Т. Е. Тұмашбай «Әлеуметтану және саясаттану» пәні б ойынша дәрістер жинағы Шымкент 2021ж



бет22/89
Дата31.12.2021
өлшемі434,02 Kb.
#22040
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   89
Жағымсыз девиация, керісінше, бұл көпшілік халықтың тарапынан қолдау таппаған, айыптаған мінез-құлықтың сыртқы, сондай бір көріністері болып табылады. Бұған ланкестік, ұрлық, қылмыс, өсек, жезөкшелік, маскүнемдіқ нашақорлық және т.б. жатады.

Тар мағынасында девиациялық мінез-құлық жағымсыз және құпталмаған
қандай да болмасын әлеуметтік ережелерден ауытқу болып табылады. Міне, осы ауытқулар әлеуметтануда зерттеледі, себебі жағымсыз девиациялар қоғамға қауіп төндіреді де, өзіне қарсы әрекет тудырады. Әлеуметтанушылар девианттық мінез-құлықтың себептерін әр түрлі бағыттардан іздейді; а) адамзаттың кемеліне келіп, жетілмегендігінең және оның кемістіктерінен (эгоизм, ерекшеленуге ұмтылу, қызғаныштық, іштарлық т.б.); 6) биологиялық және психологиялық ерекшеліктерінен (кейбір индивидтердің девианттыққа генетикалық бейімділігінен, психопатия т.б.); в) әлеуметтік тұрмыс жағдайларынан (тәрбие, қоршаған орта, жақсы жалақы, мәдениетті демалыс т.б.).

Сонымен бірге әлеуметтанушылар девианттық мінез-құлықтын әр түрлі формаларын ерекшелейді. Олардың негізгі формалары схемада көрсетілген. Мінез-құлық пен жүріс-тұрыстағы ауытқудың ең шегіне жеткен формасы -аномия (а+nоmоs - грек тілінде заңсыздық). Бұл бұкаралық девиация, қоғамның тәртіпсіздікке салынуы. Аномия ұғымын француз әлеуметтанушысы Э.Дюркгенм енгізді. Басқа сөзбен айтқанда, аномия қоғамның сондай халге түсуі, мұнда халықтың көпшілік бөлігінің қалыптасқан әрекет етуі.



Мұндай жағдай өтпелі, тоқырау, азамат соғысы, революция, терең реформалар мен терең әлеуметтік өзгерістер кезеңіне сай келіп, жалпыға ортақ мақсат пен құндылықтар мен моральдық және құқықтық ережелерге деген сенім жоғалғандығынан қалыптасады.

Шектен шықкан «ауызсыздық» кезеңін барлық халықтар басынан өткізді. Мысалы, Францияда 1560-1590 жылдардағы католиктер мен кальвинистер (протестантизмнің бір бағыты) арасындағы діни соғыс. Бұл жылдары зорлық пен тонау, жаппай қырып жою, т.б. қайғылы оқиғалар орын алды.

Аномия жағдайы 1990 жылдардағы қазақ қоғамына да тән. Еркіндік пен рынок, демократия жолында үлкен қиыншылықтарды бастан өткердік, яғни а) өткен идеялардың болымсыздығына көз жету және одан түнілушілік; б) өткен құндылықтар мен әлеуметтік нормаларды қайта қарау және електен өткізу; в) адамзаттық мәдениеттің жаңа, прогрессивті элементтерін қабылдау мен меңгеру процесі.

Бұл жолда адамдар екі тұйыққа тіреледі, бір жағынан көп дүниені жоғалтуы мүмкін (легендегі кір суды төгемін деп баланы қоса төгіп алу ғажап емес). Екінші жағынан, таза су аламын деп жаңа құндылықтармен бірге кір көбікті жинап алуы да ғажап емсс. Көптеген қазақстандықтар мейірімділік, жаңашырлық, көршілік көмек, Отанның гүлденуіне ат салысу, қайғыға ортақтасу т.б. құндылықтарды жоғалтып алды. Ол бұл легендегі баланы бірге төгіп тастағанмен бірдей емес пе? «Кір көбікке» де көп мысал келтіруге болады. Бұл қылмыскерлік алдап арбау, мемлекет қызметкерлерінің ақшаға сатылуы - бұл маскүнемдік, нашарқорлық,
жезөкшелік, қыздардың темекіге әуестенуі, порнография, қайырымсыздық, жақын адамның қайғысына немқұрайлы қарау және жанашырлық көрсетпеу, жан-ұядағы ұрыс-керіс, жетімдер мен тастанды балалар т.б.

Сонымен, адамдардың қоғамдағы біріккен өмірі әдептілік пен өзара сыйластықты, моральдық және құқықтық нормаларды қабылдамай девианттық мінез-құлыққа бой ұрады. Осы және басқа да себептер әлеуметтік дау-жанжалға әкеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет