Сурет салудың сиқырлы әлемі


Бала: - Ән айтады, би билейді. Жалпылау



бет50/74
Дата01.09.2023
өлшемі3,6 Mb.
#105825
түріКонспект
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   74
Байланысты:
пленка сурет

Бала: - Ән айтады, би билейді.
Жалпылау: Наурыз мейрамын тойлау дәстүрлердің бірі болып табылады. Бейнесюжет тамашалайды. Балаларға осы мейрамның туындауы туралы аңызды әңгімелейді. Наурыз – бұл еңбек, бейбітшілік, достық мейрамы. Адамдар бір-бірінің реніштерін кешіріп, өздері мен басқаларға жақсылық пен бақыт тілеген. Осы күндері бата алу маңызды болған. Бата – бұл үлкен адамдардың тілегі, өсиеті. Мынадай тілектер айтылатын болған: «Барлық бастамаларыңа табыс тілеймін», «Жерімізге өнімділік тілеймін».
Триз ойыны: «Көп қабатты теледидар»
Ойын барысы: Балалар, біздің ата-бабаларымыз киіз үй тұрған.Киіз үйде түрлі заттар болады, сандық, бесік, керуеттер, дөңгелек үстелдер, киіз, тұскиіз.
Көп қабатты теледидардағы бұйымдарды орындарына қою керек.
-Киіз үйдің ортасында не тұрады?
Бала: - Киіз үйдің ортасында дөңгелек үстел тұрады.
Тәрбиеші: - Үстелдің оң жағында не тұруы мүмкін?
Бала: - Оң жақта сәбидің бесігі тұр.
Сергіту сәті:
Наурыз, келді балалар!
Көктеді қыр, жағалар,
Наурыз тойын тойлайық!
Жаңа жылды, ағалар!
«Наурызкөже» өлең оқу
Наурыз тойын әдемі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі,
Наурызкөже пісірді.
Сұрақ-жауап:
Тәрбиеші: - Өлең не туралы?
Бала: - Наурыз тойы туралы.
Тәрбиеші: - Наурызкөжеге қандай тағымдар қостық?
Бала: - Су, тұз, сүр ет, ағарған, дәнді-дақылдарды қосп пісіреді.
Дидактикалық ойын: «Наурызкөже»
Наурыз көже тағамдарын сызып көрсетіңдер.
Қазанға қандай тағамдар саламыз?
Сүр ет, тұз, су, дәнді-дақыл, ағарған қосамыз.
Сурет салу әдісі: үгіткіш бетіне балауыз бормен Наурыз көже салынған ыдыстың суретін саламыз, фломастермен гүл өрнегімен өрнектейміз.
Жеке жұмыс.
ІІІ. Қорытынды бөлімі - рефлексия: «Наурызды қарсы аламыз» көрмесі ұйымдастырылады.
Тәрбиеші: - Кім, қандай ыдыстың суретін салды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет