Syllabus пәннің атауы



Pdf көрінісі
бет24/78
Дата22.12.2023
өлшемі1,4 Mb.
#142730
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   78
№12 дәріс тақырыбы
Нәрестелік кезеңдегі бала психикасына даму ерекшеліктері 
Дәрістің мазмұны:
1. Нәресте есі 
2. Нәрестенің эмоциялық сезімі 
Нәрестенің танымдық дамуы оның психикаснда ес-зерденің аса қарапайым 
тетіктерінің қалыптасуынан кейін басталады. Алғашында тану пайда болады. Ерте 
нәрестелік кезеңде-ақ жаңа әсерлермен бұрыңғы бейнелерді байланыстыра бастайды. Егер 
балаға жаңа қуыршақ берсек, ол біраз уақыт бойы оны қарайды, ол келесі күні қуыршаұт 
тануы мүмкін. 3-4 айында ол үлкен адамның оған көрсеткен ойыншығын таниды. 4 айлық 
бала өзіне тансы затты таныс емес заттан ажырата алады. 
Егер ашық түсті ойыншықты екі бірдей орамалдың бірінің астына тығып қойсақ, 8 
айлық балалардың кейбіреулері ғана 1 секундтан кейін оның қайда жатқанын есіне түіре 
алады. 1 жаста барлық балалар 1-3 секундтан кейін таба алады. Олардың көбісі 7 
секундтан кейін де ойыншықтың қай орамалдың астында жасырынғандығын есіне түсіре 
алады. Мұндай жағдайда 8 айдан кейін зердесінде қайта жаңғырту, образды қалпына 
келтіру бала алдында ұқсас объекті болмаса да қалыптасады. 
Нәрестелік кезеңде таныдық үрдістермен қатар эмоцилық дамуды да бақылау қажет. 
Бұл жол баланың жақын үлкен адамдармен қарым-қатынас жасауымен байланысты 
дамиды.
Алғашқы 3-4 айда балаларда әр түрлі эмоциялық жағдайлар пайда болады: таң қалу, 
физикалық (дене) дискомфортын сезгенде алданушылық (қимылдың көбеюі, жүрек 
соғысының жиілеуі, көзінің жұмылуы, жылау), қажеттілігін қанағаттандыру кезіндегі 
еркінсу. 
Нәрестенің сезімінің дамуы күнделікті өмірде берілетін тәрбие жағдайының әсерінен 
басқа да психикалық үрдістермен қатар дамып отырады. 
Жаңа туған балаларда тек қана шартсыз рефлекторлық сезім реакциялары, мысалы, 
кенеттен жағдайдың өзгеруіне байланысты қатты дыбыстан тепе-теңдігін жоғалтады
қатты қорқып кетсе қорғаныс рефлексі жылау түрінде көрінеді.


Денесінің қысылғанын, не аурығанын сезсе, тербету тоқталса, бала аяқ –қолын қатты 
қозғалтып, доданып қатты ашулынғанын білдіріп айғайлап жылайды. Осындай жағдайда 
тербетіп, жұбатып, сипалап үстінен қақсақ, балада жағымды эмоциялық көңіл-күй 
байқалады. 
Қоршаған ортамен қарым-қатынас кеңейіп, әрекетінің түрлері күрделенген сайын
сезімі де қиындап күрделене түседі. 
2-ші айдың аяғында 3-ші айдың басында жандану комплексі байқалады. Мұның 
пайда болу себебі, үлкендер баланы барлық қажеттіліктерімен қамтамасыз етіп 
мейірімділікпен еркелетсе анық көрінеді. Мысалы, әлемі ашық түсті ойыншық сазды 
музкалық әуен болады. Жағымды сезім тудырушы әсіресе өзінің ең жақын адамдарды 
анасына деген сүйіспеншілік ықылас ниетінен сезімін жақсы көреді. Ол күлсе, күледі, 
бетін басып жаласа, қоса жылайды. Сондай-ақ айналасындағылардың талап-тілектерін 
орындау негізінде де байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет