4. Саясат субъектілері.
Саясат және билік. Көптеген саясаттанушылар саясат "билік" санаты арқылы түсіндірілуге тиіс деген пікірді ұстанады. Билік санатын пайдалану қажеттілігі саясат саласы теқ мемлекет пен саяси жүйенің ғана қызметі шегінен шығағады дегенді негізге алады.
Билік — бұл адамдарға берілетін нұсқауға және алда күтілетін тәсілге сәйкес іс-қимыл жасаған кезде шешімді күштеп міндеттеу және атқару немесе әсер ету қабілеті. Саясаттың пәні кез келген өкімет билігі емес, керісінше тек сөздің жария мағынасындағы билік қана болып табылады.
Саясат және мүдде. Саясаттануда саясатты мүдделер тұрғысынан қарап ұғыну бар. Мұндай көзқарасты жақтаушылар саяси процестер мен құбылыстардың жасалуының алғашқы тетігі ретінде адамдардың топтық қажеттері мен осының негізінде пайда болатын әлеуметтік (экономикалық, саяси, мәдени және басқа да) мүдделер болатынына назар аударады.
Саясатты әралуан тұрғыда түсіндіру осы құбылыстың өзінің көп өлшемдігіне байланысты болады.
Саясаттың мазмұны қоғамның жетекші әлеуметтік топтарының, таптарының немесе күштерінің мүдделерімен анықталады. Саясат мазмұны оның мақсаттарынан, бағдарламалары мен құндылықтарынан, ол шешетін проблемалары мен міндеттерінен, саяси шешімдерді қабылдау мен жүзеге асырудың себеп-салдарларынан, тетіктерінен, тәсілдері мен әдістерінен көрініс табады.
Саясаттың түрлері мен бағыттары. Саясат түрлері мен бағыттары бойынша сараланады. Ішкі және сыртқы саясат деп бөлінеді. Ішкі саясат қазіргі құрылысты сақтауға немесе реформалауға бағытталған мемлекеттің, оның құрылымдары мен институттарының экономикалық, демографиялық, әлеуметтік-ықпалдастық, мәдени, жазалау және т.т. қызметі бағыттарының жиынтығы болып табылады. Ішкі саясатты жүзеге асыру үшін мемлекет әртүрлі құралдарды: заңды, нормативтік кесімдерді, салық тұтқалары мен жеңілдіктерді, әлеуметтік-беделді және әлеуметтік-беделді емес қоғамдық мәртебелерді және басқаларын пайдаланады.
Сыртқы саясат — мемлекеттің сыртқы саясат қызметінің басқа да субъектілерімен: мемлекеттермен, шетелдік партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, дүниежүзілік және аймақтық ұйымдармен қатынастарды реттейтін халықаралық аренадағы қызметі. Сыртқы саясат мемлекеттің экономикалық, демографиялық, әскери, ғылыми-техникалық және мәдени әлуетіне негізделеді.
Бағыттары бойынша саясат саласына немесе қосымша субъектісіне қарай: экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, демографиялық, жастар, білім беру, құқықтық, әскери және т.т. болып бөлінеді.
Саясаттың объектісі мен субъектісі. Субъекті дегеніміз белсенді іс-қимыл жасайтын және сана-сезімді, ерікті тани білетін, ие болатын жеке-дара адам немесе әлеуметтік топты; объекті дегеніміз субъектінің танымдық немесе өзге де қызметінің бағытын білдіреді. Осыны негізге ала отырып, саясат субъектісі саясат объектісіне бағытталған мәндік-тәжірибелік саяси қызметті иеленуші ретінде түсіндіріледі.
Саясат субъектісіне дәстүрлі түрде мыналар жатады: жеке-дара адамдар (қатардағы немесе саяси көшбасшылар); әлеуметтік топтар — ұжымдар, этникалық топтар, діни қауымдар, саяси бек-заттар, таптар, бұқара халық, азаматтық қоғам, халықтар, ұлттар, өркениеттер, саяси институттар (мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық-саяси және азаматтық, қозғалыстар).
Батыс саясаттануында саясат субъектісін үш топқа бөледі:
а) Саясат патрихальдық субъектілер — бұл өздерінің тікелей, жергілікті, күнделікті мүдделерін іске асыру жөнінде қам-қаракет жасайтын және өзінің қатысуын, өзінің саяси рөлінің саяси салдарларын мойындамайтын жеке-дара адамдар;
б) қоласты-субъектілері — өзінің саяси рөлі мен мақсатын түсінеді, бірақ олардың шегінен шығу, саяси өмірге дербес ықпал ету мүмкіндіктерін көре алмайды;
в) қатысушы-субъектілер — өздерінің мақсаттарын және оларды іске асыру жолдарын айқын түсінеді, сондай-ақ бұл үшін институтциялық тетіктерді (партияларды, қозғалыстарды және т.т.) пайдаланады.
Саясат, құқық, ақлихат (мораль)
Жоғарыда аталған сирек ұшырасатын құбылыстар қоғамдық сананың нысандары болып табылады, мұның өзі, принципінде, ендігі жерде олардың өзара байланысы мен өзара байланыстылығын анықтайды.
Саясат, оның мәні, мазмұны туралы біз бұдан бұрын айтқан болатынбыз. "Ақлихат" және "құқық" ұғымдарына егжей-тегжейлі тоқталалық.
Ақлихат — мораль (латынның "moralis" — имандылық деген сөзінен шыққан) – қоғамдық сана мен оны іс-тәжірибеде іске асыру, адамдар мінез-құлқының қоғамдық қажетті түрін анықтайтын әрі қалыптастыратын нысандарының бірі.
Ақлихат адамның қоян-қолтық өмір сүруін сипаттайды және адамдар арасындағы қатынастардың нысаны болып табылады. Ақлихатты адам мінез-құлқының түрін, оның қоғаммен өзара қарым-қатынастарының жүйесін анықтайтын адамның ішкі, мәнді сипаттама суретінде түсінген жөн. Өз дамуының шығу тегі үрдісінде ақлихат әдет-ғұрыптардың, тыйым салулардың,, дәстүрлердің күшіне сүйенген, мұның өзі оны құқықпен жақындатады. Қоғам дамуының тарихы ақлихат пен құқықтың бірыңғай шығу көздері жөнінде дәлелдейді.
Ақлихат және әділет заңы. Ақлихат саясатты, бақылаусыз саяси іс-әрекеттің бостандығын шектейді, осыған орай саясат одан азат болуға ұмтылады. Ақлихаттық заң ерікті түрде атқарылады, оны адам өзіне қолданады. Әділет заңы — осы заңға жекелегенг адамдардың көзқарасына қарамастан, адамның тіпті оны қабылдамауы жағдайында да, ол мәжбүрлі, міндетті заң болады.
Саясат пен ақлихаттың өзара қатынасы жөніндегі негізгі көзқарастар:
а) ақлихаттық қөзқарас — саясат ешқандай жағдайда да имандылық принциптерін (ақиқаттылықты, адалдықты, ізгі ниеттілікті) бұзбауға және тек имандылық тұрғысындағы құралдарды ғана пайдалануға тиіс;
б) құндылықты-бейтарап көзқарас — саясат имандылық құндылықтарын теріске шығарады. Мұндай көзқарас саясатқа бейақлиқаттық сипат береді. Бұл Н. Макиавеллидің: "мақсат құралды ақтайды" деген белгілі нақылымен үндес келеді.
в) ымыра көзқарас — саясаттың ерекшелігін ескере отырып, саясаттағы имандылық нормаларын ескеру қажет (бұл көзқарасты көптеген саясаткерлер мен ғалымдар ұстанады).
Саясат және құқық. Құқық қоғамдағы қатынастарды, бірлестіктер мен мемлекеттік органдардың іс-қимылын және тәртібін, қызмет атқаруын реттейтін нормативтік жүйелердің бірі ретінде қарастырылады. Құқық баршаға міндетті болады. Саясат пен құқық үшін ортақ жәйт - олар - қоғамдық сананың нысандары. Айырмашылығы - құқық әділеттілік көрінісі арқылы қоғамдық қатынастардың әралуандылығын, ал саясат мақсатқа сәйкестігі мен пайдалы болуы тұрғысынан реттейді.
Саясат құқыққа қарағанда әлеуметтік бірегей құбылыс ретінде мейлінше кең көлемді ұғым. Құқық болған жердің бәрінде де саясат бар, бірақ заң саяси шешімдерде, қатынастар мен процестерде, әсте де адамның күнделікті іс-тәжірибесі ауқымында әманда орын ала бермейді.
Құқық пен саясаттың өзара қатынастары мәселесі бойынша да (ақлихат пен саясат секілді) екі нұсқасы болады:
а) құқықты абсолюттендіру (құқық ең жоғары сатыдағы "ақиқат" ретінде түсіндіріледі, оған шындыққа жанаспайтын мүмкіндіктер телінеді);
б) саясаттың құқыққа өктемдігі ("саяси мақсатқа сәйкестігімен немесе "революциялық қажеттілігімен" түсіндіріледі);
в) саясат пен құқықтың ақылға қонымды теңгерімі: демократиялық қайта құрулар бағыты мен құқықтық мемлекет құру міндеттерінің сәйкес келуі.
Сөйтіп саясаттың, құқық пен ақлихаттың арақатынасы проблемасын шеше отырып, қоғамдық сананың осы нысандарының әдістемелік мән-жайларына және өзара байланысының, өзара себеп-салдарларының әрі өзара тәуелділігінің негіздеріне келеміз.
Саясаттану: пәні, құрылымы, санаттары, әдістері
Саясаттану пәні. Ең жалпы тұрғыда алғанда, саясаттанудың пәні саяси билікті құру мен дамыту заңдылығы, оның мемлекеттік-ұйымдасқан қозғамда қызмет атқаруы мен пайдаланылуының нысандары әрі әдістері болып табылады.
Саясат өзіне институцияланған, сондай-ақ институцияланбаған адамдардың әлеуметтік қауымдарының мүдделерін шоғырландырады, сондықтанда саясаттанудың пәндік саласы оларды саяси билік пен саяси мүдделерін білдіру жөніндегі қызметіне қосудың нақты процесін бейнелейтін адамдардың әлеуметтік қауымы саяси өмірінің құрылымы, қызмет атқаруы мен дамуының үрдістерін және зандарын зерттеу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |