балалар өздерінің толғаныстарын меңгеруді әлі білмейді. Ол үнемі дерлік өзін тартып
әкеткен сезімдеп шырмауында қалып тырады. Үлкендермен салыстырғанда баллаларда
сезімнің сыртқы бейнесі неғұрлым қызу, тікелей әрі еріксіз сипатта болады. Баланың
сезімі жылдам әрі айқын көрінеді де, тез сөнеді.
Қызу шарттық артынша-ақ жылаумен алмасады. Бала толғаныстарының ең күшті
басты көзі – баланың басқа адамдармен, үлкендермен,
балалармен өзара қарым-
қатынастары. Төңірегіндегі адамдар балаларға еркелете қараса, оған назар аударса, бала
эмоциялық рахаттылықты сенімділікті, қамқорлықты сезінеді. Әдетте мұндай балаларда
сергектік шат көңіл-күй басым болады. Эмоциялық рахаттылық баланың жеке басының
әдеттігінше дамуына жағымды қасиеттерінің басқа адамдарға тілектестік қарым-
қатынастарының төселуіне себепші болады. Үлкен адамдардың балаларға қатысты мінез-
құлқы балада түрлі сезімдр – қуаныш, реніш шаттық тағы басқа сезімдер тудырады. Бала
бір жағынан еркелетуге , мақтауға, екінші жағынан өзіне жасалған реніш пен көрсетілген
әділетсіздікке қатты толғанады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда жақын адамдарына
алдымен ата-аналарына аға
інілерін, апа-қарындастарына деген махаббат, мейірімділік сезім болады. Оларға көбіне
қамқорлық аяушылық білдіреді. Өзге адамға деген сүйіспеншішілік пен мейірімділік
баланың көзқарасы бойынша оларды ренжітушілерге қарсы тұратын қаһармен және
ызамен байланысты. Бала түсінбестіктен жақсы көрген адамның орнына өзін қояды, осы
адамның басынан кешірген қайғыға немесе әділетсіздікке өз басынан түскен
ауыртпашылықтай толғанады. Ертедегі жағымды кейіпкерлерге бала ерекше аяушылық
білдіреді, бірақ өлке ұшыраған жауыздарды да аяйды. Бала көбінесе жағымсыз
кейіпкерлерін одан қорғауға тырысады. Ертегіні тыңдаған кездегі
балада пайда болатын
сезімдер оны жалаң тыңдаушыдан оқығаның белсенді қатысушысына айналдырады. Бала
сезімнің ішінде қатты қорқыныш, толғаныс ерекше орын алады. Қорқыныштың тууы
көбінесе, үлкендердің теріс тәрбиесімен қиынсыз мінез-құлықтарына байланысты.
Мектепке дейінгі балалық шақта бала сезімінің сыртқы белгілері де айтарлықтай
өзгереді. Бірінші, бала біртіндеп белгілі бір дәрежеге дейін қызу,батыл сезімдерді
көрсетуді тежей білуге үйренеді. 5-6 жасар бала көз жасын тыя біледі, қорыққандығын
білдірмейді.
Екіншіден, көз тастау, күлімсіреу, ымдау, ишарат, кейін қозғалыс, дауыс
ырғағының көмегі арқылы толғаныстың жұрт арасында қабылданған аса нәзік
нышандарын бейнелеу үшін сезімдер тілін меңгереді.
Баланың ерік әрекеті саналы талап-тілектерінің нәтижесінде шешімге келіп, оны
орындаумен сабақтасып, дамиды. 2 жастан асқаннан кейін
тәрбиенің және ойынның
ықпалымен баланың тәжірибиесі арта түседі, қиядай бастайды, ойлау қабілеті көріне
бастайды. Өзінің талап - тілектерін түсінуге жарап қалады. Бірақ талап-тілектері еді де
болса саналы бола қоймайды, тек эмоциялық сипатта ғана жүзеге асады. Эмоцияны
ықпалы мен орындалатын әрекет қарапайым ерік әрекетіне жатады. Үлкендер балаға
“Барып кел,
алып кел, үйдің сурeтін сал” деген сияқты тапсырмалар береді. Бала
үлкендердің айтқанын орындай жүріп, әр түрлі әрекеттерге жаттығады. Баланың еліктеген
қылықтарының өзі қажыр мен қайраттылығын дамытады. Осылай бала әрекетінде
эмоциялық белсенділік орын алады. Оларды эмоциялық сезім билеп, еркі тұрақсыз болып,
іс – әрекет үстінде шешімін өзгертіп отырады. Алайда өзгерген мақсат күшті сезім
туғызса, өз бойына лайық қажыр. Қайрат. Табандылық көрсетеді.
Бала өзін-өзі басқара алмайтындықтан үлкендер дұрыс жолға салып, бағыт беріп
отыру қажет.Баланың ерік әрекетін тәрбиелелеу жас кезеңнен басталды.Тілі шығып жүре
бастағаннан кейін әр нәрсені өзі орындауға тырысады.
Мектепке дейінгі кезеңде рөлдік, қимылды, спорттық,
құрылыс құрастыру
ойындары арқылы баланың ерік-сапаларын қалыптастыруға болады. Ұжымдық өмір –
ұжымдық еңбек ерік әрекетін дамытуға итермелейтін себепші құрал болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: