Syllabus пәннің атауы


 Курстық жұмыстар жазу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар (бар болса)



Pdf көрінісі
бет77/78
Дата22.12.2023
өлшемі1,4 Mb.
#142730
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
Байланысты:
bala psiho4

 
11. Курстық жұмыстар жазу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар (бар болса) 
Оқу жұмыс бағдарламасында қарастырылмаған 
Курстық жұмысты орындаудағы әдістемелік нұсқаулық 
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей 
жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, 
оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек. 
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер 
мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен 
шұғылдануға дағдылану. 
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, 
жүйемен жасауы керек. 
4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес 
алудың пайдасы зор. 
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн. 
6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай
қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. 
7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру 
керек. 
12. Бағалау критерийлері: 
Пән бойынша қорытынды баға келесі формула бойынша пайызбен анықталады:

Қ% = 1Р(30%) +2Р(30%) +Е(40%) 
түсіндірме: 
1Р – 1-ші рейтинг бағасының пайыздық көрсеткіші; 
2Р – 2-ші рейтинг бағасының пайыздық көрсеткіші; 
Е – емтихан бағасының пайыздық көрсеткіші. 

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІНІҢ ҮЛГІСІ
(БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ЖӘНЕ ПӘН МАЗМҰНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ 
ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН) 
 
Аудиториялық жұмысты бағалау критерийлері 
 
90-100 
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 90% - ның болуы 
(жазбаша немесе электронды түрде) 
Оқытушы мен басқа студенттердің сұрақтарына толық және дұрыс жауап 
бере алуы, арнайы терминологияны білуі, студент материалды 
қорытындылай алады, өз тұжырымдарын жасай алады, мысалдар келтіре 
алады, өз пікірін айта алады. 
70-89 
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның болуы 
(жазбаша немесе электронды түрде) 
Сабақ барысында студент дұрыс, бірақ толық емес жауап береді, мысалдар 
келтіруде қиналады, студенттің жалпылама пікірі нақты айтылмайды. 
50-69 
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның болуы 
(жазбаша немесе электронды түрде) 
Студент ішінара дұрыс жауаптар береді, иллюстрациялық мысалдар 
келтірмейді, зерттеліп отырған мәселе бойынша өз пікірін қалыптастыра 
алмайды, қателіктер жібереді немесе толық жауап бере алмайды. 


0-49 
Практикалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен 
болуы. 
Сабақ барысында студент сұрақтарға жауап бермейді немесе оның 
жауаптарында қателіктер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет