Қоғамның индустриалдық даму теориясы.
Әлеуметтанушыларды ерекше қызықтыратыны қоғамды әлеумттік – экономикалық белгілері бойынша айыру. Мұнда көпке танымал екі тәсіл бар: маркстік (формациялық тәсіл) және қазіргі батыс социологтарының үш сатылы теориясы (өркениеттік тәсіл). Маркістік формациялық жүйенің негізгі өлшемі-өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктің формасы мен қоғамның таптық құрылымы. Осы өлшем бойынша қоғамның бес тарихи даму сатысы, бес қоғамдық экономикалық формация, немесе қоғамның түрі ерекшелінеді. Мұнда құл иеленушілік, феодалдық және капиталистік қоғамдар таптық-антогонистік, қанаушы , тоқыраудағы, еңбек адамына қарсы қоғам ретінде қарастырылады. Ал коммунистік -әділетті, үйлесімді, мұнда адамдарды бөлетін жекемншік жоқ, тең, әркім өз дәрежесіне қарай еңбек етеді, толық еркіндік пен демократияға ие және жоғарғы дәрежелі тұрмыс, әл-ауқат жасалған. Алайда қоғамның ХХ ғасырда дамуы капитализм мен социализм арасындағы бәсекелестік бұл қорытындыларды жоққа шығарды. Кеңестік социализм және басқа елдерге таратылған экспорттық варианттағы социализм «казармалық» болып шықты. «Социалистік құрылыстың көптеген жылғы» тәжирибесі жақсы жақтарымен бірге мынаны анықтады: 1) Ұлы мақсаттармен бағдарламаларды ресми түрде жариялау және оның жүзеге асырылмауы; 2) Жалпы адамдарды бақылауға алу, бюрократиялық жүгенсіздік және қарапайым адамның құқығының жоқтығы; 3) Бұл экономиканың өнімсіздігі мен халықтың әлауқатының төмендігі; 4) Жеке меншіктің жоқтығы, адамдардың еңбекке, шығармашылыққа, бәсекелестікке деген ынтасын аяқ асты ету; 5) Жеке адамның рөлін үлкен мемлекеттік машинаның винтігі мен «жарқын болашақ-коммунизмді» орнату құралына айналдырады.
Бұған қарама-қарсы ХХ ғасырда Батыс елдеріндегі қоғам (капитализм) дамып, жетіліп, экономикалық гүлденіп, демократиялық нығайып, гуманизм нақты орын алып, бәрі үшін әлауқаттың өсуі орын алды. Бұл капиталистік өндіріс тәсілінің жалпы өнімді екендігінің куәсі, олай болатын себебі, жеке меншік, еркін кәсіпкерлік пен нарық өндірушілерді рационалды, нәтижелі, тұтынушылармен байқап әрекет етіп, қимыл іс-әрекетін ұйымдастыруды қатаң талап етеді. Алайда капитализм мұндай жетістікке бірден қол жеткізген жоқ, оның да өзінің жақсы және жаман жақтары болды. Осыған орай капимтализмнің төрт негізгі түрін айыруға болды. Алғашқы капитализм-капитализмнің алғашқы қорлануы мен нарықтық жүйенің стихиялы қалыптасу кезеңінде алға белсенді азғана кәсіпкерлер шығады. Мұнда меншікті қайта бөлу, біреудің есебінен баю, қоғамның кенет жіктелуі мен әртүрлі зиян әрекеттрдің көбеюі орын алады. Бұл кезеңді терең зерттеген К.Маркс пен Альфред Маршалл қарама-қарсы тұжырымдарға келді. К.Маркс капитализмнің болашағы жоқ деген пікірде тоқталса, ал ағылшын экономисі А.Маршалл, бұл өтпелі кезең, капитализмді артықшылықтарын пайдаланып, кемшіліктерін жойып реформалауға болады деген ой-тұжырымды алға тартты. Қалған капитализмнің үш түрі экономикалық және саяси биліктің тізгіні кімнің қолында және қоғамдағы ол биліктің формасы (бюрократиялық, олигархиялық немесе демократиялық) қандай екендігіне қарай ажыратылады. Бюрократиялық капитализм (немесе мемлекеттік капитализм) экономикалық және қоғам өмірінің басқа да сфераларын мемлекет, яғни бюрократиялық аппарат, чиновниктер басқарып реттейді деп ұйғарады. Міне осыдан кейін мемлекеттік органдардың азамттардың іс-әрекетіне шектен тыс араласуы, шенеуніктердің зарлығы, коррупция бюрократтардың қылмыскерлер мен ірі бизнесмендрмен ауыз жаласуы т.б. орын алады. Олигархиялық капитализм де осындай сипатта болады. Мұнда экономика мен билік «олигархтар» деп аталатын шағын топтың қолына шоғырланған. Олар- ірі банкирлер, биржа саудагерлері, сауда т.б. магнаттар. Олар мемлекеттің жоғарғы аппаратын, саяси партияларды БАҚ (Бұхаралық ақпарат құралдары) басшыларын өздеріне қаратып, парамен сатып алады. Халықтың тұрмыс дәрежесі төмендейді. Демократиялық капитализм (өркениетті, халықтық капитализм) пісіп жетілген және таза демократия жағдайында болуы. Мұнда халық қоғамдағы билікті өзі сайлап және қадағалап отырады, адамдардың құқығы мен еркіндігі сақталып, қорғалады. Көп укладты және әлеуметтік-нарықтық экономика (нарық барлық азаматтарды әлеуметтік сақтандыру) кәсіпкерлікке кең жол ашылып, үлкенді-кішілі бизнес жұмыс істейді. Орта жол (жоғарғы білімді, нақты жұмысы бар, салыстырмалы табыспен қамтамасыз етілген қабат) қоғамда халықтың 60-80% қамтиды. Мемлекет меншік иелерін бюрократтардың озбырлығы мен күш көрсетушілерден қорғайды.
ХХ ғасырдың соңында бастапқы бюрократиялық, олигархиялық, капитализмнің белгілері араласып жатты.
Қоғамның индустриалдық теориясы. Жаһандық даму.
Қоғам бір орында тұрмайды ол не дамыйды, не кері кетеді, оған тарих куә. Әлеуметтанушылар қоғам дамуының екі бағыты мен үш негізгі формасын ерекшелеп көрсетеді.
Алдымен прогресс пен регресс бағыттарының мәнін ашайық. Прогресс (латын сөзі progresus – алға қозғалу, жетістік), жоғары өрлеу даму тенденциясын көрсетеді, жетілгеннен жоғары, жетілгенге төменнен жоғары қарай қозғалысты дамуды бейнелейді. Ол қоғамды жағымды өзгерістерге жетелейді. Мысалы, өндіріс тәсілі мен жұмысшы күшін жетілдіру.
Регресс (латын сөзі, regresus – кері қозғалыс), дамудағы төменге құлдырауды көрсетеді, кері қозғалыс, жоғарыдан төменге қарай кету, жағымсыз зардаптарға жетелейді. Мысалы, өндірістің өнімділігі мен халықтың әл-ауқатының төмендігі секілді көрініс беруі.
Адамдардың қарым-қатынастарының өзінен прогресс көрініс табады. Бірігіп өмір сүруге, қоғам заңдарын сақтау, басқаның өмірлік өлшемін сыйлау және ынтымақтастыққа келу, өзінің бүлікшілік әрекетін жою, ата-баба мұрасын қастерлеу сияқты ұғымдарды қайта қарап түсіну үлкен орын алып отыр. Бұл адам баласын ынтымақтастыққа, үйлесімділікке және мейірімділікке жетелейді. Бұл әлемдік прогресске әкеледі. Регресс нақты шекарадан шықпайтын сипатта болады, яғни жеке қоғамды немесе оның белгілі бір кезеңдерін қамтиды. Мысалы Норвегия, Финляндия, Жапония т.б. елдер прогресс пен гүлденудің баспалдағымен жоғары көтерілсе, Кеңес Одағы басқа социалистік мемлекеттер (Болгария, ГДР, Польша т.б.) 1970-80 жылдары мен тоқыраудың шыңырауына түсіп, дамуы регрессивті сипатта болды. Прогресс пен регресс көбінесе қиыннан қиысып шырмалып жатады.
Мысалы Қазақстанда 1990 жылдары прогресс пен регресс қатар орын алды. Өндірістің күйреуі, шаруашылықтың бұрынғы байланыстарының үзілуі, адамдардың көпшілігінің өмір жағдайының төмендеу, қылмыстардың көбеюі- регресстің нақты белгілері. Алайда, мұның кері жағы бар, ол прогресстік белгілер: қоғамның кеңестік тоталитаризм мен КОКП диктатурасынан азат етілуі, басталған қозғалыс рынок пен демократияға, адамдардың бостандығы мен құқығының кеңеюіне, бұхаралық ақпарат жүйесінің еркіндігі т.б.
Қоғам дамуы революциалық және революциалық жолмен де жүреді. Эволюция тарихи қалыптасқан жағдайлар негізінде бірте-бірте өрістеу, даму арқылы жүзеге асатын қоғамдағы өзгерістер, нәтижеде қоғам бір салалық күйден екінші күйге өтеді.
Революция жеке сфераларда жүзеге асуы мүмкін, алайда, ол адамдар өмірін жан-жақты өзгеріске әкеледі. Егер қоғам құрылысы түбірінен өзгерсе әлеуметтік революия орн алады. Әлеуметтік революция зорлық-зомбылық пен адамдарды қырып жою, бұқараның қайыршылануы, заңсыздық пен тәртіпсіздіктің қоғамда орнауымен қабаттас жүреді.
Қоғамның эволюциялық дамуы көбінесе реформалармен қабат жүреді. Реформа (лат. тілінен ауд. - өзгерту) қоғам өмірін қайта құру мақсатында жүргізілген әртүрлі шаралардың жиынтығы.
Реформалар мемлекеттік үкімет тарапынан заңдар, қаулылар, шешімдер мен шаралар қабылдау арқылы жүзеге асырылады. Реформалар прогрессивтік жаңалықтармен байланысты болады. Сонымен бірге реформаның регрессивтік сипаты да болуын ұмытпауымыз керек. Мысалы Латвия республикасындағы 1994 жылғы «Азаматтық туралы заңның қабылдануы» елді «азаматтығы» бар және «азаматтығы жоқ» екі қарама-қарсы лагерьге бөліп тастады. Бұл әрине ынтымақтастық пен прогреске жетелемейді.
Достарыңызбен бөлісу: |