Сурет салудың сиқырлы әлемі



бет61/74
Дата01.09.2023
өлшемі3,6 Mb.
#105825
түріКонспект
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   74
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты!
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!
ІІ.Негізгі бөлім:Осы кезде үнтаспадан ұшақтың дыбысы естіліп, топқа Дымбілмес келіп кіреді.
Дымбілмес: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге алыстан қонаққа келе жатырмын.
Тәрбиеші: - Қош келдің, Дымбілмес, жоғары шық, қонақ бол!
Сен бізге қай елден және қандай көлікпен келдің, алыстан?
Дымбілмес: - Білмеймін бір темір құспен ұшып келдім, ішінде менен басқада адамдар мініп алыпты.
Тәрбиеші: - Дымбілмес, ол темір құс емес.Балалар, айтыңдаршы сендер жаңа дауысын естідіңдер ғой, не екенін білесіңдер ме? Балалар ұшақ екендігін айтады .
Дымбілмес: - Ол не ұшақ деген? Балалар маған айтып беріңдерші.
Балалар: - Ол адамдар отыратын көлік, әуеде ұшып адамдарды баратын жеріне жеткізеді. Ұшақтарды жүргізетін маман иесін ұшқыш дейміз.
Тәрбиеші: - Дымбілмес, онда сен бүгін бізбен бірге бол. Балалар, бүгін біз сол ұшақты толықтай білу үшін, тақтаға назар аударайық.
Интерактивті тақтаға назар аударып, ұшақ түрлері және Ұшқыштар туралы әңгімелеу. Ұшқыштар ұшақпен ұшады. Аспанды қорғайды. Ұшқыштар өте ақылды және мықты. Олар ұшақты басқару үшін білімді болуы керек, сол үшін олар көп оқу керектігі туралы түсіндіріледі.
Тәрбиеші: - Балалар, енді менің қолымдағы пішіндерді таңдау арқылы өз орындарына отырып, тапсырманы орындайық. (балалар пішіндерді таңдап, үш топқа бөлініп, үш түрлі құралдарды қолдану арқылы ұшақты бейнелейді).
1.үшбұрышты пішінді таңдағандар балалар; ермексазды тақтай бетіне жағу арқылы салады.
2. төртбұрышты пішінді таңдағандар; ақ парақты умаждау арқылы салады.
3. дөңгелек пішінді таңдаған балалар; қарындашпен түрту арқылы салады.
- Дымбілмес сенде балалармен қосылып сурет сал. (Дымбілместе балалармен бірге отырады).
Қорытынды бөлімі- рефлексия: Ойын: «Не, қайда жүреді?» (суретті парақша арқылы жолға белгісіне жолда жүретін көліктерді белгілесе, суға белгісіне судағы көліктерді белгілесе, әуеге белгісіне әуе көліктерін белгілейді).
Дымбілмеспен бірге «Ұшты – ұшты» ойынын ойнайды.
Аяқталған жұмыстарын талдау, мадақтау, бағалай отырып, үздік жұмыстардан көрмеге ұйымдастырылады. Дымбілмес балалар жұмысына риза болып, балалармен қоштасып кетеді.
32


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет