Қоғам және өзара әлеуметтік әрекеттер. Әлеуметтік топтар, ұйымдар, институттар.
1. Қоғамның түрлері.
2. Индустриалдық және постиндустриалдық қоғамдардың сипаттамасы.
3.Әлеуметтік топтардың түрлері.
4. Қоғамның негізгі институттары.
1. Қоғам ұғымы. Қоғамның түрлері. Қоғамдық даму теориясы.
Қоғам деген не, оның адам өміріндегі рөлі мен орны қандай деген сұрақ барлық әлеуметтанулық ағымдар үшін басты сұрақ болып келеді. Әлеуметтану ғылымында «қоғам деген не?»- деген сұраққа екі бағыт қалыптасты: тар әлеуметтанулық және кең философиялық. Екі бағытта өз бетінше өте күрделі құбылыс қоғамды өздігінше түсіндіріп жаңалықтар енгізуде. Солай болған күннің өзінде, түсінікті болу үшін оларды ажырату керек, неге десеңіз қоғамға деген әртүрлі көзқарас оны талдауға әртүрлі методологияны талап етеді. Қоғамның күрделі ұғым ретінде дұрыс түсіну үшін үш ұқсас ұғым-ел, мемлекет, қоғамды бір-бірінен айыру керек. Ел-планетамыздың белгілі бір мемлекетке қатысты шекарасы бар географиялық территорияда тұратын халықты айтады. «Мемлекет»- елдің саяси системасының басты белгілерін бейнелейтін ұғым. «Қоғам»- елдің әлеуметтік құрылысын сипаттайтын ұғым, әлеуметтік құрылым оның негізін қалайды. Елді-география, мемлекетті-саясаттану, қоғамды-әлеуметтану зерттейді. Қоғамды мемлекет шекарасында төңірегінде қарастырып түсіндіру тіпті оңай. Француз қоғамы Франция елі мен мемлекетіне дәл келеді. Тура осындай қалыпта американ, орыс, қазақ, өзбек қоғамы жөнінде айтуға болады. Алайда, қоғам мемлекеттік – аймақтық принцип негізінде қарастыруға көне бермейді, мысалы, дүниеде Люксембург қоғамы деген құрылым жоқ.
Қоғам-елдің, сонымен бірге ұлттың, халықтың, тайпаның әлеуметтік ұйымы. Бір елді екінші елден бөліп тұратын саяси немесе мемлекеттік шекаралар болмаған уақыт болды. Қазіргі түсініктегі ел ұғымы болған жоқ. Үлкен елдер мен тайпалар кеңістікте еркін көшіп-қонып, жаңа аймақтарды игереді. Халықтардың қоныс аударуы аяқталған кезде мемлекеттік суверинитетпен шектелген жерлер пайда болды. Сонымен, елдер - әлемді аймақтық бөлістің нәтижесі. Алайда мемлекет пен ел болмаған дәуірде қоғам болды. Яғни, «қоғам» ұғымын қандайда болмасын тарихи дәуірге, адамдардың сандық мөлшері бар ұғымдарға қолдануға болады.
Танымал американ әлеуметтанушысы Э.Шилз қоғам деп атауға болатын қандай да болмасын әлеуметтік бірлесстікке қажетті белгілердің толық тізімін көрсете алды.
•ұйым қандай да болсын ірі жүйенің бөлімі болмауы керек
•неке тек осы бірлестік мүшелері арасында ғана болады
•ол негізінен осы бірлестікке кіретін танылған өкілдердің ұрпағының есебінен толықтырылып отырылады
•бірлестіктің меншігі болып табылатын аймағы бар
•оның өз есімі және өз тарихы бар
•оның өз басқару жүйесі бар
•оны мәдениет деп аталатын ортақ құндылықтар (дәстүр, салт, ереже, заң, ар-ождан) біріктіреді.
Бұл белгілерді қазіргі ірі державалардан да, ежелгі тайпалардан да табуға болады. Мұнда да онда да қандық туысқандық жүйе (некеге тұру мен жаңа мүшелерді қабылдау), өз аймағы, есімі, мәдениеті, тарихы, басқару жүйесі – олар басқа жүйенің құрамындағы бөлшек емес. Сонымен қоғам дгеніміз бір-бірімен сан - алуан тұрақты әрекетпен байланысқан, ортақ территориясы, тарихы мен мәдениеті бар адамдардың ең үлкен бірлестігін айтамыз.
Адамзат тарихында қоғамның екі негізгі кезеңі ерекшелінеді:
1) Адамдардың әлеуметтенуге дейінгі тіршілігі және
2) әлеуметтік өмір кезеңі .
Қоғам күрделі және қарапайым түрлерге бөлінеді. Қарапайым қоғам ғалымдардың айтуына қарағанда 50-40 мың жыл бұрын қалыптасып, жоғарыда келтірілеген белгілермен ерекшіленеді. Кейіннен, адамдар аңшылықпен, терімшілікпен, жер шаруашылығына өтуі; көшпелі өмірдің отырықшылыққа ауысуы, өндірістің өсуі мен қосымша өнімнің және жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның жіктеліп топтардың пайда болуы мен мемлекетке бірігуі күрделі қоғамды қалыптастырып, әлемде жеке елдер пайда болды. Қарапайым және күрделі қоғамның басқа әлеуметтану оны бірнеше түрлерге бөледі. Мысалы, жазба деректерге байланысты, жазба деректерге дейінгі және жазба деректер қоғамы. Әлеуметтік-саяси қатынастардың демократиялығы мен сыртқы әлемге қатысы жағынан – ашық және жабық болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |