Жеке факторлар - бұл индивидің жүріс-тұрысынан көрінетін мінез-құлық. Олардың ішінен алтауын бөліп көрсетуге болады. 1). Адам туа біткен инстинкті, психикасы, темпераменті. Ежелгі грек дәрегері, «медицинаның атасы» Гиппократ (б.з.д. 460-377/356) темпераменттің сангвиник, холерик, флегматик және мелонхоликтік 4 түрін анықтады. 2) Индивидтің өмірлік мақсаты мен мүддесі, құндылықты бағыты мен әдеті. 3) Референттік топтың типі, мінез-құлықтын үлгісі ретінде индивидтің өзі таңдаған өлшемі (айталық, космонавт, әртіс, саясаткер). 4) Өзіне тән қайталанбас ерекшелігі, құрғақ еліктеуден аулақ болып, өзімен-өзі бола алуы. 5) Индивидтің өзіне-өзі бола бере алуы, қадағалауы, өз мінез-құлқындағы жағымсыз қылықтарды тізгіндеп ұстай білуі. 6) Қоғамда өмір сүре білуі, адамдармен тіл табыса білуі: • әлеуметтік ережелер мен басты қағидаларға бағынуы; • басқаның еркіндігіне нұқсан келтірмей, өз іс-әрекетін еркін ұйымдастыра білуі; • басқа адамдар ойындағы артықшылықты көре білуі және оны сыйлап, мойындауы; «өзіңе не тілесең, өзгеге де соны тіле» деген «алтын қағиданы» ұстана білуі.
Кемшіліксіз адам жоқ. Міне, сондықтан да адамдардың әлеуметтік мінез-құлқында ауытқушылықтар орын алады. Бұл мәселе әлеуметтанудың девианттық мінез-құлық ұғымымен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |