыз мейрамын көктем мезгілінде тойлаймыз.
Тәрбиеші: - Адамдар мейрамға қалай дайындалады?
Бала: - Наурыз көже жасайды, сыйлық алады.
Тәрбиеші: - Наурыз мейрамын қалай қарсы алады?