Т. ӘБдіков шығармаларындағы психологизмді оқыту әдістемесі түйіндеме



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата14.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#101205
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
. [#898338]-1643772

 Нәтижелер 
Т. Әбдіковтің көлемі шағын “Сәндікөл”, “Екі кездесу”, 
“Бір күндік ашу”, “Көктерек”, “Қарасын”, “Таласбай”, 
“Қойшұғыл” атты әңгімелері бар. Шығармалар қазақ ауылы 
өмірінен алынған. Кейіпкерлердің іс-әрекеті де таңсық емес. 


TUDAD - Cilt 4 - Sayı 2 - Nisan 2021 - А. Ж. Қалкөз / Г. Ж. Болатова 
40
Суреткердің шеберлігі де осында жатыр. Мұнда жазушы 
кіші ғана әңгімелерге үлкен психологиялық астар 
сыйғызған. 
Ізденіс әдісі – білім беру үдерісінде ерекше мақсатты 
көздейтін әдіс түрі (Бітібаева, 1997). Ізденіс әдісін 
қолданғанда мұғалім тәуелсіздік жылдарындағы қазақ 
әдебиетінің болмысындағы өзіндік белгілер мен жаңа 
қырларын ашатын әдістің ерекшелігін жақсы түсінуі керек.
Қазақ әдебиеті тарихының осы кезеңге дейінгі даму 
барысындағы көркем туындылардағы еркіндік пен 
тәуелсіздік деген идеяның қолға бақыт құсындай 
қонғандығы студенттерге ашық та еркін әңгіме барысында 
түсіндіріледі.
Ізденіс әдісін көркем шығарманы өз бетімен талдауға 
үйрету мақсатында қолданып, эвристикалық әдісті 
қолданғанда студент өзімен бірге жетелеп алып жүретін 
болса, бұл әдісті қолдануда студент өзінің ізденіс жасауына 
жол береді. Әрине, мұғалім кеңес беру, бағытын айқындау, 
түзетіп отыру арқылы жетекшілік рөлін еш кемітпейді.
Ізденіс әдісін бірқалыпты қолдана отырып, өзара 
пікірталас, семинарлар өткізуге, конференцияларда ғылыми 
баяндамалар қорғап, ғылыми бәйгелерге қатысуға септігін 
тигізеді. 
Сөз жоқ, эвристикалық әдіс пен ізденіс әдісі –
студенттің интеллектуалдық дамуын, ойлау және сөйлеу, 
жазу шеберлігін қалыптастыруда үлкен орын алатын 
әдістер. 
Ізденіс әдісін қолданудың бір үлгісі ретінде Төлен 
Әбдіковтің келесідей шығармаларын нысанға алуға болады. 
Жазушының “Сәндікөл” әңгімесінде туған еліне, 
жеріне деген сүйіспеншілігі сезіледі. Мұнда жазғы 
демалыста студенттердің ауылдарына қыдырып келуі 
суреттеледі, жастардың көздері арқылы жазушы туған 
жерге деген сағынышты көрсетеді. 
“Екі кездесу” әңгімесі адам баласының бойындағы 
адамгершілікті сипаттайды. Мұнда екі жас жігіттің күрес 
алаңындағы ішкі тойтарысы суреттеледі. Жалпы командаға 
жеңіс алып келу үшін жаттықтырушы Қапан Байболичтің 
өтінішімен Сейіт күрессіз бас кейіпкер Тастаннан жеңіліс 


 
Т. Әбдіков Шығармаларындағы Психологизмді Оқыту Әдістемесі 
41 
табады. Шығарманың негізгі идеясы – жастардың 
бойындағы отансүйгіштік сезім. 
“Бір минут он бес секундта Қуатов таза жеңіске жетті, 
- деп хабарлады төреші. Сейіт күлімсіреп қолымды қысты. 
Мен не дерімді білмедім. Өзгені табалаған жалған атаққа ие 
болу маған да оңай тимеген еді. Сейітті қатты аядым. 
Алқымыма бір зат тірелгендей көзім жасаурап, табиғатымда 
жоқ бір осал сезім билеп кетті. “Кешір, кешір, Сейіт, сен 
нағыз ер екенсің,-деймін іштей күбірлеп, – рахмет! Мың 
рахмет!” (Әбдікұлы, 1971). 
Көріп 
отырғанымыздай, 
жазушының 
алғашқы 
шығармалары 
көптеген 
қаламгердің 
шығармашылық 
жолындағыдай студенттік өмір, жастық шақ, достық, 
махаббат тақырыбына жазылған. Уақыт өте қаламгер 
шығармашылығының тақырыбы күрделене түсті. 
“Қарасын” әңгімесінде қарапайым ғана ирония 
арқылы адамға әрқашанда бір жанның мейірімі, шапағаты, 
махаббаты керек екендігі, тек сонда ғана адам рухани 
қолдау табатындығы пайымдалады. Жазушы: “Әйтеуір 
біреуге керексің. Өзіңе шексіз берілген, сенен басқа ештеңе 
қажет қылмайтын жан иесін сезіну қандай жақсы. Оған тек 
бір сенің қарасының болса, болды...” (Әбдікұлы , 2005) –деп 
тұжырымдайды. 
Жазушы “Көктерек” әңгімесінде адам баласы өзінің 
мақсатына, арманына жеткенде екі сезімге тап болатынын 
(қуаныш пен қорқыныш) баяндайды. Қаламгер оны 
көктерек 
символы 
арқылы 
сабақтастыра 
білген: 
“Көктеректің ең биік бұтағына жеткен кезде мені екі-ақ 
сезім биледі: бірі – қуаныш, екіншісі – қорқыныш. Осы екі 
сезімнің бір-біріне ұқсас екенін мен сонда білдім. Екі 
бұтақтың арасына аяғымды тірей, теректің жіңішкерген 
діңін қапсыра құшақтап, айналаға көз жіберген кезде, бар 
дүниені жаңа көргендей аузымды ашып сілейдім де 
қалдым”. Сонымен бірге жазушы кез келген адамның 
жүрегінде сол бір тәтті балалық шақтың елесі, туған жердің 
иісі бар екенін пайымдайды: “...Яғни, Көктерек өзімнің 
ішімде, жүрегімде деген сөз ғой. Жадында сақтай алатының 
қандай жақсы. Ел мен жерді сақтайтын басқа не амалың 
бар?..” (Әбдікұлы, 2005). 


