Жасырын саралау дегеніміз «оқуды жекешелендіру» немесе оқушыларды деңгейімен «топтастыру» мен «жеке жұмысты» тең деңгейді қолдану дегенді білдірмейді. Жасырын саралау бұл оқыту үдерісінде оқушылардың жекелеген ерекшеліктерін, оқыту түрлері мен әдіс-тәсілдерін есепке алу, қажеттіліктеріне сәйкес тапсырмаларды таңдау құқығын беру.
Осы тұста Лев Выготскийдің жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА) еске түседі.
Л.С.Выготскийдің айтуынша жақын арадағы даму аймағы балалардың тапсырмаларды ересектердің жетекшілігімен және қабілетті қҧрдастарымен ынтымақтастықта орындай алуымен анықталады. Бұл әр оқушының даму жолын анықтайды. «Бүгін бала ынтымақтастықта жасай алғанын, ертең ӛзі орындай алады». Бұл қолдау түрі сынып ішіндегі қарым-қатынасты қамтиды және де Выготский бұл оқытудың негізгі құралы деп есептеген.
Достарыңызбен бөлісу: |