2. Девианттық мінез-құлық және оның формалары. Аномия
Девиация термині - латын тілінде ауытқу деген сөз. Девиантты деп -адамдар мінез-құлқындағы ауытқуды айтады. Бұл ұғымды кең және тар мағынада қарастырады. Девиантты мінез-құлықтың негізгі түрі мен формаларын төмендегідей схема түрінде көрсетуге болады.
Жағымды девиация - мінез-құлықтағы ауытқу, көпшілік мұны ғажайып, түсініксіз, тіпті қисынсыз әрекет деп те қабылдауы мүмкін, бірақ, ұнамсыз әрекет деп танылмайды. Бұл біреу үшін жанын қиған ерлік, біреуге жан-тәнімен беріліп қызмет көрсету т.б. болуы мүмкін.