Т. Жакетаева



Pdf көрінісі
бет2/36
Дата14.10.2023
өлшемі1,71 Mb.
#114244
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
httpg.engime.orguploaddownloadid38061

Кіріспе
 
Қазақстан
Республикасының 
әлеуметтік
-
экономикалық 
даму 
бағдарламасында қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану және 
тұрғындар денсаулығының мәселесі маңызды құрамды бөлік болып табылады. 
«Қазақстан
-
2030» стратегиясында «ҚР азаматтарының денсаулығы мен 
амандығы» ұзақ мерзімді маңызды сұрақтардың бірі. Онда тұрғындар өлімінің 
20 және одан да жоғары пайызының себебі республикадағы нашар 
экологиялық жағдай екені көрсетіледі. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи 
ресурстарды ұтымды пайдалану, Қазақстанның әртүрлі аймағында тұрып 
жатқан азаматтардың қауіпсіз өмір сүру жағдайына байланысты мәселелер 
өзекті болып қалады.
Қазіргі
заманғы өркениетке қауіп төніп тұр және антропогенді әсердің 
нәтижесінде пайда болған көптеген экологиялық мәселелерді шешуді талап 
етеді. Табиғи ресурстарды пайдалануда адамзат қоршаған ортаға кері зиянды 
әсерін тигізеді.
Бұнда қоршаған орта нысандарының сапасы ғана емес
адамның өмір сүру жағдайы мен денсаулығы да өзгереді.
Жер шарында ластаушы заттардың қандай да бір мөлшері кездеспейтін
жер жоқ. Олар басқа континенттен ауа ағымымен тасымалданады. Адам 
денсаулығы қоршаған орта мен әлеуметтік ортаның туындысы. Денсаулықты 
тәуелсіз, автономды деп қарастыра алмаймыз. Сондықтан қоршаған 
табиғаттың өзгеруі адам денсаулығының өзгеруіне бірден бір
себепші.
Қазақстан
 
Республикасы Конституциясының
 31-
бабында былай делінген: 
"
Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына колайлы айналадағы ортаны 
қорғауды мақсат етіп қояды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер 
төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға 
сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады".
Осының нәтижесінде республика 
азаматтарының өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған табиғи ортаны 
қорғау
мемлекеттің міндеті ретінде бекітілген.
Сонымен бірге республиканың 
әрбір азаматына табиғатты сақтау мен оның байлықтарына ұқыптылықпен 
карау міндет болып табылады. 
Қоршаған
орта пәні бойынша мемлекеттік тілдегі оқу құралдары қатарын 
арттырып, жаңа ақпараттармен толықтыру елеулі мәселенің шешімдерінің бірі. 
Оқу құралы студенттердің осы пән бойынша білімдерін жете меңгерулеріне 
мүмкіндік береді. Әр тақырыпқа берілген бақылау сұрақтары материалдың 
толық игерілуіне ықпал ете отырып, студенттердің өз бетінше білім 
денгейлерін тексеруіне қолайлы ықпал етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет