Т. Е. Тұмашбай «Әлеуметтану және саясаттану» пәні б ойынша дәрістер жинағы Шымкент 2021ж


Билік саяси феномен ретінде. Саясат субъектілері



бет46/89
Дата31.12.2021
өлшемі434,02 Kb.
#22040
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   89
Билік саяси феномен ретінде. Саясат субъектілері.
1.Билік ұғымы.

2.Саяси билік пен мемлекеттік биліктің ара-қатынасы

3.ҚР Мемлекеттік билігі
1.Билік ұғымы.

Билік проблемасы саясаттың негізгі проблемасы болып табылады. Әдеттегі сана деңгейіндегі және ғылыми әдебиетте “билік” ұғымы әртүрлі мағынада қолданылады. Билік құбылыс ретінде – бұл қайсыбір адамның билік ету қабілеті, құқығы мен мүмкіндігі, әралуан құралдардың құқықтың, беделдің, ерік-жігердің, мәжбүр етудің көмегімен адамдар тағдарына, мінез-құлқына немесе қызметіне шешуші әсер ету.

Биліктің жалпы белгілері. Биліктің қоғамдық сипаты – билік қатынастарының тараптары әманда сана мен ерік-жігерге ие болатын адамдар, олардың әлеуметтік топтары, ұйымдары болып табылады. Өзінің табиғаты жағынан билік бұл тамаша, ерік-жігерлі немесе сезімдік және өзге де көзқарас әрі осынысына қарай оның өзі қандай да бір әрекет жасай алмайды.

Биліктің авторитарлық сипаты - өзінің осы бағыныштылығын қамтамасыз етудің нысандары мен тәсілдеріне қарамастан, билік объектісі ерік-жігерінің оның субъектісі ерік-жігеріне бағыныштылығы. Өз кезегінде, бағынуға даярлығы бірқатар факторларға: билігін жүргізу объектісінің қасиеттеріне, оған қойылатын талаптар сипатына, жағдайына және т.т. байланысты болады.

Тарихи әмбебап сипаты. Билік адамзат қоғамының міндетті белгісі болып табылады. Қоғамның, мемлекеттің әлеуметтік-таптық болып бөлінуі пайда болғанға дейін ол қоғамдық сипат алды, яғни қоғамнан жоғары тұрған аппарат, ерекше күштеу мекемелері болмады. Қоғамның таптарға бөлінуімен және әлеуметтік институт ретінде мемлекеттің пайда болуымен қандастық туыстық қатынастар екінші кезекте тұрды да, ақсақалдар беделі орнына қоғамнан бөлінген және оның үстіне өктемдік еткен жария биліктің беделі пайда болды.

Биліктің анықтайтын элементтер:

1) билік қатынастарының кемінде екі әріптесінің болуы, мұндай әріптестер ретінде жекелеген дара адамдар, сондай-ақ адамдар тобы болуы мүмкін;

2) билікті жүзеге асыратын бұйрық, яғни оның кімдерге қатысты билігін жүзеге асыруына байланысты еркін білдіруі, сонымен бірге ол орындалмаған ретте қорқытып-үркіту әрекеттерін қолдануы;

3) билікті жүзеге асыратын бұйрықта білдірілген ерікке бағыну;

4) бұйрықтар беретін адамның бұған құқығы бар екенін, ал басқа адамның бұйрықтарға бағынуға міндетті екенін белгілейтін қоғамдық нормалар.

Биліктің жалпы белгілерін, анықтаушы элементтерін талдау мынадай түсіндірмеге саяды. Билік — жалпы мағынасында өзінің еркін жүзеге асыру, қандай да бір құралдардың: беделінің, құқығының, күш қолдану көмегімен қызметіне, мінез-құлқына белгілі бір ықпал ету қабілеті мен мүмкіндігі.

Биліктің тұжырымдамалары:

1) анықтаушы тұжырымдамалары, билікті субъектінің белгісі, анықтаушы қасиеті ретінде, әйтпесе және әншейін өздігінен жеткілікті "нәрсе" немесе "зат" ретінде түсіндіреді.

2) қатыстылық тұжырымдамалары, билікті қарапайым әрі күрделі қатынас деңгейлеріндегі әлеуметтік қатынас немесе өзара іс-қимыл ретінде сипаттайды.

Билікті пайымдау жөніндегі анықтаушы-елеулі көзқарастарды, өз кезегінде:

а) әлуетті ерік-жігерлі;

б) құрал-күш қолдану;

в) құрылымдық-қызметтік көзқарастар деп бөлуге болады. Әлуеттік — ерік-жігер тұжырымдамаларының негізінде қандай да бір саяси субектінің еркін күштеп таңу қабілеті немесе мүмкіндігі ретіндегі биліктің анықтамасы болады (Гегель, Маркс, Фихте, Вебер).

Биліктің құрал-күш қолдану тұжырымдамалары биліктің бірегей құбылысын нақты күш (яғни ерік-жігерді іске асыру құралы) ретінде (Ч. Мерриэм, Д. Кетлин) түсіндіреді.

Биліктің жүйелік және құрылымдық-қызметтік тұжырымдамалары (Т.Парсонс, Д. Истон, Г. Алмонд, М. Крозье) - билік ең алдымен әлеуметтік жүйенің ерекше ықпалдастық белгісі болып табылады, оның мақсаты биліктің тұтастығын, ортақ ұжымдық мақсаттарды жекелеген элементтер мүдделерімен үйлестіру, сондай-ақ азаматтардың келісімі мен көшбасшылығын заңды деп тану негізінде қоғамның көмекші жүйелерінің қызметтік өзара тәуелділігін қамтамасыз ету.

Қатыстылық тұжырымдамалары билікті "әлеуметтік қатынастар" санатының көмегімен түсіндіреді.

Мінез-құлық көзқарасы екі жеке-дара адам-актер мінез-құлықтары мен бірінің екіншісіне сәйкес ықпалдары арасындағы қарапайым қатынастарға өктемдік қарым-қатынас жасауының барлық саналуандығын белсендетеді. Билік екі мінез-құлық пен ықпалдардың қатынасына айналады, бұл жағдайда бір тарап өзінің шешімін екінші тарапқа телиді.

Интеракционистік теория — билік қатынасы адамдар арасындағы ресурстарды (П.Блау) алмасудың ерекше тәсілінің немесе ықпал ету аймағын бөлу кезінде акторлардың (Д. Ронг) рөлдерінің ауысуымен бір-біріне сәйкес емес әрекеттерінің, сондай-ақ материалдық, идеологаялық және басқа да ресурстарды бөлу, қайта бөлу (Р. Даревдорф, Л. Козер және басқалары) жөнінде тұрақты, түрде пайда болатын жанжалдарды реттеу арқылы қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтық жүйесіндегі негізгі "тұрақтандырғыш" рөлін атқарады, әлеуметтік тепе-тендік пен саяси келісім.

Биліктің құрылымы. Биліктің субъектісі, объектісі, құралы оның негізгі құрамдас бөліктері болып табылады, олар оның барлық элементтерін қозғалысқа келтіріп, субъекті мен объектінің өзара әрекетінің тетігімен және әдістерімен сипатталады.

Саяси билікгің субъектілері көп өлшемді болады. Биліктің бастау алатын субъектілері адамдар, әлеуметтік топтар, қосымша бастаулары — саяси ұйымдар, барлық биліктің қатынастарында әралуан қоғамдық топтар мен бүкіл халықтың тікелей өкілдері болатын ең жоғары деңгейдегі субъектілер — саяси бекзаттар мен көшбасшылар болып табылады.

Субъекті мен объекті шеткі қарама-қарсылықтарды, билік құрылымының перменді бастауларын сипатталды. Әрі адамдардың субъекгілер мен объектілер, бастықтар мен бағыныштылар болып бөлінуі көбінде салыстырмалы сипатта болады: бір жағдайда адам бастық, екінші бір жағдайда бағынышы болады. Билікке қатысты оның агенттерінің өзара іс-қимылы құралдардың немесе ресурстардың тұтас жиынтығымен жанама қатынаста болады және өкілдік ету процесін реттейтін арнайы институциялық тетік ауқымдарында жүзеге асырылады. Билікгің бұл құрамдас бөліктері дегеніміз не?

Билік ресурстары. Бұл терминнің өзі кең мағынада, сонымен бірге тар мағынада да қолданылады. Кең мағынада - биліктің ресурстары - жеке-дара адамның немесе топтың басқаларға ықпал ету үшін пайдаланатын барлық мүмкіндіктері. Tap мағынада - субъектінің мақсаттарына сәйкес биліктің объектісіне ықпалды қамтамасыз етуге пайдаланылатын құралдар. Ресурстар объекті үшін маңызды не құндылықтар (ақша, тұтыну заттары және т.т.), не адамның ішкі дүниесіне, дәлелдеуіне (теледидар, баспасөз және т.с.с.) әсер етуіне қабілетті құралдар, не адамды белгілі бір құндылықтардан айыруға көмектесе алатын (қару, тұтастай алғанда жазалау органдары) қару (құрал-сайман) болып табылады, олардың ең жоғары құндылығы әдетте өмір деп есептеледі.

Билік ресурстарын топтастыру. Билік ресурстарын әртүрлі негіздер бойынша: материалдық (әсер етуінің қаржылық тұтқалары) және материалдық емес (БАҚ көмегімен әсер ету), мәжбүрлеу (әкімшілік жазалау шаралары) мен кәміл көзін жеткізу, "күш қолдану" (әскери аппаратты пайдалана отырып) "күш қолдану" мен саяси (келіссөздер мен ымыраласулар арқылы қол жеткізу) және т.т. әдістеріне негізделген ресурстары деп айыруға болады.

Биліктің ерекше ресурсы адамның өзі — демографиялық ресурстар болып табылады. Адам — материалдық игіліктерді (экономикалық ресурстарды) жасаушы, білімдер мен хабарламаларды (мәдени — ақпарат ресурстарын) және т.т. алушы әрі таратушы. Жеке тұлға тек көптеген өлшемдердің біреуінде ғана биліктің ресурсы болады — ол басқаның еркін іске асыру құралы ретінде пайдаланылады. Тұтастай алғанда, адам — биліктің ресурсы ғана емес, сондай-ақ оның субъектісі мен объектісі де.

Биліктің заңдылығы мен жариялылығы

Жоғарыда аталған терминдердің ортақ мағынасы бар, ол "заң" дегенді білдіреді. Биліктің жариялылығы ұғымы биліктің заң тұрғысындағы нормативтік заңдастырылуы, оның құқықтық нормаларға сәйкес келуі. Биліктің заңдылығы — бұл билікке сенім білдіру және оны дұрыс деп тану (имандылық сипаттамасы). Биліктің заңдылығы адамдар, қоғам үшін оның нақты маңыздылығын, оның беделінің деңгейін көрсетеді. Осының бәрінен мынадай қорытынды шығады: биліктің жария және заңды болуы мүмкін, онда бұл мықты билік болады; билік жария болып, бірақ заңды болмауы мүмкін — онда бұл тұрақсыз билік болғаны. Кез келген билік жария да, заңды да болуға ұмтылады.

Билік заңдылығының түрлері

1) дәстүрлі билік заңдылығы - әдет-ғұрыптар, дағдылар мен газеттер беделіне, оларды сақтау үшін бағдарлануға негізделген. Дағдылар мен дәстүрлер реттеуші рөлін ғана атқарып қоймай, олар ұрпақтардың белгілі бір сабақтастығын, тарихи процестің толассыз жүруін қамтамасыз етеді. Дәстүрлі биліктің заңдылығы монархияға тән болады.

Ғылыми әдебиетте дәстүрлі биліктің бірнеше түрлерін айырады:

а) патриархалдық — рулық қатынастарға тән;

б) патримониалдық — билік жүргізушінің дәстүрлерден белгілі бір еркіндігі (армияға және әкімшілік аппаратына қажеттілік туындайды);

в) сұлтандық — патримониалдықтың бір түрі, Шығыс елдеріне тән болады;

2) харизматикалық билік заңдылығы — харизма грек сезінен аударғанда рақымшылық, құдай шапағаты, нұр жаутан деген мағынаны білдіреді — саяси қайраткердің айрықша қасиеттеріне деген соқыр сенімге негізделген. Мұндай қасиеттер данагөйлік, күнәсіздік, әулиелік, киелілік, ерлік және басқалары болып табылады. Харизматикалық билік, сөйтіп, қайдағы бір жоғары қадір-қасиеттерді және тіпті түсініксіз, ойдан шығарылған қасиеттерді өзіне қоса таңатын көшбасшының берілгендігіне негізделген билік болып табылады.

3) ұтымды-құқықтық заңдылық — демократийлық билікке тән болады.

Заңдылықтың бұл түрінің шыққан кезі көпшілік таныған ережелер бойынша, яғни адамдарды биліктер шешімдеріне бағынуға итермелейтін демократиялық рәсімдер негізінде қалыптасқан ұтымды ұғынылатын мүдде болып табылады. Әңгіме басшының жеке өзіне емес, керісінше заңдар ауқымында биліктің өкілдері әрекет ететін заңдарға бағынатын мемлекет туралы болып отыр.

Қоғамдағы билік іс жүзінде ол өмір сүретін барлық деңгейлерде: жоғары деңгейде (бүкіл қоғам), орта деңгейде (белгілі бір қауым) және шағын деңгейде (ұжым, шағын топ, отбасы) таратылады.

Билікті топтастыру

1. қызмет атқару саласы бойынша: саяси, идеологаялық, әлеуметтік, экономикалық, заңдық, зайырлы және рухани (діни) билік;

2. төтенше құзырларының көлемі бойынша: мемлекеттік, халықаралық, отбасылық билік және т.т;

3. билік объектісі бойынша: қоғамдық, таптық, партиялық. тікелей билік:

4. басқару режимі бойынша: тоталитарлық, жауыздық, төрешілдік, авторитарлық, демократиялық және басқа да билік;

5. әлеуметтік түрі бойынша: құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік билік және т.т.

6. ресурстар бойынша: экономикалық, әлеуметтік, рухани-хабарламалық, мәжбүрлеу (оны көбінде, мұның өзі онша-мұнша дәл келмесе де, осы сөздің тар мағынасында оны саяси билік деп атайды) және осы сөздің қең, өз мағынасында саяси билік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет