Сурет салудың сиқырлы әлемі


Білім беру саласы «Шығармашылық»



бет62/74
Дата01.09.2023
өлшемі3,6 Mb.
#105825
түріКонспект
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   74
Білім беру саласы «Шығармашылық»
ҰОҚ: Сурет салу (дәстүрден тыс сурет салу)
Тақырыбы Менің доптарым
Мақсаты: гуащьпен сурет салу дағдыларын қалыптастыру; дөңгелек затты-доптың суретін салуды үйрету; шығармашылық қабілеттерін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; байқағыштығы мен қөз мөлшерін, қолдың қимыл-қозғалыс қалыптастыру; шыдамдылыққа, төзімділікке, еңбек-сүйгіштікке тәрбиелеу
Құралдар: әртүрлі доптар, қағаз, жұмыс дәптері, жай қарындаш, гуашь, қылқалам, су, қолорамал. қағаздар, бояу, қылқалам, су, қолорамал.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрсету, мадақтау, ойын.
Билингвалды компоненты: доп –мяч- ball, pil.
І.Кіріспе бөлім.
Шаттық шеңбері:
Қуан,шаттан,алақай,
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң!Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
ІІ. Негізгі бөлім:
Жұмбақ.
Тепсең-ақ секіріп,
Ұстатпай қашады.
Бір жерге бекініп,
Тұра алмай сасады. (доп
Сұрақ-жауап:
Тәрбиеші: - Доп не үшін қажет?
Бала: - Доппен далада біз әртүрлі ойындар ойнаймыз, лақтырамыз, тебеміз. Тәрбиеші: - Допты неден жасайды?
Бала: - Допты резеңкеден жасайды.
Тәрбиеші: - Доппен ойнайтын ойындарды атаңдар?
Бала: - Фудбол, баскетбол
Тәрбиеші: - Бүгін доптардың суретін салуды үйренеміз. Балалар, сендер ойнайтын доптар қандай түсті болады?
Бала: - Менің добым қызыл түсті.
Сурет салу әдісі: гуашьты аздаған мөлшерін алып, палитрада сумен араластырамыз. Содан соң бояуды керегінше аламыз.
-Қағаз бетінде доптың контурын бірден қылқаламмен дөңгелете жүргіземіз. Бояймыз. Тәрбиеші: - Балалар сурет салмас бұрын бәріміз саусақтарымызды дайындап, сергіп алайық.
«Достық» саусақ жаттығуы.
Санайық жаңаша
Бір, екі, үш!
Желбіре жалауша,
Достықта біздің күш.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Оларды атап шақырар,
Әрқайсысының аты бар.
Бас бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Балалар допты алып, домалатып отырып сурет салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет