Сурет салудың сиқырлы әлемі


Тәрбиеші: - Дұрыс қарындаш. Тағы суретті немен салуға болады? Бала



бет47/74
Дата01.09.2023
өлшемі3,6 Mb.
#105825
түріКонспект
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   74
Тәрбиеші: - Дұрыс қарындаш.
Тағы суретті немен салуға болады?
Бала: - Фламостери, бояулармен.
Тәрбиеші: - Заттармен салуға не көмек береді?
Бала: - Қол, саусақ.
Саусақ ойыны:«Бесеу және бесеу»
«Бесеу және бесеу шықты серуендеуге ( қолымызды алдымызға қойып, саусақтарымыз жинаймыз, жазамыз.
Бірге ойнаған көңілді. (қолымызды қозғаймыз)
Бұрыламыз,
Күлімсірейімз,
Жұдырығымызды түйеміз.
Жарайсыңдар! (екі жұдырықты бір-біріне тигізу)
Тәрбиеші: - Жарасыңдар! Енді сурет салуға дайынбыз. Бүгін біз қызықты сурет саламыз, бұрын ондай сурет салып көрмедік.
Ол «монотипия» деп аталады. Қағаздың жарты бетінде қана сурет саламыз да , екінші жағына басып шығып, толық бейне шығарамыз. Көбелекке қараңыздар, оның екі қанаты бар.
Сурет салу әдіс – тәсілі:
1. Қылқаламды таза суға батырып, онымен бояудың үстіне су тамызу. Бояудың жарты бөлігі су болады. Енді бояуды сумен араластырамыз.
2. Араластырған бояуға қылқаламды батырамыз. Қылқаламмен көбелектің оң жақ қанатына дақ түсіреміз. Алдымен сары, одан кейін қызыл түс, содан кейін көк түсті кезекпен тамызамыз немесе кляксография әдісімен жасауға болады.
3. Қағазды дәл ортасынан бүктеп, көбелектің сол жақ қанаты мен оң жақ қанаты беттестіреміз де, оны қолымызбен үстінен сипаймыз. 1 - ден 5 - ке дейін санаймыз.
4.Көбелектің қанатын ашып, қараймыз, әдемі көбелек болып шығады. Тәрбиеші: - Сендерде осылай жасап көргілерін келе ме?
Балалар: - Иә, сурет салайықшы.
Тәрбиеші: - Көбелек қанатың әсемдеп болғасың, басын, денесіңде безендірейік.
Балалар, көбелегіміз дайын болды, еді ортасына түтікшені желімдейміз, үстінен қатты басамыз.
Тәрбиеші: - Балалар, көбелектерімізге не жасадық?
Бала: - Көбелекті ұстайтың тұтқа.
ІІІ.Қорытынды бөлімі- рефлексия:
Ойын: «Көбелектер»
Ойын шарты: көбелектерімізді тұтқасынан ұстап, ұшырамыз, гүлдердің үстіне қоңдырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет