Syllabus пәннің атауы



Pdf көрінісі
бет25/78
Дата22.12.2023
өлшемі1,4 Mb.
#142730
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   78
Байланысты:
bala psiho4

№13 дәріс тақырыбы:
Сәбилік кезең. 
Дәрістің мазмұны:
1. Сәбилік кезеңдегі бала дамуына психологиялық сипаттама 
2. Сәбилік кезеңдегі баланың сөздік қоры 
3. Сәбидің сөйлеуге түсінуі және алғашқы сөздері 
Сәби жасының ерекшелігі 1-3 жасқа дейін сәбилік кезең деп аталады. Осы кезде 
баланың денесі де, психикасы да ерекше қарқынмен дамиды.
Бала өмірінің алғашқы жылында басы біршама үлкен, кеудесі ұзын, аяғы қысқа 
болады. Осы кезде бұлшық еті де баяу дамиды. Бала өмірінің алғашқы жылында көбінесе 
сұйық тамақпен тамақтанады. Алғашқы жылмен салыстырғанда бойы 1,5 салмағы 3 есе 
артады. Екі жасқа келгенде салмағы 200-250 грамм қосады. Бойы ай сайын 1 см өсіп, 
балаларда 20 сүт тісі болады. Бұлшық еттері дамиды. Тыныс алуы баяулап бірқалыпты 
ырғаққа келеді. 
Бір жастың соңында баланың бас миының салмағы 780-800 г болады. Осы кезде ай 
сайын 30 грамнан қосылып отырады. Үш жаста миының салмағы 1100-1200 дейін 
болады. Осыдан кейін мидың салмағының артуы баяулайды: 
7 жасқа келгенде 1250 г болады 
8-9 жасқа келгенде 1300 г бболады 
15 жасқа келгенде 1350 г болады 
21 жасында мидың салмағының артуы тұрақталады. 
Баланың жоғарғы жүйке жүйесінің алғашқы үш жыл бойында өте тез дамиды. 
Алғашқы кезде баланың сөздік қоры дамымай тұрғанда үлкендерге қоятын сұрағы 
көп болады. Ал екі жастың соңында бала 300-ге тарта сөзді қолданады. Үш жасында 1500 
сөзді пайдаланады. Алғашқы кезде сәбидің сөзі үлкендердің сөзіне аздап қана ұқсайтын 
болады. Мұндай сөзді дербес ( автономиялық) сөз деп аталады. Тіпті кейде үлкендер 
пайдаланбайтын сөздерді де қолданады. Мысалы олар мағынасы бірдей бір сөздің өзін үш 
түрлі етіп айтады. (ням-ням, мам-мам,ня-ня) тамақ ішемін деген сөзі және баланың 
мұндай дербес сөздері үлкендердің нағыз сөзінен бұрмаланып алынған сөз болады. 
Мысалы: сүт- түт, шәй-тәй, ішемін-тем. 
Бала тілінің тез шығып, өз мағынасында дамуы дұрыс тәрбие жұмысына 
байланысты. Сөздік қорының молаюы, олардың психикасының дамуына да әсер ертеді. 
Сөздік қоры жақсы дамыған бала материалды жақсы қабылдап, есінде сақтап, 
зейінін шоғырландырып, кең көлемде ойлайтын, қиялы ерекше дамыған сезімтал болады. 
Өзінің қоршаған орта туралы түсінігі де кең болып, жан-жақты дамиды. 
Сәбилік шақта (1-3 жас) бала қарқынды дами бастайды. Психикалық дамуы үлкен 
өзгерістерге ұшырайды. Үш жас кезеңіндегі баланың ақыл –ойы едәуір жетілген болады. 3 
жасқа дейін осындай үлкен өзгерістердің болуына бірнеше факторлар себеп болады. 
Бірінші себеп- баланың тік жүре бастауы. Бала бір жастан асқаннан кейін өз бетімен 
тік жүріп, түрлі заттардың қасиеттерін үлкендердің көмегінсіз зерттей бастайды. 
Өздігімен жүрген соң заттардың кеңістіктегі арақашықтығын да ажырата бастайды, 
кеңістікте бағдарлану қабілеті дамиды. 
Екінші себеп- әр заттың өзіне тән қызметін ажырату немесе балада заттық әрекеттің 
дамуы 


Үшінші себеп- баланың ойыны және тиісті өнерге үйренуі. 
Бұл әрекет түрлі, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер бала психикасының дамуына 
үлкен әсер етеді. Алдымен ойыншық түріне немесе дыбысына қызықса, кейін оның нені 
бейнелейтініне мән береді. Баланың бойы бірінші жылына қарағанда 1,5 есе өседі, ал 
салмағы 2 есеге артады. 
Автономды сөйлеу балада тез ( әдетте жарты жыл көлемінде) өзгеріске түсіп, 
жылдам жойылып кетеді. Айтылуы және мәні жағынан түсініксіз сөздер «үлкендердің» 
сөзімен алмаса бастайды. 
3 жасқа қарай баланың белсенді сөздік қоры 1000-1500 сөзге жетеді. Шамамен 1,5 
жастағы сөйлемі 2-3 сөзден тұрады. Бұл көбінесе субьект және оның әрекеті (« мамам келе 
жатыр»), әрекет және объект әрекеті (« мам берші») немесе әрекет және әрекет орны (« 
кітап анда») 3 жасқа қарай ана тілінің негізгі грамматикалық және негізгі синтаксистік 
құрылымдарын меңгере бастайды. 
Бала сөзінде барлық сөздер бөлігі кездеседі, мысалы: « Есіңде ме суға барғанымыз, 
әкем мен Мерей шомылды, ал анам қайда болды?», « Мен әкем мен анамның баласымын, 
атам мен апамның немересімін», « Мен сенің келгеніңе өте қуаныштымын». 
Баланың сөйлеу белсенділігі көбінесе 2-3 жас аралығында дамиды. 
Баланың тілінің дамуы. 2 жастың өзінде бала атқаратын қызметіне байланысты: 
-1) бір сөзбен бір сөйлемнің мағынасын түсіндіретін кезі болады. Ф-ф-ф-ф-ф-у- 
сіріңке, темекі, пеш,газ,шам, т.б тамақ ішем, ет жеймін су ішемін. 
-2) тұрған орынына қарай 
-3) сыртқы ұқсастығына қарай бөлу: га-га-га- қаз тұмсығы созылып тұрған саз 
балшықты құсқа ұқсатады, жүннен тоқылған затты бөки дейді. 
-4) дыбысты бойынша атау. Ля-ля- радио, музыка, ән. Қоқ-қоқ тауық, мияу- мысық 
деген сияқты т.б. 
2 жастың соңында бала үлкендермен үнемі қарым-қатынас жасау нәтижесінде сөздік 
қоры жылдам артады. Үлкендерден білмегендерін сұрайды, үлкендердің сұрағына жауап 
береді. Алғашқы сұрағы бұл не? Бұл қалай аталады?- деп сұрап, әр заттың өз атауы 
болатынын біледі. 
1 жастың соңында 18-25 активтік сөз болса, 3 жаста 1000-1200 сөз. Екі жастың 
соңында да баланың тілі анық емес, грамматикалық тұрғыда байланысы жоқ болады. 
Сөздің грамматикалық құрылымын игерудің белгілі бір заңдылығы болады: 
1.
60-70 сөзге жеткен соң қарапайым сөйлем құрастырады. 
2.
Сөзді тыңдап отырып қайталайды. 
3.
Ситуациялық сөз. 
4.
Баланың жалпы даму деңгейіне байланысты, яғни ақыл-ойының, дербестігінің 
дамуына байланысты. 
1-ден 3- жасқа дейінгі аралықта баланың сөзді меңгеруінің өзіндік мәні болады. Бала 
айналасындағы құрбы-құрдастарымен, үлкендермен қарым-қатынас жасау арқылы өзін-өзі 
танып біледі. 
1.
Тілдік қарым-қатынас нәтижесінде әр заттың қасиетімен атқаратын қызметін 
ажыратады. 
2.
Қоршаған ортадағы заттарды таңдау, топтау, жалпылау негізінде қабылдап негізгі 
белгілерін ажыратады. 
3.
Заттар мен құбылыстардың өзара қарым-қатынас байланыстарын ажыратады. 
4.
Тілдік қарым-қатынас нәтижесінде алдына мақсат қойып ерікті әрекет етуге, 
дербестікке үйренеді. 
5.
Үнемі үлкендермен қарым-қатынас негізінде тәлім-тәрбие нәтижелерін игеретін 
болады,болмайды деген сөздер мәнін түсінеді 
6.
Бала өзін өзгелермен салыстырып қоғамдағы өз орнын түсінеді. 
7.
Өзіне және өзгелерге баға беріп, басқа біреулер үшін жауап беріп, жауапкершілік 
сезімі оянады. 
8.
Практикалық ойлауы дамиды. Тақпақ жаттау,ертегі,әңгіме айту,дидактикалық 
ойын ойнауы жүзеге асады. 
Осы кезде бала тілінің дамуының үш жағын байқауға болады. 
1.
Психофизикалық 


2.
Психологиялық 
3.
Логикалық, грамматикалық, фонематикалық 
Психофизиологиялық даму үшке бөлінеді: 
1.
Бақыру ( жылау) 
2.
Былдырлауы 
3.
Нағыз сөзі 
Сәбилік кезеңде бала тілінің дамуы екі бағытта өтеді: 
-
Үлкендердің сөзін түсінуі жоғарғы бағытта өтеді 
-
Сәбидің өзіндік белсенді сөздік қоры қалыптасады. 
Балада дыбыстарды есту негізі қалыптасады. Бірте – бірте өңделіп, сөздік дыбыстар 
құрайды, ақырында балада алғашқы сөзді түсінуі мен құрастыру дағдысы қалыптасады да 
үлкендермен айналасындағы құрбылармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артып 
кеңейеді. Сәбилік кезеңде баланың тілінің дамуы үшін үлкендермен қарым-қатынас жасау 
мен заттармен әрекет етудің маңызы зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет