Syllabus пәннің атауы



Pdf көрінісі
бет21/78
Дата22.12.2023
өлшемі1,4 Mb.
#142730
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78
№9 дәріс тақырыбы:
Нәрестелік және бөбектік кезеңнің дамуына сипаттама. 
Дәрістің мазмұны:
1. Нәрестелік және бөбектік кезендегі баланың анатомиялық және физиологиялық даму 
ерекшеліктеріне сипаттама. 
2. Нәрестелік кезең танымдық процестер. 
3. Нәрестелік кезеңдегі психикалық дамуға шартты және шартсыз рефлекстің ықпалы, 
алғашқы дағдарыс. 
Жана туған нәресте және оның күтімі. Нәресте туған бойдан алғашқы тыныс алады, 
ол әдетте қатты іңгәләумен дүниеге келеді. Бұл сәтке дейін тыныш күйде жатқан өкпе өз 
күш- қуатына енеді; бірінші демалыстан соң бірнеше сағат өткеннен кейін нәрестенің 
біршама бірқалыпты демалысы орнығады. 
Толық жетіліп туған баланы орташа салмағы шамамен алғанда 3000-нан 3500-ге 
дейін, бойы 50-52см. Аралығында өзгерістер болуы мүмкін. Бастың шеңбері орташа 32-34 
см/ге. Ал кеуденің шеңбері 30-32 см/ге тең болады.
Өмірге жаңа келген нәресте күн санап өсіп отырады. Мәселен оның өсуі туған 
кездегімен салыстырғанда 1 жылдың ішінде 25% артады. Нәрестенің сүйегі бірте-бірте 
қатайып өседі, бірақ алі де жұмсақ, шеміршек тәрізді майысқақ. Баланың өсуіне 
байланысты әртүрлі дене мүшесімен нерв жүйесінің дамуы қарқыны бірдей болмайды, 
денесінің жетіліп дамуы бірте-бірте артады.
Бала өмірінің екінші жылында небары 2500-3000 г салмақ қосады, бұл айына 200-
250 гр шамасында. Өмірінің 3-6 жылында салмақ қосу бұдан да баяу болады, жылына 
1500-2000 г өседі. Сонымен 5-6 жасқа арай баланың салмағы бір жастағысынан екі есе 
өседі,яғни бала 20 кг-ға жуық салмақ тардады. Бойдың, салмақтың, кеуде мен бас 
шеңберінің деректірі 1,2 –таблициаларда келтірілген. 
Нәрестелік кезең танымдық процестер. 
1) Қарапайм түстерді ажырыта алу үш айлығында болады. Ол генетикалық қан 
арқылы беріледі. 


2) Балалардың көз тоқтатуы алдымен горизонтальды жатқан затқа көз тоқтадады. 
Одан кейін бала вертикальды затқа қарады. 
3) 2-3 айда балалар таныс және таныс емес адамдарды ажырата бастайды. 
4) 3-4 айда бала таныс емес адамдармен қарым-қатынасқа түскісі келмейді себебі, 
бірді-бір сегіз айында көру аймағы азайады. 
5) Ассоциациалық ес-байланыс 2 жаста аяқталады, бір сөздің орнына екінші сөз 
пайдалану бастапқы сөз еске түсуі, яғни көру, есту екі жаста аяқталады. 
6) Бағдарлау зерттеу әрекеті жүзеге асырылады сөйлеуге келетин болсақ бірінші 
дыбыс шығарады, 2-3 айда гуілдейді, содан кейін былдыр пайда болады, 9-10 айда 
алғашқы сөз пайда болады. 
Заттар мен қарым-қатынас 7-10 айында болады. Мысалы, қоршаған ортамен қарым-
қатынас жасау бірінші мимика, екінші сөйлеу арқылы жасалады. 
1 жастан 3 жасқа дейінгі бөбектік кездегі негізгі ерекшеліктері: 
1) Адамдармен қарыс-қатынас жасауда түсіну пайда болады. 
2) Ойлауға өзін-өзі тежеу қалыптасада. 
3)Тілдің дамуы 1 жастажеке сөз айтылады: 2 жаста 2-3 сөзді құрастырып айтады, 3 
жастың аяғында толық балалармен қарым-қатынас жасайды. 
4) Фанемадан кейнгі кезеңде фанемді сөзге ауысады. 
5) Экоцентрлік сөз 1 жастан аяқталады. 
Заттық әрекеттер монепулярлық тұрғыда емес, мағынасын түсініп жасауда болады
ойын 1-3 жаста алғашқы сюжеттік ойындар ойнай бастайды. 
3 жаста бала қарапайым жаңа форманы ажыратады. 
Спектордың негізгі түстерді ажыратады. Іс-әрекеттен іске асады.
Үш жастағы дағдарыстың екінші көрінісі – қырсығу. Жағымсыздық қырсығудан 
өзгеше қылық. Қырсығудың өзін қасарысудан ажырата білу керек. Мысалы, бала бір 
нәрсенің орындалуын өзінше талап етіп қасарысып тұрып алады. Бұл қырсықтану емес, 
бұл үш жастағы дағдарысқа дейін де кездеседі. Мысалы, бала бір затты иемденгісі келеді, 
бірақ оны бірден ала алмайды. Ол бұл заттың өзінікі болуына қасарысумен қол жеткізеді. 
Қырсықтану дегеніміз, сәбиге бір зат оған аса қажет болғандықтан қасарыса қалмайды, ол 
затты сұрағаны үшін ғана: қасарысады. Ол өз талабының орындалуын тілейді. Айталык, 
сәбиді ауладан үйге шақырдық дейік; ол көнбейді, бірақ біз оның үйге кіру керектігін 
дәлелдеп, үгітгейміз, ол дәлелді түсінгенімен; бәрібір үйге кірмейді. Сәбидің қырсықтану 
себебі өзінің бастапқы шешіміне байланысты болады. Тек осы жағдай ғана қырсықтануға 
жатады. Қырсықтануды кәдімгі қасарысудан ерекшелейтін екі сәт бар. Оның бірі – 
жағымсыз қылыққа ұқсастығы, оның себепке қатысы бар.
Екінші сәт. Егер жағымсыздыққа әлеуметтік сипат тән болса, яғни бала ересектердің 
айтқанына керісінше әрекет жасайтын болса, қасарысу сипаты болғаны. Баланың ызасы 
өзгермелі болады деп айтуға болмайды.
Өмірінің алғашқы жылындағы балалардың бойын айына бір рет, 1 жастан 3 жасқа 
дейінгілерін 3 айда бір рет балалардың туған күндерінде өлшеу керек.
Бас пен кеуде шеңбері. Бұл өлшеулер организимнің үйлесімді дамуы туралы түсінік
береді. Бас шеңберін өлшеу кезінде сантиметрлік лентамен басты төбе сүйектен қас 
үстінің иніні арқылы тығыз орап алады, кеуде клеткасын өлшеу кезінде лентаны алдынан
емшек тұсынан, артынан жауырын сүйектің төменгі жағынан өткізеді. Жаңа туған 
баланың бас шеңбері кеуде шеңберінен шамамен 2 см үлкен. 3-4 айлық дені сау 
балалардың бас шеңберімен кеуде шеңбері бірдей болады. 
Бұлшық ет жүйесі. Жаңа туған баланың бұлшық еті біршама әлсіз жетілген, оның 
салмағы ұлғайған сайын бұлшық ет талшықтары да толысып жетіле түседі. 
Бас. Емшектегі баланың басы салыстырмалы тұрғыда едәуір үлкен ол дөңгелек
формада болады. Бас сүйектің бет жақ бөлігі кішкене келеді. 
Кеуде клеткасы. Өмірінің алғашқы жылындағы балаларда кеуде клеткасы конус 
тәрізді немесе цилиндр формалары болады.
Жамбас сүйгі. Жаңа туған баланың жамбасы кішкентайлығымен ерешеленіп, 
формасы жағынан балалар мен қыздарда бірдей болады.


0-ден 2 айға дейін нәрестелік кезең жалғасады. Бұл адам өміріндегі жалғыз ғана 
биологиялық кезең, осы кезеңде бола әлі де болса әлеуметтік пнеде емес, себебі жетекші 
іс-әрекет жоқ. Бала келесі шартсыз рефлекстермен дүниеге келеді: 
1)
Ағзаның ішкі ортасын реттеуші (демалу,қанайналым); 
2)
Тамақтану (сору, жұту); 
3)
Қорғаныс рефлекстері (көзді жыпылықтату, түшкіру, жөтелу); 
4)
Бағдарланушы (басын кушті тітіркендіргіш бұру); 
5)
Қозғалыстық (қамту, жүзу, адамдау, еңбектеу). 
Қарману рефлексі, егер баланың алақанына бірдеңе тигізсек қатты жармасып, ұстап 
алады. 2-ші айда бұл рефлекс жойылады. 
Бағдарлау рефлексінің дамуы көруі мен естуі қабілетінің жинақталуынан көрінеді, 
бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі.
Сезім мүшелері.Біздің қоршаған дүниеден алатын әсеріміз сезім мүшелері арқылы 
қабылданады (рецепторлар) және орталық жүйке жүйесіне беріледі.шартты рефлекстерді 
қалыптастыру үшін бас миы қыртысының толысуынан басқа, есту,көру, иіс сезу,дәм сезу, 
мен түйсіну балалада жеткілікті түрде даму қажет екені түсінікті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет