Т. ӘБдіков шығармаларындағы психологизмді оқыту әдістемесі түйіндеме



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата14.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#101205
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
. [#898338]-1643772

Әдістеме 
Дидактика – оқыту, оқуды дұрыс ұйымдастыру болса, 
бұл дидактиканының педагогикада алатын орны орасан. 
Енді дидактика заңдылықтарына сүйене отырып, Төлен 
Әбдіковтің 
шығармаларын 
оқытудың 
әдістемелерін 
ұсынбақпыз. 
Жазушының шығармалары адам мінезінің құпия 
сырларына 
үңілуімен, 
өмірдің 
мән-мағынасына 
философиялық тұрғыда қарауымен, өмірдің қайшылықты 
құбылыстарының күрделі шындығын ашумен ерекшеленеді. 
Төлен Әбдіков шығармашылығының негізгі өзегі – пенде 
мұңы. Жеңіл-желпі желұшық мұң емес, артында қара тастай 
қасірет жатқан көштей күңіренте-сыңсытып өз жүрегінен 
өткізген жалқының мұңы. 
Жазушы шығармаларының бірден-бір ерекшелігі жеке 
адамның санасындағы, ойлау жүйесіндегі сан алуан 
сезімдік, психологиялық, философиялық құбылыстарды
сана 
қозғалысының 
пластикасын 
беру 
мен 
жан 
диалектикасын монологқа, ой ағымына, түс көруді талдауға 
және де психологиялық сыртқы детальдарға (ым мен 
ишараттарға, іс-әрекеттегі, дауыс ырғағындағы, портреттегі 
физиологиялық, физиономиялық, сезімдік құбылыстарға) да 
көңіл бөлген. Мысалы, “Оң қол” әңгімесінде кейіпкер – 
Алманың түсі арқылы автор адам санасында үздіксіз жүріп 
жатқан үдерісті, үрей мен қорқынышты, өмір мен өлім 


TUDAD - Cilt 4 - Sayı 2 - Nisan 2021 - А. Ж. Қалкөз / Г. Ж. Болатова 
34
арасындағы арпалысты, жан толғанысын көркемдікпен 
кестелей білген. Саябақтағы гүлді жұлдырып, дәрігер 
жігіттің сезімін сынайтын сұлу да, тәкаппар, адал да, ерке 
Алма ұйқыға ене бастаса-ақ алқымына ұмтылатын оң 
қолдың опасыздық әрекеті тұқым қуалаған қауіпті сырқат, 
оны медицинада дененің екіге жарылуы дейді, ал 
әдебиеттануда адам ішіндегі адам деген тәсілді жазушы 
тігісін жатқыза пайдалана білген. Шығарма сюжетін 
берудегі суреткер шеберлігі сондай, әңгімені оқи отырып, 
көз алдыңда өтіп жатқан кинолента куәгеріндей 
кейіпкерімен бірге қуанасың, бірге қайғырасың, бірге 
қорқасың. Бұл сарын қазақ әдебиетіне Т. Әбдіков енгізген 
жаңалық емес, алайда, жазушы оны өз қырынан дамыта, 
өрбіте білді. 
Осы шығармадағы психологизмді дидактикалық 
форманы қолдану арқылы оқытуға болад. Бұл форманың 
ерекшелігі – студенттерге өз бетімен іздену, оқу, талдау 
жолдары әдістемелік тұрғыдан түсіндіріліп, “Оң қол” 
шығармасындағы психологизм” деген тақырып бойынша 
студенттің 
өзінің 
танымдық-ізденіс 
желісі 
қалыптастырылады. 
Бұл әдісті қолданғанда мұғалім студенттерге бірнеше 
бағдардағы жоба тапсырады: 

“Адамның 
екіге 
жарылуы” 
ұғымы 
тек 
фантастикалық сарында құрылған ба, әлде реал өмірде 
болған және оған зерттеушілердің дәлелі бар ма? 

“Төлен Әбдіктің терең психологизмге бет бұруына 
әсер етуші факторлар” 

“Психологизм сарынын Төлен Әбдіктен де бұрын 
енгізген жазушылар” сияқты түрлі тақырыпта аналитикалық 
жобалар ұсыну.
Мұндай жұмыс түрінің ерекшелігі оқыту үдерісінің 
қатып қалған догмалық сипатынан аулақ, “субъект –
субъектілік” жүйедегі гуманистік дидактикалық қатынасқа 
негізделген жаңа оқыту технологиясының қағидаларын 
басшылыққа алатындығымен танылады. 
Қаламгер Төлен Әбдіковтің “Ақиқат”, “Тозақ оттары 
жымыңдайды” повестерінің сюжеттік желісі түрлі кеңістік 


 
Т. Әбдіков Шығармаларындағы Психологизмді Оқыту Әдістемесі 
35 
аясында берілсе де, адамзаттың шыққан тегі – ортақ деген 
концепцияны 
ұстанады. 
Әсіресе 
“Тозақ 
оттары 
жымыңдайды” повесінде анық сезіледі. 
Шығармада суреттелген оқиғалардың хронологиялық 
бірізділігінің сақталмауын жазушының ретроспекция 
тәсілін қолдануымен түсіндіруге болады. Повесте екі 
сюжеттік желі тартылған: біріншісінде бас кейіпкердің 
қазіргі хал жағдайы баяндалса, екіншісі оның өткен өмір 
елестерін суреттейді. Екі сюжеттік желі авторлық ұстаным 
арқылы біріктірілген. 
Адам санасындағы өткен уақыт жаңғырығы, оның 
адам характерін өзгертумен бірге, тұйыққа тірейтінін 
бейнелеу Т. Әбдіковтің “Ақиқат” повесінде көрінеді. 
Повестің бас кейіпкері көріпкелдік қасиеттері, ақылдан азап 
шегуі, сау жүріп жындыханаға түсуі, асылып өлуі – 
шығармадағы негізгі оқиғалар осы. Зерттеуші Қ. Хамзина 
(Хамзина, 2004) “Aқиқат” повесін жанрлық түрі жағынан 
фантастикалық деп атағанымен, шығармада бүгінгі заман 
шындығы бар екенін жоққа шығармайды. Расында да, 
шығарманы философиялық фантастика жанрында жазылған 
шығарма десек дұрыс болар. Себебі повестің негізгі 
арқауын Роберттің көңіл-күйіндегі өзгерістер, оның адамзат 
тарихы, сана, бақытсыздық, ғылым мен өркениет туралы 
философиялық ой-толғаныстары құрайды. 
Төлен Әбдіковтің үздік шығармаларының бірі – 
“Парасат майданы” повесі. Ғалым Ш. Елеукенов бұл 
повесть жайында: “Жазушы Т. Әбдіковтің жаңа шығармасы 
соңғы 
жылдары 
өнер 
атаулыны 
жайлап 
алған 
постмодернистік деп аталатын ағыммен айтысқа түсіп отыр. 
Айтыс 
болғанда, 
бұл 
– 
философиялық 
айтыс. 
Постмодернизм адамгершілік, әділет туралы түсініктерді 
қайта қарауға шақырады. Сонау Ренессанстан бері қарайғы 
адами идеал атаулыны жоққа шығарғысы бар” (Елеукенов , 
1991-2001),–деп жазады. Яғни, ғалым повестің негізгі 
темірқазығы – адамгершілік идеал, ізгілік, рухани 
құндылықтар екенін атап көрсетеді. Жалпы Т. Әбдіков 
повестерінің негізгі жанрлық белгілері сюжет құру 
шеберлігінен және көркем уақыт пен кеңістіктің берілу 
сипатынан байқалады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет