TUDAD - Cilt 4 - Sayı 2 - Nisan 2021 - А. Ж. Қалкөз / Г. Ж. Болатова
32
psychology in the works of Tolen Abdikov, one of the writers
who occupies a special place in Kazakh literature. Almost all
of his
works are full of the abyss, existence, a new look. In
these profound works, he seeks to show the language and
traditions of our nation, its
nature and natural qualities, to
reveal the many-sided secrets of human existence. The writer
developed the theory of “double personality” in Kazakh
literature from a new point of view, from a new angle, through
prose works. In this article, we will discuss methods of
teaching psychology in the works of Tolen Abdikov.
Key words: Autor, psychologism, teaching methods, the period
of independence.
Кіріспе
Кез
келген ұлттың, халықтың тағдыры, басынан
өткерген тарихи кезеңдері ең алдымен сол халықтың
әдебиетінде із тастайтыны ақиқат. Қазіргі таңда қазақ
әдебиетінің әрқилы
кезеңдерінде рухани дамуымызға,
мәдени өркениетке, әсіресе ұлттық жан дүниемізге өз
шығармаларымен айтулы үлес қосқан қаламгерлеріміздің
бірі – Төлен Әбдіков.
Жазушы Т. Әбдіков жеке адамның санасындағы,
ойлау жүйесіндегі сан алуан сезімдік,
психологиялық,
философиялық құбылыстарды, ой ағымына, түс көруді
талдауға және де психологиялық сыртқы детальдарға
бірден-бір ерекше көңіл
аударатындығын ескере отырып,
қаламгердің прозалық шығармаларының өзіндік сипаты,
өзіндік қолтаңбасы мен стилі бар екендігін білеміз.
Сондықтан Төлен Әбдіковтің прозалық шығармаларын
жанрлық, тақырыптық, теориялық тұрғыдан қысқаша
талдай келе, оның шығармаларындағы
психологизмді
жоғары
оқу
орындарында
оқытудың
әдістерін
қарастырамыз.
Төлен Әбдіковтің әдебиеттегі қолтаңбасы ерекше
екендігін
өзіндік
жазу
мәнері,
сөз
қолданысы,
кейіпкерлерінің іс-әрекетін, мінез-құлқын сомдауы, оқшау
образдар жасауы, тосын
тұлғалар табуы тайға таңба
басқандай дәлелдеп-ақ тұр.
Жазушы шығармалары жаңа көзқарасқа толы, ол
шығармаларында
замана
келбетін
айқын
ашатын
тақырыптарды терең және дер кезінде көре біледі, соны
Т. Әбдіков Шығармаларындағы Психологизмді Оқыту Әдістемесі
33
халыққа
жеткізеді.
Т.
Әбдіковтің
прозасындағы
психологиялық иірімдерді, философиялық толғаныстарды
айта келе, жоғары оқу орнында оқитын студенттерге оқыту
әдістемесін талқылаймыз.
Сондай-ақ
бұл
мақала
әдебиеттің
теориялық
мәселелерін
оқытқанда, орта мектептердің жоғарғы
сыныптарында және жоғары оқу орындарының филология
факультеттерінің қазақ бөлімдерінде қазақ әдебиеті тарихын
оқыту барысында, қазіргі заман әдебиеті курсы бойынша,
арнаулы курстар
мен семинарлар өткізуге, сондай-ақ
гимназия, лицейлерде, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін
тереңдетіп
оқытатын
мектептерге
оқулықтар,
оқу
құралдарын, көмекші құралдар жазуда пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: