Syllabus пәннің атауы



Pdf көрінісі
бет41/78
Дата22.12.2023
өлшемі1,4 Mb.
#142730
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78
Байланысты:
bala psiho4

Дағдарыс 
– психологиялық ақиқат құбылыс ретінде емес, бұрыс тәрбие нәтижесі 
ретінде қарастырылатын болды. 
Бұл көзқарасқа қарсы, Д.Б.Эльконин зерттеуінде, дағдарыс жүйеден екінші жүйеге 
ауысуы ретінде сипатталады. Дамудың сатысында адам іс – әрекетінің белгілі бір жағы 
қарқынды түрде өседі (оған сәйкес қабілеті де артады), ал екінші жағы біртіндеп қала 
бастайды. Осы қалу (кешігу) белгілі бір шекке жеткенде, жетекші әрекеттің өзгерісі 
басталады, нәтижесінде, даму дағдарысқа ұшырайды. Д.Б.Эльконин дағдарыс жастары 
психикасымен байланысты арнайы сұрақтардың жасалу қажеттілігін атап көрсетті. 
Бірақ дағдарыс кезеңнің өту тетігінашқан жоқ. Л.С.Выготскийдің 7 жас дағдарысы 
туралы зерттеуін талдай отырып, Д.Б.Эльконин дербестікке ұмтылу – бала мен ересек 
арасындағы жаңа қатынастар жүйесінің қажетті алғышырты деп болжады. 
Балалардың мектептегі оқуға дайындығын қалыптастыруда жүргізілетін іс – әрекет, 
тек түзету жұмыстары арқылы ғана үлкен орын алмай сонымен қатар, басқа да танымдық 
әдістерінің дамуы арқылы, мысалы, зейіннің қасиеттерінде, ес пен қабылдауда, сөйлеу 
мен ойлауда және т.б процестерде үлкен орын алуы тиіс. Балалардың мектептегі оқуға 
дайындығын қалыптастыру сабақтардың, білімнің тиімділігін олардың дамуы деңгейі мен 
зейіннің жоғары дамығанына әсіресе ырықты зейіннің рөлі ерекше жоғары болады. 
Балалардың санасын бақылау үшін, оқу әрекетіндегі зейіннің анықтау объектісіне туралау, 
есте сақтау, ойлау мен сөйлеуде алдарына мақсат қойылады. 
Қиял белгілі бір затқа тәуелді болып қалмай, ішкі әрекетке айналып ол өз қиялын 
сөздік шығармашылықта көрсете бастайды. Мысалы: санамақтар, мазақтамалар, өлеңдер 
және сурет салу, мүсіндеу кездерінде. Міне осы жас ерекшеліктерін ескере отырып, 
баланы мектепке дайындаудағы негізгі қағидаларды жасауға болады. Баланың мектепке 
дайындау кезінде ең алдымен баланың мектепке деген қызығушылығын туғызып, содан 
кейін ғана дамытушылық жұмыстар жүргізу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет