Сӛзді әрбір адамның ақылына қарай сӛйле


Топқа бӛлуге болатын белгілер



бет10/10
Дата31.12.2021
өлшемі1,47 Mb.
#23632
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Саралау технологиясы

Топқа бӛлуге болатын белгілер:

- ойлау дамуының, шығармашылық әлеуетінің, қызығушылығының деңгейі бойынша;

- базалық дайындықтың болуы бойынша;

- белгілі бір әрекет түріне деген қызығушылығы мен икемділігі бойынша.



Оқыту барысында саралаудың дереккӛздер тәсілі деген оқушылардың қажеттілігіне, қызығушылығына, білімді/ақпаратты қабылдауына қарай әр түрлі дереккӛздермен жұмыс жасайтындай тапсырмалар беру болып табылады. Психологтар оқушылардың білімді немесе ақпаратты қабылдауын үш түрге бӛліп қарастырады. Олар визуалдар, аудиалдар және кинестетиктер.


Аудиалдар – бұл оқушылар ақпаратты есту арқылы қабылдайды.Ақпаратты игеру және түсіну үшін аудиал оқушыларға тыңдатып және қайталап айтып ӛту керек. Бұл типтегі оқушыларға тыңдау арқылы қабылдауға болатын дереккӛздерді ұсынған жӛн [20]. Мысал үшін аудио және видео жазбалар, аудио кітаптар т.б алуға болады.

Визуалдар – бұл оқушылар кӛптеген жағдайда дүниені кӛзбен кӛруарқылы қабылдайды. Бірақ бұл визуалдар есту, сезу арқылы білімді қабылдай алмайды деген сӛз емес. Дегенменен де олар ақпаратты кӛру арқылы кӛбірек қабылдайды. Бұндай оқушыларға кестелер, мәтіндер, суреттер, презентациялар, картиналар, видеожазбалар секілді кӛру арқылы қабылдауға мүмкіндік беретін дереккӛздер ұсынып жұмыс жасатқан жӛн.



Кинестетиктер (кӛне грек – «қозғалтамын, ұстап кӛремін», ағыл.kinesthetic – «қозғалысқа сезімтал») – ақпараттың кӛптеген бӛлігін дене арқылы сезіну жолымен жанасу арқылы қабылдайтын оқушылар. Бұндай оқушыларға ӛз кӛзімен кӛріп, қолымен жұмыс жасап қабылдауына мүмкіндік беретін дереккӛздермен жұмыс жасаған жӛн. Ондай дереккӛздерге табиғи кӛрнекіліктер, гербарий, тұлыптар, ылғал препараттар беру, зертханалық жұмыстар жасау, тәжірибелік жұмыстар, жобалық жұмыстар т.б.


Қорытынды бойынша саралау – барлық оқушыларға бір тапсырма беру арқылы жүзеге асырылатын техника, бірақ бұл тапсырмадан бірнеше нәтиже күтіледі және қабылданады. Барлық топ оқушыларына бірдей материал мен әдіс қолданылады немесе бірдей міндет қойылады. Бұл тұста саралау жасалған жұмыстан немесе міндеттерден шыққан қортындылар арқылы жүзеге асады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет