2.Саяси билік пен мемлекеттік биліктің ара-қатынасы
"Саяси билік" және "мемлекеттік билік". "Саяси билік" және "мемлекеттік билік" ұғымдары барабар ма деген көптеген пікірлер бар: кез келген мемлекеттік билік дегеніміз саяси билік, бірақ кез келген саяси билік мемлекеттік билік емес.
Саяси билік адамдардың көптеген топтары арасындағы қатынастардың ерекше нысаны ретінде, сондай-ақ, саяси және құқықтық нормаларды білдірген өз еркін жүзеге асырудағы олардың нақты қабілеті ретінде түсіндірілуі мүмкін.
Саяси билік қайсыбір белгілермен сипатталады:
а) жариялылық - жалпыға ортақтық және өзгешеліксіз, әдетте, ол барлық азаматтарға арналады;
б) басқарудың мемлекеттік және мәжбүрлеу аппаратының бояуы;
в) істерге араласушылық — саяси биіктің барлық қоғамдық процестерге және қоғамның тіршілік қызметтерінің барлық салаларына араласушылығы;
г) бір орталықтылық - шешімдер қабылдаудың бірыңғай орталығының болуы;
д) ресурстардың саналуандығы — мұның биліктің басқа түрлерінен айырмашылығы болады, өйткені ол билік ресурстарының барлық түрлерін пайдаланады.
Саяси биліктін негізгі міндеттері:
а) қоғамды басқару стратегиясын жасау;
б) қоғам дамуының негізгі бағыттары бойынша нақты шеші-мдср әзірлеп, қабылдау;
в) қоғамдық процестерді жедел басқару мен реттеу;
г) қоғам дамуының тұрақтылығы мен бағытының аса маңызды өлшемдерін бақылау.
Саяси биліктің дамуындағы негізгі үрдістер:
а) билікті демократияландыру процесі (демократиялық нысандардың пайдасына авторитарлық және тоталитарлық билік нысандарынан бас тарту);
б) билікті интернационалдандыру, яғни нақты саяси билікке халықаралық проблемалар (ғаламдық проблемалар) әсерінің артуы, жекелеген елдердің заңнамалары;
в) саяси билікті бөлшектеу;
г) биліктің әртүрлі тармақтары арасында жанжалдардың өршуі;
д) билік аппараты төрешілдігінің жоғары қарқындары.
Биліктерді бөлу
Биліктерді бөлу - бұл саяси-құқықтық доктрина және сонымен бірге конституциялық принцип, ол демократиялық мемлекеттер мен жүйелерде билікті ұйымдастырудың негізі.
Биліктерді бөлу идеясы бұдан көп бұрын пайда болған. Алайда биліктерді бөлудің теориялық тұжырымдамасы Д.Локк пен Ш.Монтескьенің есімдерімен лайықты байланысты болды.
Достарыңызбен бөлісу: |