TUDAD - Cilt 4 - Sayı 2 - Nisan 2021 - А. Ж. Қалкөз / Г. Ж. Болатова 
42
Қаламгер “Таласбай” әңгімесінде: “Діни сенім де 
махабаттың бір түрі. Кеңестік жүйе тұсында мыңдаған 
мешіттер талқандалып, қожа-молдалар тұтқындалып, 
атылатындары атылып жатқанда діни сенімді өмірлерінің 
мәні деп ұққан қанша мың адам рухани қасіретті бастан 
кешкенін санап беру мүмкін емес” (Әбдікұлы, 2005), – деп 
Таласбайдың образы арқылы сол кездегі халықтың рухани 
құлдырауын көрсетеді. Яғни, әңгіменің негізгі идеясы – 
Кеңес дәуірі тұсындағы қазақ 
халқының рухани 
құндылықтардан ада болуы, рухани құлдырауы, рухани 
жағынан жұпынылығы. 
“Бір күндік ашу” әңгімесін оқып бір қарағанда, 
мәселен бір күндік ашуда тұрған не бар, кім ашуланбай 
жатыр деген ой келуі мүмкін. Алайда сол ашудың сырын 
ашудағы жазушының кейіпкер жан-дүниесінің нәзік 
иірімдерін тап басып, тани білер сұңғылалығына қайран 
қалғандайсың. Оқиға желісіне адам психологиясының бір 
сәт, бір мезеттік қана қыры алынған. Алайда бізге суреткер 
сол бір сәттің өзінен адамға тән барша болмыстың 
құпиясын ашқандай көрінеді. Онжылдықты былтыр бітіріп, 
қазір кітапханада жұмыс істеп жүрген Айгүлдің ағасы 
Ордабекке әлі күнге дейін кішкентай көрінетіні рас. 
“Шынында да, ол – соқтауылдай қыз. Бірақ мұны 
айтқан адамды Ордабек барынша ұятсыз, ардан безген біреу 
деп білер еді. “Жұмысқа келген студенттердің біреуі 
Айгүлге сөз салып жүр екен”, – деген хабарды естігенде 
табиғатында жоқ долылықпен түтігіп, тіпті жыларман халге 
келді.
“Бұл масқара ғой! Кішкентай баланы...” деді ары 
ойлауға батылы жетпей”. Қарындасын қызғанатын 
Ордабектің жан әлемі қандай табиғи, ұлттық нақыш – 
бояуымен ашылған. 
Ал Айгүл бейнесі тіпті бөлек. Жазушы оның да ет пен 
сүйектен жаратылғанын, тіпті адам ретінде оның да біреуді 
жақсы көріп, ғашық болуға толық құқықты екенін кейіпкер 
жан әлемінің толқыныстары арқылы суреттейді. Шығарма 
сюжеті шап-шағын. Адам өмірінің бел-белестеріндегі бір 
кезең алғашқы махаббат десек, шығарма финалы бас 


 
Т. Әбдіков Шығармаларындағы Психологизмді Оқыту Әдістемесі 
43 
кейіпкердің өткен өмір жолдарын ой көзімен шолып, 
қорыту арқылы түйінделген.
Сайын Мұратбековтің “Менің қарындасым” атты 
әңгімесі де аға мен қарындастың арасындағы сүйіспеншілік 
жайында жазылған. Алайда, мұнда ағасы қарындасының 
бойжеткендігі мен алғашқы махаббатына түсінушілікпен 
қарайды:
“–Апа, апатай, керегі жоқ, ештеңе айтпаңызшы. Сіз 
қалай десеңіз де бәрібір, мен оған сенемін... –деді апамның 
құлағына жалынышты сыбырлап. 
Қарындасымның сол баяғы ерке қалпына байсалдық 
еніп, сұлулығына басқаша бір жарастық беріп тұр. Тек 
көзінде ғана жан білмес терең сыр бар тәрізді. “Алғашқы 
махаббатың сәтті болсын, қарындасым”, –деймін мен 
іштей” (Мұратбеков, 2005). 
Т. Әбдіков өз шығармаларында ұлттық мүддені 
жоғары қояды. Адамның парасаты жазушы үшін алдына 
қойған үлкен мақсат сияқты. Халықтың жаны мен арманы 
әңгімедегі бас кейіпкерлердің атынан шебер беріледі. Өз 
дәуірінің жастары алдындағы мәселені қозғай отыра автор 
жас жігіт пен қыздар бейнесі арқылы әр адамды қоғам мен 
өмірдегі өз орнын тауып, адамгершілік қасиетті жоғары 
ұстауға шақырады. Парыз бен мансап, ар мен ұят, 
еңбексүйгіштік пен арамтамақтық арасындағы арпалыста 
бірінші қасиеттің жеңіп шығуы – қаламгердің негізгі 
тақырыбы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет